«Таза Қазақстан» акциясы аясында

№8 қалалық емхана ұжымы сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі шара барысында аумақ тазаланып, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұжым мүшелері тазалық – денсаулық кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, ортақ іске белсенді атсалысты.

Таза қала – әрқайсымыздан басталады!

Табиғатты аялау – баршамыздың міндетіміз