Жаналыктар

Ашық есік күні

“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” республикалық акция аясында “Ана мен бала денсаулығын сақтау” тақырыбында №8 қалалық емханада ашық есік күні өткізілді.

Дренаждық массаж

Дренаждық массаж-бұл ағзадан сұйықтықтың ағуын жақсартуға, лимфа және қанайналым жүйесінің жұмысын ынталандыруға бағытталған тиімді әдіс. Ол балалардағы тыныс алу органдарының аурулары, қан айналымының бұзылуы сияқты әртүрлі аурулардың алдын алу және емдеу және жалпы әл-ауқатты жақсарту үшін қолданылады. Жақында алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) студенттері мен медбикелеріне арналған мастер-класс пен тренинг дренажды массаж техникасымен танысуға және мамандарды […]

Жатыр мойнының патологиясы, кольпоскопия негіздері

№8 қалалық емхана гинеколог дәрігері Гүлмира Амралиева жақында Беларусияның Минск қаласындағы ауруханаға тәжірибе алмасу мақсатында барып келді. Білімі мен тәжірибесін бөлісу мақсатында “Жатыр мойнының патологиясы, кольпоскопия негіздері” тақырыбы бойынша медицина қызметкерлеріне семинар тренинг өткізді.

Вирусты гепатиттің алдын алу

№8 қалалық емхана СӨС дәрігері А. Брекешева №144 гимназия ата аналарына “Вирусты гепатиттің алдын алу” тақырыбында дәріс өткізді. Вирусты гепатиттің алғашқы белгілері, алдын-алу әдстері туралы толық айтып берді.

Денсаулық сабағын

№8 қалалық емхана дәрігерлері Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясында «Денсаулық сабағын» өткізді. «Денсаулық сабағы» барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, жеке басының тазалығы, қыс мезгілі кезінде аурулардың алдын-алу туралы мәлімет берілді. Сабақ соңында баланың ойын дамытатын психологиялық ойындар ойнатылды.

Аккредиттеу

Алматы қаласы “№8 қалалық емханасы” ШЖҚ КМК үш жыл мерзімге Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігіне бірінші санат бере отырып, аккредиттеуден сәтті өтті. Мұның бәрі пациентке бағытталған тиімді медициналық ұйымның қалыптасуына ықпал етеді. Бұл аккредиттеу қызметкерлерге үнемі өзін-өзі жетілдіруге, яғни көрсетілетін медициналық қызметтердің кәсіби дамуы мен қауіпсіздігіне және пациенттердің қанағаттануын қамтамасыз етеді.

Инфекцияның алдын алу

Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның алдын алу мақсатында ШЖҚ КМК №8 қалалық емханасында медицина қызметкерлерінің білімін арттыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін “Қолды жуу ережесі” тақырыбында медицина қызметкерлер арасында үнемі оқыту жүргізіледі. Бүгін– медициналық қызметкердің химиялық және биологиялық сұйықтықтарды төгу кезіндегі әрекеті, жеке қорғаныс құралдарын кию алгоритмі, жинау және кәдеге жарату бойынша “Сары код” тақырыбында […]

Онкологиялық ауру туралы

№8 қалалық емханасы қатерлі ісікті анықтауға «Қызыл қазан» науқанын өткізді және осыған орай емхана емделушілеріне арнайы дайындаған онколог-дәрігер Гүлнұр Башаровамен сұхбатымызды жариялап отырмыз. Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, көбінесе шетелге барып емделіп жатады. Ал біздің елде қазіргі уақытта осы ауру түрлерін емдеу қалай жүріп жатыр. Елімізде онкологиядық ауруды емдеудің жаңаша әдістәсілі тәуелсіздік жылдарында енгізіле бастады. Ертеректе, […]

Алматыда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде

Алматы қаласының медициналық ұйымдарында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру циклі басталды, оның шеңберінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізудің негізгі аспектілері талқыланады. Оқытуды ұйымдастырушы – С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін дамытуда маңызды қадам болып табылады. Бұл медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар медициналық көмектің […]

Алматыда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде

Алматы қаласының медициналық ұйымдарында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру циклі басталды, оның шеңберінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізудің негізгі аспектілері талқыланады. Оқытуды ұйымдастырушы – С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін дамытуда маңызды қадам болып табылады. Бұл медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар медициналық көмектің […]

АТЕРОСКЛЕРОЗ АПТАЛЫҒЫ

№8 Қалалық емханасының кардиолог дәрігері Мажанова Аруханым “Атеросклероз” тақырыбында медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмысын жүргізді. Атеросклероз — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций […]

СӨСҚ дәрігері

Отбасы күні мерекесі апталығына орай, №8 Қалалық емханасының СӨСҚ дәрігері Брекешева А. А және әлеуметтік қызметкер Рахымғазы Г. “Саналы бала тәрбиесі” тақырыбында емханаға келуші бүлдіршіндермен ойын сабағын өткізді. Шараның негізгі мақсаты баланың ой-толғамын жинақтау, ешқашан құны жоғалмайтын отбасылық құндылықтарды сурет салу арқылы насихаттау.

ТАЗАЛЫҚ – САУЛЫҚ НЕГІЗІ!

