Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында №8 қалалық емхана тұрғындарды емхана аумағында өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Күні: 2026 жылғы 18 қыркүйек
Өтетін орны: №8 қалалық емхананың аумағы
Іс-шара барысында тұрғындар аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ақпарат алып, профилактикалық іс-шараларға қатысып, медицина мамандарынан кеңес ала алады.
Емхана мамандары:
- жеке кеңес береді;
- профилактикалық әңгімелер өткізеді;
- артериялық қан қысымын және денсаулықтың басқа да көрсеткіштерін өлшейді;
- тұрақты профилактикалық тексерулерден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат береді;
- ақпараттық жадынамалар таратады.
Денсаулыққа қамқорлық жасаудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алу!
Барша тұрғындарды Ашық есік күніне қатысып, бұл күнді өз денсаулығыңызға пайдалы өткізуге шақырамыз!


