Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл тұрғындар денсаулығын жақсарту саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.
Осы жүйе барысында №8 қалалық емхананың қызмет аумағына қарасты «Жұлдыз» сауда орталығында халыққа МӘМС жүйесіне қатысушы қандай медициналық қызмет түрлерін ала алатындығы, мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыруға кім үшін жарна төлейтіні, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар мен жарналар жинау қалай жүргізіледі, МӘМС жағдайында медициналық қызмет сапасын бағалау қалай жүзеге асырылады деген сияқты сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру шаралары жүргізілді.
Құрметті алматылықтар!
2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді.
Сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі. Біздің еліміздің болашағы Сіздің дауысыңызға байланысты.
Өзіңізді және жақындарыңызды сайлаушылар тізімінен дәл қазір тексеріп көріңіз! Бұл мүмкіндік туралы өзгелерге айтып беріңіз!
Өту үшін сілтеме: https://www.almaty.gov.kz
Сау болу – сәнді!
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Осыған орай салауатты өмір салтын насихаттау барысында №8 Қалалық емханада «Ашық есік» күні өтті.
Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8 – 10% – ын ғана құрайды.
Көптеген басқа факторлар яғни экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез – құлық әдеттері, тамақтану мәдениеті, тұқымқуалаушылық және адамдардың өзіне, өз денсаулықтарына қарым – қатынасы арқылы қалыптасады.
Осыған орай біздің мақсатымыз аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі денсаулық үшін пайдалы екендігін халыққа жеткізу және хабардар ету.
Бейімді денсаулық мектептерінде ата – аналарға, жасөспірімдерге, жастарға, егде адамдарға дене белсенділігінің қандай артықшылығы бар, дұрыс тамақтану сияқты сұрақтарға кеңестер берілді. Ашық есік күні «Өмір – қозғалыс» флешмобымен аяқталды.
Хабарландырулар Ашық есік күні!
Құрметті тұрғындар!
04.04.2019 ж. Денсаулық күніне орайластырылып невропатолог, гинеколог, диетолог, кардиолог, ревматолог және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің педиатр, пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, Қазақ-Ресей медициналық университетінің балалар невропатологы мамандарының қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі.
Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК
- Жалпы тәжірибелік дәрігер кабинет №101/1
- Кардиолог кабинет №429/2
- Невропатолог кабинет №418
- Балалар невропатолог кабинет №101/7
- Гинеколог кабинет №101/8
- Педиатр, диетолог кабинет №106
- Пульмонолог кабинет №429/3
- Ревматолог кабинет №429/1
Өткізу күні: 04.04.2019.ж.
Өткізу уақыты: сағат 10.00 – 14.00-ге дейін
«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»
Өз сөзінде Мемлекет бас¬шысы Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне өткенін ерекше атап өтті. Ел Президенті алдағы 10 жыл мемлекетіміздің дамыған 30 ел қатарына қосылуы үшін шешуші кезеңге айналатынын баса айтты.
Біздің басты басымдығы¬мыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстан¬ды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту. Елбасымыз азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі негізгі үш бағыт бойынша, яғни, табысы аз халықты қолдау; табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту; өңірлерді кешенді дамыту бойынша жүзеге асырылатын нақты мақсаттар мен жобалар белгіленгенін атап өтті.
Осыған орай 19.03.2019ж. Алмалы аудандық «Nur Otan» партиясы өкілдері мен Алматы қаласының №8 Қалалық емхана қызметкерлері «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын талқылады. Жиынды «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы ашып, жүргізді және өткен 20 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін айтып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Nur Otan» партиясының рөлі ерекше екенін атап өтті.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастардың әлеуетін дамыту, жастар арасында патриоттық деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделгенін атап өтті. «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы баяндама жасап, көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан қандай көмек алуға болатынын және ол үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне құжаттарды қалай рәсімдеу керек екені жайлы ақпарат берді. Жиын соңында қызметкерлерден сұрақтар қойылып, сәйкесінше жауаптар берілді.
«Жүрегіңе қамқор бол!» Ашық есік күні
Құрметті тұрғындар!
14.03.2019ж. Жоғары санаттағы дәрігер кардиолог А.Б. Менлибаеваның қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында барлық тұрғындар дәрігер кардиолог кеңесін ала алады, қан қысымын және қандағы холестеринді өлшей алады.
Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК №106 кабинет.
Өткізу күні: 14.03.2019.ж.
Өткізу уақыты: сағат 09.00 – 12.00-ге дейін.
«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» СЕМИНАРЫ
“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында 06.03.2019 ж. Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» туралы «Цифрлық сауаттылықты арттыру» атты ақпаратты-танымдық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін пайдалана отырып жеңіл алуға болатындығын түсіндіру.
Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Суранчиев Бақытжан мырза мен Муртазин Саян мырза семинар барысында емхана қызметкерлері мен емделушілердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кейбір емделушілердің анықтама қағаздарын E-gov электронды порталы арқылы шығарып, тәжірибе жүзінде көрсетті.
Хабарландыру Ашық есік күні!