Бүгін, №8 Қалалық емхана қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында, №5 қалалық емханасы жіберген челлендж негізінде ғимарат маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» ұстанымындағы денсаулық сақтау мамандары баршаңызды тазалық сақтауға шақырады! Айта кетейік, тазалық акциясына №8 Қалалық емхана қызметкерлері жаппай сенбілік жұмыстарын шілде-тамыз айларында өткізіп келеді. Қазірдің өзінде 10-ға жуық […]

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы

№8 Қалалық емханасының акушер-гинекологы М.Жуманиязова №167 жалпы білім беру мектебінің 11-ші сынып оқушыларына “Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы” тақырыбнда әңгіме өткізді. №8 қалалық емхана құрылымдық бөлімше болып табылады, жастар мен жасөспірімдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты – денсаулықты сақтау, жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы 10-нан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен […]

Ашық есік

Бүгін №8 Қалалық емханасында атеросклероз және липидттер алмасуының бұзылуын ерте анықтау мақсатында “Ашық есік” күні өтті. Қабылдауға келген адамдарды кардиолог врач Мажанова Аруханым Тілекқызы қабылдады.

Конституция күні қарсаңында

Конституция күні қарсаңында №8 қалалық емхана қызметкерлері арасында сауалнама жүргізіп, бірнеше сұрағымызға жауап іздедік.

Бүгін №8 қалалық емханасының заңгері Мусаканова Райгүл емхана қызметкерлеріне заңгерлік кеңесін өткізді

Қызметкерлерді қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тұру, атаулы әлеуметтік көмек, денсаулық саласына қатысты сұрақтар қаралып, заң аясында түсініктемелер берілді. Қабылдалған азаматтардың мәселелері мен ұсыныстары толық қаралып, әрбір өтініш бақылауға алынды.

ҚР Конституция күні қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өтті

ҚР Конституция күнімен қатар келетін жылдағы дәстүрге сай емханада «Мектепке жол» акциясын өткіздік.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстар, Шымкент қ., Астана қ. Алматы қ (қоғамдық денсаулық) денсаулық сақтау басқармалары ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі-Қор) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы […]

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ АПТАЛЫҒЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ АПТАЛЫҒЫ. #8 Қалалық емханасының «Баланың дамуын бақылау » денсаулық мектебіне жауапты дәрігер Брекешева А. А, медицина қызметкерлер Куатбаева У. А,. Рахымгазы Г. Б,. Абдимукан А. А болашақ аналарға “Дүниежүзілік емізу апталығына” орай түсіндіру жұмысын жүргізді. Ана сүтінің құрамы артықшылығы түсіндірілді. Ана сүтін –ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Әрі стрильді, әрдайым жылы, […]

Дәрігер қорытындысы 10 күнге емес, енді 14 күнге жарайды

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай, диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Жаңа стандартқа сәйкес, стационарға жатқызылатын науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды. Жаңа стандарттың артықшылығын Алматының №8 емханасының эпидемиолог-дәрігері Мадина ТУАШЕВА тарқатып айтып берді. – Стационарға жатқызылатын науқастардың емі шұғыл және жоспарлы ем болып бөлінеді. […]

Аптап ыстықтан қалай сақтану керек, дәрігер не дейді?

Синоптиктер осы жаздағы ауа-райы 43 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтуда. Яғни алдағы уақытта аптап ыстық әдеттегідей қатты болмақ. Қалалық N8 емхана директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Байчулакова аптап кезінде әр адам, әсіресе күн ысыса денсаулығы сыр беретін кісілер сақтауға тиіс ережелерді айтып берді. Күн қатты ысығанда тіпті дені сау адамның демі тарылып, жүрегі […]

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі. Кім және қалай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ала алады? Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы. Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық […]

Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда

Nº8 қалалық емханасының урологы Баймаханов Р. «Репродуктивті денсаулық – адам өмірінің негізгі факторының бірі» тақырыбында студенттер арасында семинар-трениг өткізді. Аталмыш мекеменің мамандары ЖОО жастар орталығы, әлеуметтік қызметтер және білім бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, ауруханда ашық есік күндері өткізіліп, онда жасөспірімдер мен 29 жасқа дейінгі жастарға және репродуктивті жастағы тұрғындарға бейінді мамандар кеңес беріп, […]

24-30 маусым Репродуктивті денсаулық апталығы

Осы аптада халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға арналған іс-шаралар өткізіледі. Халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы хабардарлығын арттыру Салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу. Халықтың репродуктивті денсаулық саласындағы ақпаратқа және медициналық қызметтерге ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

№8 Қалалық емханасының педиатрия бөлімі

№8 Қалалық емханасының педиатрия бөлімі. Бөлімше меңгерушісі- Мұсабек Айжан Аманбекқызы, жоғары санатты дәрігер. Бөлімде 16 медицина қызметкерлері жұмыс жасайды, оның 6 дәрігер,10 медбике қызметкерлері. Бөлімшеде білікті де, білімді, өз ісінің майталман мамандары жұмыс жасайды.

