№8 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында №8 қалалық емхана тұрғындарды емхана аумағында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Күні: 2026 жылғы 18 қыркүйек

Өтетін орны: №8 қалалық емхананың аумағы

Іс-шара барысында тұрғындар аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ақпарат алып, профилактикалық іс-шараларға қатысып, медицина мамандарынан кеңес ала алады.

Емхана мамандары:

  • жеке кеңес береді;
  • профилактикалық әңгімелер өткізеді;
  • артериялық қан қысымын және денсаулықтың басқа да көрсеткіштерін өлшейді;
  • тұрақты профилактикалық тексерулерден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат береді;
  • ақпараттық жадынамалар таратады.

Денсаулыққа қамқорлық жасаудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алу!

Барша тұрғындарды Ашық есік күніне қатысып, бұл күнді өз денсаулығыңызға пайдалы өткізуге шақырамыз!