Жыл сайын 17 мамыр күні Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні атап өтіледі

Жыл сайын 17 мамыр күні Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн артериялық қан қысымының алдын алу мен бақылаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Гипертония туралы ақпараттандыру айлығы аясында №8 қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында келушілер артериялық қан қысымын тегін өлшетіп, мамандардан кеңес алып, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша ұсыныстар алды.