№8 қалалық емханасының дәрігерлеріне тұрғындардан келген шынайы АЛҒЫСЫ

Мадина Туашева 1995 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Алматы қаласы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне жоғары баллмен грантқа оқуға түсіп, 2018 жылы оқуды үздік бітірген. Ен алғаш еңбек жолын 2018 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында №9 Қалалық емханасында дәрігер эпидемиолог болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған түрлі семинарларға қатысып, […]

4- МАУСЫМ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

“4- МАУСЫМ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ” орай өтетін “Мемлекеттік рәміздер- еліміздің мақтанышы ” іс-шара жоспарына сәйкес “Рәміздерім – менің мақтанышым!” тақырыбындағы медбикелер флешмоб биледі…

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті

Алматы қаласы №8 Қалалық емхана педиатрия бөлімшесінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. Бүгін балалар бөлімшесінде мерекелік көңіл-күй! Фойеде балаларды медицина қызметкерлері қарсы алды, түрлі-түсті шарлар, бояғыштар таратып, мерекемен құттықтады. Емханаға тіркелген мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар “Әлем менің көздеріммен” және “Мен және менің жанұям” атты асфальтқа сурет салу […]

Дүниежүзілік мейірбике күні

Халықаралық медбике күні Алматы қаласы №8 Қалалық емхана ұжымының ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында директор Жанар Жиенбаева орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, марапаттар табыс етті. Құттықтаймыз!

Ашық есік күні

Біздің емханада әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселелері бойынша кеңес беру үшін Ашық есік күні өтті. Іс – шара барысында тіркелген тұрғындар үшін отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультацияларды дәрігер-терапевт және акушер-гинеколог жүргізді. Қатысушыларға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша мамандар кеңес берді және денсаулықты нығайту үшін отбасы институтының рөлін арттыру қажет екендігіне үлкен мән берілді. Пациенттер өздерін толғандыратын барлық […]

Қант диабеті қандай дерт

ШЖҚ МКК “№8 Қалалық емханасында” қант диабетімен ауыратын науқастар үшін арналған “Қант диабеті қандай дерт? Ағзадағы глюкозаның рөлі, инсулиннің физиологиялық әсері” және тонометрді қолдану технологиясын түсіндіру бойынша СӨС дәрігері Жұмадуллаева Алмира түсіндірме жұмысын өткізді.

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампания аясында жалпықалалық акциясы өтті. Қаланы көгалдандыру мақсатында тұрғындар жаппай ағаш отырғызып, сенбілікке шықты. Игі іс-шараға #8 Қалалық емхана қызметкерлері де қатысып, қаланы жасыл желекке бөлеп, көркейтуге өз үлестерін қосты. Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Науқанның мақсаты […]

Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзіміне қаншалықты мән бересіз?

Жасыратыны жоқ, көбіміз бас ауырып, балтырымыз сыздай қалса, үйде қобдишада тұрған дәріні іше салуға асығамыз, мерзіміне қарап жатпаймыз. Себебі, дәл сол сәтте ауырып тұрған жерімізге шипасы тисе болды, соны ғана ойлаймыз. Ал негізінде, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттардың ағзаға зияны тиеді. Дәрілік заттардың құрамында химиялық қоспалар болады. Сондықтан сыртында көрсетілген уақыты аяқталғаннан кейін ол қауіпті […]

«Ынтымақ түбі береке» тақырыбында шығарма жазу шарасы өтті

№8 Қалалық емхана СӨСҚ дәрігері А.Н. Жұмадуллаева , психолог А.М. Бөлтекованың ұйымдастыруымен №144 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары арасында «Ынтымақ түбі береке» тақырыбында шығарма жазу шарасы өтті. Шараға қатысушы оқушыларға «ынтымақ, бірлік» сөздерінің терең мән-мағынасы түсіндірілді. Содан кейін оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Жалпы барлық оқушының шығармалары жоғары бағаға лайық болды. Соңында оқушылар өз ойлары […]

Бүгін Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жасады.

Президент көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін айтты. “Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы” – деп, барлық атқарушы органдарға шұғыл түрде тапсырма берді. Ел басына күн туғанда, күшімізді біріктіріп, бұл қиындықты жеңіп шығуға бар күшімізді салайық.

Ашық есік

№8 Қалалық емханада «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қатерлі ісік ауруынан сақтандырып, алдын алу. Таңғы сағат 09.00-ден бастап 12.00-ге дейін есігін айқара ашқан 10 тұрғын келіп, өз денсаулығын тегін тексертіп, мамандардан ақысыз ақыл-кеңес алып үлгерді. Оның 3 тұрғын осы ауруға шалдығуы мүмкін деп танылды. Бұдан басқа 7 адамнан басқа да түрлі аурулар […]

Ашық есік күні

“СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ”

№8 қалалық емхана қызметкерлерінің қатысуымен жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді. Емхана ғимаратының жаяу жүргіншілер жолақшасы, жасыл желектердің бұтақтары ретке келтірілді. Айналаға тазалық жұмыстары жүргізілді. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

2024 жылғы 08,09,10 және 21,22,23,24,25 Наурыз мереке күндері халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы

ТЕЛЕФОН: +7 (727) 374-10-67 +7 (727) 374-10-68 +7 (727) 374-10-69 +7 (727) 374-10-62

Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр

Биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялады. Бағдарлама бойынша бүгін – Жаңару күні. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастыру мақсатында, […]

Скринингтік және профилактикалық зерттеулер

Бүгін №8 Қалақы емханада халықтың нысаналы топтарына арналған скринингтік және профилактикалық зерттеулерді қамтыған ашық есік күні өтті. Науқанның мақсаты – әр адамды өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға, қан қысымын бақылап тұруға шақыру болды. Сондай-ақ, келушілер белгілі бір жастағы скринингтік тексеруден өтіп, қауіп факторы мен ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік алды. Дәрігерлер науқастардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби […]

