Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай №8 қалалық емхананың педиатр мен невропатолог дәрігерлері ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың үйіне барып, медициналық тексеру жүргізіп, қажетті кеңестер берді. Сонымен қатар балалардың денсаулық жағдайы бағаланып, ата-аналарға күтім жасау мен оңалту бойынша ұсынымдар түсіндірілді.

Іс-шара барысында дәрігерлер балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мейірім мен қамқорлықтың маңызын көрсетті. Әрбір балаға ерекше назар аударылып, олардың жүзіндегі қуаныш – біз үшін үлкен бақыт.

Әр баланың жүрегіне жылулық сыйлау – біздің міндетіміз. Осындай игі шаралардың жүзеге асуына қолдау көрсеткен барша әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз! Балалардың денсаулығы мен бақытты балалығы – қоғамымыздың басты құндылығы.