Алматыда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде
Алматы қаласының медициналық ұйымдарында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру циклі басталды, оның шеңберінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізудің негізгі аспектілері талқыланады. Оқытуды ұйымдастырушы – С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін дамытуда маңызды қадам болып табылады. Бұл медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар медициналық көмектің сапасын жақсарта отырып, пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2024 жылғы 23 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы күшіне енеді, ол осы сақтандырудың тәртібін белгілейді.
Оқыту медицина қызметкерлері үшін құқықтық тәуекелдерді азайтуға, кадрлардың кетуін азайтуға және мамандардың қорғалу сезімін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Жаңа қағидаларды енгізу медицина қызметкерлерінің барынша сенімді және қорғалған тәжірибесіне негіз болады.
Цикл Алматы қаласы бойынша үйлестіруші, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қосымша және кәсіптік білім беру институтының терапевтік пәндер кафедрасының доценті Баян Бижановна Камалованың басшылығымен өткізілуде Оқытуға мынадай тренерлер: «ҚазОРҒЗИ» АҚ сарапшы-дәрігері Лаура Бегановна Абдазимова; «ҚРҰФҒО» АҚ ПҚҚ және ІБ басшысы Ердикасим Абдимомынулы Асқанбай, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапевтік пәндер кафедрасының қызметкерлері – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гулнара Габдуалиевна Беделбаева, доцент Елена Борисовна Ужегова және ассистент Базарбай Ердашевич Ердаш та қатысуда.
Оқытудың аталған циклі кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды табысты енгізу үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған, бұл ұзақ мерзімді перспективада Қазақстандағы медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсерін береді.
№8 Қалалық емханасының кардиолог дәрігері Мажанова Аруханым “Атеросклероз” тақырыбында медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмысын жүргізді.
Атеросклероз — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды.
Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа мүшелердің қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін.
Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі.Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек.
Отбасы күні мерекесі апталығына орай, №8 Қалалық емханасының СӨСҚ дәрігері Брекешева А. А және әлеуметтік қызметкер Рахымғазы Г. “Саналы бала тәрбиесі” тақырыбында емханаға келуші бүлдіршіндермен ойын сабағын өткізді.
Шараның негізгі мақсаты баланың ой-толғамын жинақтау, ешқашан құны жоғалмайтын отбасылық құндылықтарды сурет салу арқылы насихаттау.
Бүгін, №8 Қалалық емхана қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында, №5 қалалық емханасы жіберген челлендж негізінде ғимарат маңына тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» ұстанымындағы денсаулық сақтау мамандары баршаңызды тазалық сақтауға шақырады!
Айта кетейік, тазалық акциясына №8 Қалалық емхана қызметкерлері жаппай сенбілік жұмыстарын шілде-тамыз айларында өткізіп келеді. Қазірдің өзінде 10-ға жуық тазалық шаралары өткізілді.
№8 Қалалық емханасының акушер-гинекологы М.Жуманиязова №167 жалпы білім беру мектебінің 11-ші сынып оқушыларына “Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы” тақырыбнда әңгіме өткізді.
№8 қалалық емхана құрылымдық бөлімше болып табылады, жастар мен жасөспірімдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты – денсаулықты сақтау, жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы 10-нан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтендіру бойынша қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.
Емханада жастар үшін қажетті келесі мамандар жұмыс істейді: гинеколог, педиатр, психолог, дерматолог, уролог, терапевт, заңгер.
Бүгін №8 Қалалық емханасында атеросклероз және липидттер алмасуының бұзылуын ерте анықтау мақсатында “Ашық есік” күні өтті. Қабылдауға келген адамдарды кардиолог врач Мажанова Аруханым Тілекқызы қабылдады.
Қызметкерлерді қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тұру, атаулы әлеуметтік көмек, денсаулық саласына қатысты сұрақтар қаралып, заң аясында түсініктемелер берілді.
Қабылдалған азаматтардың мәселелері мен ұсыныстары толық қаралып, әрбір өтініш бақылауға алынды.
ҚР Конституция күні қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өтті
ҚР Конституция күнімен қатар келетін жылдағы дәстүрге сай емханада «Мектепке жол» акциясын өткіздік.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстар, Шымкент қ., Астана қ. Алматы қ (қоғамдық денсаулық) денсаулық сақтау басқармалары
ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі-Қор) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы шеңберінде мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін бекіту науқанын өткізу мерзімін өзгертлілгенін хабарлайды.
Сатып алу Қағидаларының 22-тармағына сәйкес бекіту науқанының басталуы туралы ақпарат Қордың және денсаулық сақтау (қоғамдық денсаулық сақтау) басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бекіту науқанын өткізу туралы халықты уақтылы және кеңінен хабардар ету мақсатында 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қор бекіту науқанының басталғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстардың, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының, Астана және Алматы қалаларының қоғамдық денсаулық басқармаларының ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды сұрайды.