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Кеше №8 қалалық емхана ұжымы тұрақты бақылауға алып жүрген өзге ұлт қарт әжейлердің үйіне барып, ерекше ілтипаттарын білдірді. Өз ризашылығын білдірген қарттарымыз ақ баталарын берді. Дегенмен, Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы […]

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

Мерекелік онкүндік Амал мерекесінен басталады, бұл күні жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсету, қонақ күту, мейраммен құттықтап, ізгі тілек жаудыру салты қалыптасқан. Амал мерекесінің мәні Наурызбен біте қайнасқан, себебі ол – Наурыздың алғашқы хабаршысы. Көктемнің алғашқы күні және алғыс айту күніне сәйкес №8 қалалық емхана ұжымы тұсау кесу рәсімін өткізді. Бала аяғын нық басып, […]

Ерте жыныстық өмір

Алматы қаласы №8 қалалық емхана психологы Бексейт Қ.Ғ және СӨС дәрігері А.Н.Жұмадуллаева №62 және №167 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен “Ерте жыныстық өмір” тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты-жасөспірім қыздардың салауатты өмір салтын насихаттау. Дәрігер жасөспірімдер арасындағы ерте қарым-қатынастың зияны мен салдары туралы айтып, барлық сұрақтарға өзара сенімді және түсінікті жауап берді. Сонымен қатар, қыздардың […]

Аяулы арулар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздер әр шаңыраққа шаттық сыйлап қана қоймай, еліміздің дамуына, мемлекетіміздің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Бүгінде қыз-келіншектер қауымы барлық салада жемісті еңбек етуде. Өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңіз, терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз – ұрпаққа үлгі. Айдай әсем, күндей көркем қалыптарыңыздан айнымай, айналаға сәуле шашып жүре беріңіздер!

8 наурыз мерекесімен құттықтау

Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтеді

Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтеді. Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды. Алматы қаласының №8 қалалық емханасы барша қазақстандықтарға және де емхана тіркелушілеріне АЛҒЫС айтады! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Маска кию

Маска кию – өзімізді және айналамыздағы адамдарды қорғау үшін қабылдай алатын қарапайым және тиімді шара. Бұл қоғамның денсаулығына және жұқпалы аурулармен күресуге қосқан маңызды үлесі.

Темекіге қарсы кабинетінде

«Темекіге қарсы кабинетінде» СӨСҚ дәрігері Жұмадуллаева А. Н., психолог мамандар Болтека А. М. ,Бексеит Қ.Ғ., әлеуметтік қызметкер Муратова А. А. пацианттер арасында кезекті сабағын өткізді. Сабақ барысында адам ағзасына темекінің зияны туралы профилактикалық әңгіме және емхананың темекі шегетін және темекі шекпейтін пациенттері арасында әлеуметтік эксперимент жүргізілді. Экспериментті нәтижесінде адамдардың көпшілігі салауатты өмір салтын ұстануға тырысатынын, […]

Жүкті әйелдің тамақтануы

«Босануға дайындық» мектебінде СӨСҚ дәрігері А. Н. Жұмадуллаева “Жүкті әйелдің тамақтануы”, ал психолог Бексеит.Қ.Ғ. “Жүкті әйелдің көңіл-күйі ұрықтың жақсы дамуына әсері” атты тақырыптарда кезекті сабақтарын өткізді. Сабақ соңында жүкті әйелдердің күйзелісін жеңілдету үшін қатысушылар арасында сурет салу арт-терапиясын өткізді.

Қант диабеті

15 ақпан айында денсаулық мектебінде қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған “Қант диабеті”тақырыбында кезекті сабақ өтті. Дәрігер инсулин түрлері, оларды қолдану және енгізу ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтсақ,Алматы қаласындағы №8 қалалық емханада қант диабеті мектебі жұмыс істейді. Қант диабеті мектебі – қант диабетімен ауратын адамдарды өзін-өзі басқару, нақты өмір сүру жағдайына жүргізілетін емге бейімделу […]

Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді үгіп, уқалап, қыздыруға болмайды

Онкология – гректің «қатерлі ісік және ілім» деген ұғымын білдіреді. Обыр жасушасы тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды немесе балалайды. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижелі болуына, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік […]

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні 2005 жылдан бастап 4 ақпанда атап өтіледі. Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақ ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы белсенді түрде қолдайды. Атаулы күге орай, №8 қалалық емханада осы күнге орайластырылған “Ашық есік күнін” өткізді. Ниет білдірушілер онколог, онкохирургтың қарауынан өте алады. Бұл күні онколог дәрігер 12 […]

Халыққа арналған Ашық есік күні!

2024 жылдың 02 ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған шаралар аясында, №8 қалалық емханада халық үшін бірыңғай Ашық есік күні өткізіледі. Кез келген адам онкологтардан тегін кеңес ала алады. Онколог дәрігер Садирова Зура Серікқызы 101/6 кабинетте қабылдау жүргізеді. Күні мен уақыты: 02.02.2024 ж., 09:00-13:00 дейін. Мекен-жайы: «№8 қалалық емхана», Түркебаев көшесі.,40. 101/6 […]

Босануға дайындық

Отбасын жоспарлау мектебінде “Босануға дайындық” атты сабақ өтті, сабақты №8 қалалық емхана гинеколог дәрігері .Жуманиязова М.А. өткізді. Сабақ барысында дәрігер жүктілік кезінде өзін жайлы сезіну үшін және босануға сенімді болып келу үшін болашақ ана білуі тиісті жағдайлар туралы айтты. Сабақта теориялық біліммен қатар, тәжірибелік дағдылар да айтылады. Болашақ аналар жүктіліктің кезеңдері туралы білетін болады. Назар […]