Құрметті тұрғындар!
06.03.2019ж. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға арналған дәрігер хирург, гинеколог, репродуктолог, диетолог, кардиолог және С.Д. Асендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, ревматолог, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің невропатолог, эндокринолог мамандары қатысауымен ашық есік күні өткізіледі.
Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК
- Жалпы тәжірибелік дәрігер кабинет №101/1;
- Кардиолог кабинет №101/4;
- Хирург кабинет №101/6;
- Невропатолог, эндокринолог кабинет №101/7;
- Гинеколог, репродуктолог кабинет №101/8;
- Пульмонолог, ревматолог, диетолог №106;
- СӨС маманы, психолог кабинет №100.
Өткізу күні: 06.03.2019.ж.
Өткізу уақыты: сағат 10.00 – 14.00-ге дейін
«Наурыз» мерекесі қарсаңында «Ашық есік күні» акциясы
Құрметті тұрғындар!
19.03.2013 «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған хирург, уролог, гинеколог, диетолог және Д.С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, ревматолог, педиатр, балалар хирург мамандарының қатысуымен ашық есік күні өткізіледі
Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК
1 қабатта:
- Жалпы тәжірибелік дәрігер, СӨС маманы, психолог №101/1;
- Балалар хирургы кабинет №101/6;
- Невропатолог кабинет №101/7;
- Гинеколог кабинет №101/8;
- Педиатр, диетолог №106;
3 қабатта:
- Уролог кабинет №300;
- Үлкендер хирургы кабинет №306;
4 қабатта:
- Пульмонолог, ревматолог №429/3
Өткізу күні: 19.03.2019.ж.
Өткізу уақыты: сағат 09.00 – 13.00-ге дейін
Пациенттердің құқықтары
Пациент құқылы:
- диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
- қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;
- дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға және медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;
- отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;
- медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;
- өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады;
- Көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділігі ескеріле отырып, пациенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар;
- Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады;
- Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар;
- Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі;
- Егер медициналық апараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады;
- Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар;
- Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
- Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар;
- Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.
Пациенттердің міндеттері:
Пациент міндетті:
- өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
- өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
- медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
- диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
- диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге;
- емхананың қолданыстағы режимін, ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
- медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;
- өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті;
- Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті;
- Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттілікте болады;
- “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;
- басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
- медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.
Анықтама: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша Жол картаның шеңберінде Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК Медициналық ақпараттық жүйеге өтуді жүзеге асырмақ. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижелілігін арттыруға және халықтың медициналық…
(more…)
Менингококты инфекцияны алдын-алу
21 – ші мамыр күні №58, 167, 67 орта білім беру мектептерінде №8 қалалық емхана мектеп мейірбикесі жалпы медицина факультеті 4 курс, 047к – 1,2 топттарының студенттерімен қазіргі «Менингококкті инфекцияның» таралуына байланысты оқушылар арсында тексеру жасап, инфекцияның клиникасын түсіндіріп, сақтану…
(more…)
Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара
2018 жылғы 04 мамырда Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай Алмалы ауданының медициналық ұйымдары Қалалық кардиологиялық орталық және №8 Қалалық емхананың базасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін салтанатты іс-шара ұйымдастырды…
(more…)
Вакциналар Сізді және айналаңыздағы адамдарды қауіпті аурулардан қорғау үшін жұмыс істейді!
2018 жылғы 23 сәуірден бастап 29 сәуір аралығында өткізілген Бүкіләлемдік иммундау апталығында Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК мектеп мейірбикелері №62, 74, 167 білім беретін мектептерінің оқушылары арасында вакцина егу арқылы белсенді түрде иммундық профилактика жүргізді.
Вакцинация ең жақсы қорғаныс!
Еуропалық иммундау апталығының шеңберінде мектеп мейірбикесі «Вакцинация ең жақсы қорғаныс!» тақырыбында №75 мектеп оқушыларымен оқыту семинарын өткізді, балаларға анимациялық танымдық бейнероликтер көрсетілді.
Қызметкерлерге арналған семинар
2018 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонолог маманы С.М.Ералиев №8 Қалалық емхананың қызметкерлері үшін «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы кезіндегі бронхолитикалық терапия: тағайындау критерийлері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Үздік мейірбике!
12 мамыр – бүкіл әлемде мейірбикелер атап өтетін Халықаралық мейірбикелер күні болып табылады. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілейтін осы жылдың ұраны – «Мейірбике: кәсіби даму траекториясы» деп аталды.
(more…)
Біз таза қала үшін!
2018 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік кезінде 40 метр арық желілері, 36,02 шаршы метр аумақ тазартылды, шамамен 15 көшет және 185 гүл отырғызылды.
Бүкіләлемдік денсаулық күні
7 сәуірде Бүкіләлемдік денсаулық күні және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығы атап өтіледі. Осы жағдай бойынша, Алматы қаласының №8 Қалалық емханасында Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өткізілді.
(more…)
Наурыз мейрамы
2018 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың ауласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Емхананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстар өткізілді.
(more…)