Басқарма төрағасының орынбасары И. Саркенова
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығы.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ АПТАЛЫҒЫ. #8 Қалалық емханасының «Баланың дамуын бақылау » денсаулық мектебіне жауапты дәрігер Брекешева А. А, медицина қызметкерлер Куатбаева У. А,. Рахымгазы Г. Б,. Абдимукан А. А болашақ аналарға “Дүниежүзілік емізу апталығына” орай түсіндіру жұмысын жүргізді. Ана сүтінің құрамы артықшылығы түсіндірілді.
Ана сүтін –ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Әрі стрильді, әрдайым жылы, баланың ағзасы ана сүтін оңай сіңіреді және қорытады. Сәби оны күн мен түннің кез келген уакытында жеткілікті мөлшерде ала алады. Ол баланың ағзасы талап ететін ақуыз, май, көмірсу, витаминдер секілді нәрлі заттарға қажеттіліктерін толықтырып, 15 –тен аса гормондар мен лактобактериялардың жақсы жетілуін қамтамысыз етеді .
Сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана бар. Мысалы: А,Е,Д витаминдері көп. Ана сүті 80 % судан тұрады және ол баланың суға деген сұранысын толық қанағаттандырады . Сондықтан 6 айға дейін бала тіпті ыстық ауа –райында бала ағзасы қосымша сұйықты қажет етпейді. Сондай –ақ ана сүтінде сүттің негізгі ингриденттерін ыдырататын липаза, лактаза секілді т.б арнайы ферменттер, патогенді бактерияларды жоятын, ішектің қалыпты микрофлорасын дамытатын бифидус заттары, әрі керекті темірді сүттен бала қанына тасымалдайтын лактоферрин белогы, ми ұлпалары мен көз жасушаларының түзүлуіне аса керекті таурин заттары, көп тараған жұкпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер кездеседі.
Дәрігер қорытындысы 10 күнге емес, енді 14 күнге жарайды
Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай, диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Жаңа стандартқа сәйкес, стационарға жатқызылатын науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды. Жаңа стандарттың артықшылығын Алматының №8 емханасының эпидемиолог-дәрігері Мадина ТУАШЕВА тарқатып айтып берді.
– Стационарға жатқызылатын науқастардың емі шұғыл және жоспарлы ем болып бөлінеді. Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы аурулар мен өмірге қауіпті емес жағдайлардың көрсеткіштері болған кезде науқастарды стационарға емдеуге жіберу. Стационарға алдын ала жоспарлы түрде жататын науқастар әуелі бірқатар зертханалық анализдер тапсырып, аспаптық зерттеулерден өтеді. Егер бұрын бұл талдаулар, зерттеулер және дәрігер-мамандардың қорытындылары 10 күнге жарамды болса, енді бұл мерзім 14 күнге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, кейбір зерттеулердің нәтижелері 1 айдан 6 айға дейін созылады. Яғни, бұл емхана үшін де, емделуші науқас үшін де өте тиімді. Өйткені, жоспарлы ем алуға дайындалып жүрген науқастың қажетті анализдері, зерттеулер қорытындысы стационарға жеткенше өз күшін жойып, уақыты өтіп кетіп, сол анализдерін 10 күннен кейін қайта тапсыруға мәжбүр болады. Енгізіліп отырған өзгерістің бір тиімділігі осы. Сондықтан бұл жаңа стандарт науқас үшін де, емхана үшін де тиімді. Мәселен, емханамызда 21 күн сайын стационарға жатып ем алатын науқастарымыз уақытын үнемдейді, ал емхана қажетсіз шығындардан арылып, қаражат көзін тиімді пайдаланады.
Аптап ыстықтан қалай сақтану керек, дәрігер не дейді?
Синоптиктер осы жаздағы ауа-райы 43 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтуда. Яғни алдағы уақытта аптап ыстық әдеттегідей қатты болмақ.
Қалалық N8 емхана директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Байчулакова аптап кезінде әр адам, әсіресе күн ысыса денсаулығы сыр беретін кісілер сақтауға тиіс ережелерді айтып берді.
Күн қатты ысығанда тіпті дені сау адамның демі тарылып, жүрегі қаға бастайды, ауа жетпей, басы айналып, кеудесі қысуы мүмкін. Өйткені ыстық жаз жүрекке ауыр тиеді. Жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар осы мезгілде аса әлсіз, дегенмен дені саулар да абай болғаны жөн, – дейді дәрігер.
Дәрігер кеңестері:
Сағат 12.00 мен 16.00 арасында далаға шықпауға тырысыңыз. Ал сыртта жүруге мәжбүр болсаңыз, көлеңке тасалап, ара-тұра сәкіге отырып демалыңыз.