Рационалды тамақтану-денсаулық кепілі

Оқушылардың тамақтануы-балалар мен жасөспірімдерді сауықтырудың маңызды факторларының бірі. Дұрыс тамақтану-бұл олардың денсаулығын, соның ішінде жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға төзімділігін қамтамасыз етудің қажетті шарты. №8 қалалық емхана СӨС дәрігері А. Жұмадоллаева осы тақытыпта балалармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді, онда тиімді және дұрыс тамақтану туралы әңгімелейді. Бұл жолы дәріс №167ЖББ мектепте өтті. “Менің міндетім – дұрыс […]

Мастер-класс

Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың “Баланы дамыту бөлмесінің” мейірбикесі Куатбаева У.А және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттермен бірге емшекпен емізу кезінде үстеме тамақ беру ережесі туралы ата-аналар және мейірбикелермен сабақ өткізді. “Алғашқы үстеме тағам – маңызды кезең, бұл баланың өз бетімен алғашқы қадамы. Біз қандай азық-түлікті пайдалану және қанша мөлшерде беру керектігі туралы айтып, көрсетеміз. […]

НЕ СЕБЕПТІ БЕЙІНДІ МАМАНҒА ТЕРАПЕВТ АРҚЫЛЫ БАРУЫМ КЕРЕК?

Учаскелік дәрігердің әрбір қабылдауы жеке төленеді. Сондықтан емханалар үшін пациентті бейінді мамандарға терапевт арқылы жолдау арқылы бағытын күрделендіру пайдалы деген пікір бар. Бұл олай емес. Учаскелік дәрігерлердің, соның ішінде терапевтің қабылдауы мен кеңес беруі бір адамға айына базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілген. Бұл учаскелік дәрігерлердің қабылдауларының саны емханалардың қаржыландырылуына ешбір әсер етпейтінін білдіреді. […]

Босануға дайындық мектебі

Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және нәрестенің туу процесінен қорықпауы үшін №8 қалалық емханасында «Босануға дайындық мектебі» жұмыс істейді. Болашақ аналардың босануға дайындығы оларға босану процесіне де, болашақ анаға да сапалы дайындалуға мүмкіндік береді. Акушер-гинеколог Гүлмира Ыдырысовна және нұсқаушысы мамандар жүкті әйелдермен кезекті сабақ өткізді. Біздің аналар жаңа, қызықты ақпаратты біліп, сіңірді!

Жасөспірімдердің жеке гигиенасы

Профессор Б. Аманжолова мен Әзірбайжан Тәжікстан студенттері “Жасөспірімдердің жеке гигиенасы” тақырыбында”№144 ЖББМ “11 сынып оқушыларына дәріс өткізді

АЛМАТЫ ӘКІМДІГІ 55 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН САТЫП АЛДЫ

АЛМАТЫ ӘКІМДІГІ 55 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН САТЫП АЛДЫ

ҚЫЗЫЛША ЖӘНЕ ОДАН ҚОРҒАНУ ШАРАЛАРЫ

Қалада қызылшаға карсы 2 – 4 жас аралығындағы балаларға қосымша иммундау жалғасып жатыр Екпе алу үшін емхананың учаскелік дәрігерге алдын ала жазылусыз хабарласуыңызды сураймыз.

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады

2024 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Бұл соғыс ардагерлерінің мерекесі, сондай-ақ сол соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алу және қайғыру күні. Ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтарының бірі болды және болып қала береді. «Ауған жауынгері», «интернационалист- жауынгер» мәртебелері 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан […]

Ерте жүктіліктің алдын алу

24.01.2024 жылы “№ 109 ЖББМ ” КММ қыздар үшін №8 қалалық емхана акушер – гинекологы Жұманиязова Махаббат Амангелдиевна жеке жұмыс жоспарына сәйкес “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты-ерте жүктілік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, жасөспірімдерде салауатты өмір салты дағдыларын дамыту және дамыту. Келесі сұрақтар қарастырылды: ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктілік неге […]

16 желтоқсан

16 желтоқсан – қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Мереке қарсаңында, бүгін № […]

2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?

Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 2% төлейді 25 500 теңгеден аспайды Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2% төлейді 17 000 теңгеден аспайды салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 4250 теңге Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни […]

Желтоқсан оқиғасына қатысушылар арасында Ашық есік күні

Бүгін №8 қалалық емханасы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен әлеуметтік осал топтары арасында ашық есік күнін өткізді. Негізгі мақсат –халықтың салауатты өмір салты мен денсаулығын жақсарту. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мамандар Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен әлеуметтік осал топтарына салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын түсіндіріп, медициналық көмектер көрсетті. «Бүгін емханаға келген азаматшаларға асқазан обыры мен […]

6 желтоқсан 2023 жылы «№8 қалалық емхана» ұжымының атынан емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Байчулакова Г.Т.

6 желтоқсан 2023 жылы «№8 қалалық емхана» ұжымының атынан емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Байчулакова Г.Т. және «Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» бөлімінің меңгерушісі Садирова З.С. Желтоқсан оқиғасының қатысушыларын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары емхананың «Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде» профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Тәуелсіздігіміз […]

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін Ашық есік күні

Ашық есік күні

№8 қалалық емханада Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күніне орай “Ашық есік күнін” өткізді. Емханалық бөлімшеге келушілерге ақпараттық материалдар тарата отырып, есірткі патологиясының алдын алу және АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. Сондай-ақ, ерікті түрде АИТВ-ға ақысыз анонимді жедел тест тапсыра алады.

Дүниежүзілік Мүгедектер күніне арналған Ашық есік күні.

Халықаралық мүгедектер күні аясында №8 қалалық емхана “Ашық есік күнін”өткізді. Сонымен қатар, эндокренолог- Е. М. Батырканова, кардиолог – А.С. Жақсыбай мүмкіндігі шектеулі адамдарға қабылдау ұйымдастырды. Қабылдауда 37 адам болды. Жүрек тұсының қатты ауырсыну кезінде, қан қысымының жоғарылауы кезінде және т. б. алғашқы шұғыл көмек көрсету туралы жадынамалар таратылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз не?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз – адамның отбасындағы немесе жақын қарым-қатынастағы адамдар тарапынан физикалық, эмоционалдық немесе психологиялық зорлық көруі. Бұл физикалық соққылар, қорқытулар, азаптау, қорлау, бақылаудан шығармау, оқшаулау және т.б. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса да үнсіздік танытатын, әділдік іздеудің орнына жасыратын адамдарға Бұл қалыпты жағдай емес екенін түсіндіріуіміз керек! Себебі, көбісі жақсылыққа үміт артып, қорлыққа шыдайды. Әрбір соққы […]

ЖРВИ алдын алу

Школьными медсестрами Аламалинского района была проведена беседа с учащимися о профилактике ОРВИ, гриппа и кори. С учащимися разбирались вопросы, как защитить себя и окружающих от ОРВИ, гриппа и кори. Обсудили важные меры предосторожности и методы профилактики. Спасибо всем, кто присоединился! Давайте вместе заботиться о своем здоровье и здоровье окружающих.

БАЛАЛАРДАҒЫ БИТШЕҢДІК (ПЕДИКУЛЕЗ): АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ЕМІ

Битшеңдік (педикулез) – адам биттерді жұқтыру арқылы пайда болатын паразитарлық ауру. Биттер – адамның мазасын алып, шыдамын тауысатын, психикасына әсер ететін ұсақ жәндіктер. Аурудың негізгі белгілері: зақымданған дене қышиды, қасынған сайын сол орын тері ауруына (дерматитке) айналады. Сондай-ақ, биттер әртүрлі инфекциялық аурулардың тасымалдаушысы болып табылады, оның бір түрі – бөртпе сүзегі. Көптеген адамдар битшеңдікті (педикулезді) […]

Ашық есік күні

27 қазанда Алматы қаласының «№ 8 қалалық емханасында» Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті. Науқастарды алдын-ала жазылусыз невропатолог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлер және профилактикалық бөлімнің медицина қызметкерлері қабылдады. Қалауы бойынша пациенттер антропометриялық мәліметтерін (бойы, салмағы, дене салмағының индексі) өлшеп, қандағы глюкоза деңгейі мен қан қысымын анықтап, кешенді […]

“Электрондық темекі мен калянның зияны” тақырыбында дәріс

Қазіргі қоғамда вейпинг халықтың әртүрлі топтары, соның ішінде әйелдер, жасөспірімдер, тіпті балалар арасында кең таралған әдет болып табылады. Вейпинг – электронды темекілерді, яғни ингаляторларды пайдалану арқылы темекі шегу. № 58 жалпы білім беретін мектепте 14 қараша күні 9 сынып оқушылары арасында “Электрондық темекі  мен калянның зияны ” тақырыбында №8 қалалық емхана СӨСҚ дәрігері Жумадуллаева Альмира […]

17 қараша – Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күні

Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпенің ауруларына қарсы күрес күні (СОӨА) жыл сайын қараша айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. СОӨА – бұл асқынуға және ауыр ауруға бейім, ентігуді (бастапқыда денеге жүктеме түскен кезде) тудыратын, үдемелі, өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы. ДДҰ бағалауы бойынша, созылмалы обструктивті өкпе ауруымен 210 миллион адам зардап шегеді екен. СОӨА […]

Сізді Денсаулық мектептеріне келуге шақырамыз!

Құрметті пациенттер! Сіздерді Денсаулық мектептерінде өтілетін дәрістерге қатысуға шақырамыз. Мектептің мақсаты: созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму себептері мен механизмдері туралы түсінік алу. Сабақтар Алматы қаласының «№ 8 қалалық емханасы» базасында 101/7 кабинетте өтеді. Біз Сізді күтеміз! Денсаулық мектептері Өтетін күні мен уақыты Инсульттың алдын алу мектебі Апта сайын дүйсенбі 11.00-12.10с. Қант диабеті мектебі Апта сайын […]

14 қараша – Дүниежүзілік диабетпен күресу күні.

Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл аурудың бастапқы кезеңдері іс жүзінде асимптоматикалық болып табылады. Яғни адам ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді. Ал оны анықтаудың жалғыз жолы – қан глюкозасының деңгейін анықтау. Қант диабетімен ауыратын науқастарда инфаркт, инсульт қаупі артады. Қант диабетінің белгілері: шөлдеу (науқас тәулігіне […]

«Балалардағы қызылша. Қызылшаның алдын алу» және «Балалардағы тұмау. Тұмаудың алдын алу»

Жетісу ауданындағы №66 және Алмалы ауданындағы №58, №167 мектептер базасында орта білім беру ұйымдарының дәрігері Либенко В.Н. және мектеп медбикелері Копышева. Б.Н., Әріпжанова А.М., Байдулла Т.Ғ. мектеп оқушыларының ата-аналарымен «Балалардағы қызылша. Қызылшаның алдын алу» және «Балалардағы тұмау. Тұмаудың алдын алу» тақырыптарында сауықтыру жұмыстарын жүргізді. Материал науқас балалардың фотосуреттерін пайдалана отырып, презентация түрінде ұсынылды. Инфекция қаупі, […]

25 қазан – Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күні

Дүние жүзінде алкоголь денсаулық сақтау саласындағы басты үш басым мәселелердің бірі болып табылады. Алкогольді тұтыну 200-ден астам аурулар мен денсаулық проблемаларына себеп болады. Алайда, ішімдікке байланысты өлім-жітімнің басым үлесі созылмалы аурулардан – бауыр циррозы, қатерлі ісік және жүрек-қан тамырлары аурулары және өткір себептерден болатын өлім-жітім – абайсызда және қасақана жарақаттанудан болады. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары […]

25 қазан – Қазақстан Республикасы күні

Еліміз үшін Қазақстан тарихындағы бұл ең маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің азаттығына алғышарттар жасалған болатын. Республика күнін мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емханасы» МКК-де салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шараны емхана директоры Жиенбаева Ж.Б құттықтау сөзімен ашты. Емхана […]

СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ «ДӘЛ ҚАЗІР ТЕКСЕРІЛ!»: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ ТУРАЛЫ ЖАН-ЖАҚТЫ АҚПАРАТ БЕРЕТІН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр. Әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады. Маммография және самопальпация секілді медициналық тексерулер сүт […]

Жүктілік және тұмау

Жүкті әйел мен нәресте үшін тұмау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тұмау жұқтырған жүкті әйелдерде пневмония және мерзімінен бұрын босану сияқты асқынулардың даму қаупі жоғары. Одан бөлек, түсік тастау немесе нәрестенің аз салмақпен салмақпен туылу қаупін де арттырады. Сонымен қатар, тұмау дене қызуын жоғарылатады. Ол дамып келе жатқан ұрық үшін өте қауіпті. Жоғары температура ұрықтың ақауларына […]

Мектеп оқушысының ұйқы режимі қандай болуы керек?

Мектеп оқушысының ұйқы режимі тұрақты және өз жасына сай болуы керек. Ұсыныстар: 6 жастан 13 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына күніне 9 сағаттан 11 сағатқа дейін ұйықтау ұсынылады. 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары күніне 8-10 сағат ұйықтау ұсынылады. Мектеп оқушылары күн сайын, демалыс күндерін қоса алғанда, бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуы керек. Ұйықтар […]

Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні қарсаңында біз тұрғындарымыз үшін ашық кеңестер жүргіздік. 27 қыркүйекте Алматы қаласы ҚДСБ № 8 Қалалық емханасында қарт адамдар үшін Ашық есік күні өтті. Келушілерге невропатолог, кардиолог, хирург, офтальмолог, уролог дәрігерлері сияқты арнайы мамандарының консультациялары, сондай-ақ қан қысымын өлшеу, ЭКГ, қан мен несептің жалпы талдауы, қандағы қант пен холестеринді жедел зерттеу, көз қысымын […]

Тұмауға қарсы егу науқаны басталды

Қыркүйектің 25-інен бастап №8 қалалық емханада тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Халықты иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 7500 дозасы алынды. «Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген және құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар. Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз […]

Алматының бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасы қойылып басталды

Қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы міндетті науқан басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, мегаполисте мектепке 25 мыңнан астам бала барады. Алматы дәрігерлері бірінші сынып оқушыларының ата-аналарынан туберкулезге қарсы іс-шараларға жәрдемдесуді сұрайды. Манту сынамасы адамда туберкулез инфекциясының болуын анықтау үшін жасалады. Бұл ауруды ерте анықтап, уақтылы емдеуді бастау үшін маңызды медициналық сынақ. Манту сонымен […]

Туберкулездің диагностикасы: Манту сынағы немесе диаскинтест

Манту сынағы кез-келген медициналық тестілеу сияқты белгілі бір аурудың – яғни, туберкулездің бар-жоғын анықтауға арналған. Манту сынамасынан бас тарту ауруды ерте анықтау мүмкіндігін жіберіп алуы мүмкін, бұл оның өршуіне және асқынуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, Манту сынағы балабақшалар мен мектептер сияқты балалар мекемелеріне баратын балалар үшін міндетті медициналық тексеру болып табылады. Сондықтан, Манту сынамасынан бас […]

Омырау сүтімен емізу сізді қатерлі ісіктен құтқаруы мүмкін

Алматы қалалық №8 емхана дәрігерінің айтуынша, емізудің ана мен бала денсаулығына тигізер пайдасы көп. «Омырау сүтімен емізу әйелдің эстроген гармонының деңгейін төмендетеді. Бұл сүт безі мен аналық без обырының даму қаупін азайтады. Сүйектерді нығайтуға және болашақта остеопороз қаупін азайтуға көмектеседі. Емізулі әйелдерде 2 типті қант диабетінің даму қаупі төмендейді. Нәрестені омырау сүтімен емізсе әйел босанғаннан […]

Жаңа туған нәрестеге патронаж жүргізу.

Жаңа туған нәрестеге патронаждық күтім көрсету. Баланың денсаулығы үшін өте маңызды, әсіресе өмірінің алғашқы айларында үлкен күтім қажет. Мейірбике келген кезде үйде болған абзал, себебі ол медицина қызметкеріне баланы бақылауға, денсаулығындағы кез келген проблемаларды немесе өзгерістерді анықтауға және қысқа мерзімде тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда ата-аналарға емхана қызметкерлерінен кеңестер мен […]

Неліктен кариесті емдеуді кейінге қалдыруға болмайды?

Кариесті емдеуді кейінге қалдыруға болмайды, себебі бұл тістің бұзылуына және дененің басқа бөліктеріне таралуы мүмкін инфекцияларға әкелуі мүмкін. Кариесті ерте кезеңде емдеу асқынған кариесі бар тістерді емдеуге қарағанда оңайырақ. Сондықтан, кариестің алдын алу және уақтылы анықтау үшін стоматологқа жүйелі түрде қаралу маңызды. Емдеу зақымдалған тіндерді алып тастауды және қуысты пломбамен толтыруды қамтуы мүмкін. Егер кариес […]

Прегравидальды дайындық

Прегравидальды дайындық-бұл әйелді жүктілікке дайындау процесі. Ол болашақ ана мен баланың денсаулығын оңтайландыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды. Мұндай іс-шараларға мыналар жатады: Жүктілікке әсер етуі мүмкін ауруларды анықтау үшін гинекологтың және басқа мамандардың қарап-тексеруі. Жүктілік кезінде нәрестеге берілуі мүмкін инфекциялар мен вирустарға тест жүргізу. Баланың сау дамуы үшін барлық қажетті дәрумендер мен минералдардан тұратын оңтайлы тамақтануды […]

Онкологиялық аурулар скринингі

Онкологиялық аурулар скринингі – бұл аурудың белгілері жоқ адамдарда онкологияның ерте белгілерін анықтау үшін сынақтар мен тексерулерді қамтитын процесс. Скрининг онкологиялық ауруларды ертерек анықтауға көмектеседі, сол кезде олар жеңіл емделеді және толық айығу мүмкіндігі жоғары болады. Онкологиялық аурулар скринингінің мысалдары мыналарды қамтиды: Сүт безі обырын анықтауға арналған маммография Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігін […]

Онкологиялық аурулар

Кейбір онкологиялық аурулар ерте кезеңдерде симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ кейінгі кезеңдерде келесі белгілер мен симптомдар пайда болуы мүмкін: Шаршау және әлсіздік Себепсіз салмақ жоғалту Ісік аймағында немесе дененің басқа бөліктерінде ауырсыну Терідегі меңдердің немесе басқа түзілімдердің түсінің, пішінінің немесе көлемінің өзгеруі Кетпейтін жөтел немесе дауыстың өзгеруі Етеккірдің дұрыс емес циклі немесе жыныс мүшелерінен қан кету […]

Неліктен дәрігерге дейінгі кабинетке бару керек?

Біздің емханада бұл 116 кабинетте орналасқан. Дәрігерге дейінгі кабинет – алғашқы медициналық тексерулер мен консультациялар жүргізілетін медициналық кабинет. Дәрігерге дейінгі кабинетте науқастарды жалпы тексеруден өткізетін, қан қысымын, жүрек соғысын, дене қызуын өлшейтін, ауру анамнезін алатын және қосымша тексеруге немесе маман дәрігердің кеңесіне жолдама беретін медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Дәрігерге дейінгі кабинет дансаулық сақтаудың алғашқы әрі […]

Екпе салу кабинеті

№ 8 Қалалық емхананың балаларды егу кабинеті ғимараттың екінші қабатында № 206 кабинетте орналасқан. 8.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Профилактикалық екпелер ағзаны инфекциялық аурулардан қорғау үшін қажет. Олар белгілі бір ауруларға иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі, бұл олардың алдын алуға немесе ауру ағымын жеңілдетеді. Вакцинация өмірді сақтап қана қоймайды, сонымен қатар алдын алуға болатын ауруларды емдеу үшін кетіретін […]

еOtinish сервисі арқылы қалай өтініш беруге болады

eOtinish сервисі арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беріп, шағым түсіруге болады. Бұл ТКШ, абаттандыру, заңсыз құрылыс, кәсіпкерлік, құқықтарды қорғау және т.б. мәселеге арналған бірыңғай платформа. Электрондық жүйе мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға арналған. Порталда мемлекеттік органдағы өтініштің қай сатыда екенін бақылауға болады. Өтінішті қарастыру бастан-аяқ жүйеде сақталады, өтініш беруші өзінің өтініші бойынша бұрын қабылданған […]

Аппендицит пен ішек инфекциясының симптомдары

Аппендицит пен ішек инфекциясының симптомдары қабаттасуы мүмкін, бірақ оларды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін бірнеше белгілер бар: Ауырсыну: аппендицит кезінде ауырсыну әдетте іштің төменгі оң жақ бөлігінен басталады және уақыт өте келе күшейе береді. Ішек инфекциясы кезінде ауырсыну іштің аймағына таралуы мүмкін. Дене температурасы: аппендицит кезінде дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі байқалады, ал […]