Түсі ашық, ыстықтатпайтын-терлетпейтін киім киіп жүріңіз
Жағасы, белі қысатын киімнен бас тартыңыз.
Ет пен мал майын азырақ жеуге тырысыңыз. Сүт пен көкөністен жасалған тағамдарды тұтынған жөн. Рационыңыздағы ақжелкен, кинза, аскөкті молайтыңыз. Қатты тойып тамақ жемеңіз. Тұзды азайтыңыз.
Көбірек су ішіңіз. Бірақ газдалған және өндірістік квастан пайда болмайтынын ескеріңіз. Ең жақсысы – таза су, морс, көк шай. Сонымен қатар жебіршөп, жалбыз, мелиссаны қайнатып, тұндырып, лимон мен мұз кесектерін қосып ішу денсаулыққа пайдалы. Ал құрамында аз болса да алкоголі бар сыра, коктейль, шарап ағзаның сусыздануына әкелетінін естен шығармаңыз.
Жағажайда болғанда суға сүңгіп кетуге асықпаңыз. Дене температурасының күрт ауытқуынан жүрек шыдамай, талып кетуі ықтимал. Мұндай жағдай тіпті жас, сау адамда болуы мүмкін.
Күні бойы көшеде жүргенде бүріккішпен су себініп отыруға болады. Оның ішіне жылы су құйып алыңыз – салқын суға қарағанда теріге сол пайдалырақ.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі. Кім және қалай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ала алады?
Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы.
Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады.
Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
ККТМК-ке келесілер жатады:
Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен, туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастарды қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету.
Сот-медицина сараптамасы.
Жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде бастапқы медициналық – санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмек.
Жедел жәрдем қызметтері.
Жергілікті деңгейде ересектерге және балаларға стационарлық медициналық көмек, оның ішінде оңалту, шұғыл көмек көрсетуді қоса алғанда.
Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамасы бойынша динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде жоспарлы көмек көрсету.
Nº8 қалалық емханасының урологы Баймаханов Р. «Репродуктивті денсаулық – адам өмірінің негізгі факторының бірі» тақырыбында студенттер арасында семинар-трениг өткізді.
Аталмыш мекеменің мамандары ЖОО жастар орталығы, әлеуметтік қызметтер және білім бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, ауруханда ашық есік күндері өткізіліп, онда жасөспірімдер мен 29 жасқа дейінгі жастарға және репродуктивті жастағы тұрғындарға бейінді мамандар кеңес беріп, тегін медициналық қызметтер көрсетеді.
#Салауаттыұрпақ #здоровоепоколение
Мадина Туашева 1995 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Алматы қаласы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне жоғары баллмен грантқа оқуға түсіп, 2018 жылы оқуды үздік бітірген. Ен алғаш еңбек жолын 2018 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында №9 Қалалық емханасында дәрігер эпидемиолог болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған түрлі семинарларға қатысып, сертификаттармен марапатталды. 2023 жылдың маусым айынан №8 Қалалық емханасының дәрігер эпидемиологы болып тағайындалды. Жыл сайын қайырымдылық шараларға үлесін қосып келеді.
Бүгін білікті дәрігеріміз Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековтың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Өз ісіне жауапты, мейірімді, білікті де білімді жас маман, құрметті дәрігерімізді мейрамымен құттықтап, отбасына амандық, береке, жұмысына абырой, халықтың алғысына бөленіп жүре беруін тілейміз!
4- МАУСЫМ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
“4- МАУСЫМ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ” орай өтетін “Мемлекеттік рәміздер- еліміздің мақтанышы ” іс-шара жоспарына сәйкес “Рәміздерім – менің мақтанышым!” тақырыбындағы медбикелер флешмоб биледі…
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті
Алматы қаласы №8 Қалалық емхана педиатрия бөлімшесінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті.
Бүгін балалар бөлімшесінде мерекелік көңіл-күй! Фойеде балаларды медицина қызметкерлері қарсы алды, түрлі-түсті шарлар, бояғыштар таратып, мерекемен құттықтады. Емханаға тіркелген мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар “Әлем менің көздеріммен” және “Мен және менің жанұям” атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
“Жаздың алғашқы күні біз Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеміз. Біз балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық”,- деді бас дәрігердің балалар бойынша орынбасары Ұлбосын Малгараева.
Халықаралық медбике күні Алматы қаласы №8 Қалалық емхана ұжымының ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында директор Жанар Жиенбаева орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, марапаттар табыс етті.
Біздің емханада әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселелері бойынша кеңес беру үшін Ашық есік күні өтті.
Іс – шара барысында тіркелген тұрғындар үшін отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультацияларды дәрігер-терапевт және акушер-гинеколог жүргізді. Қатысушыларға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша мамандар кеңес берді және денсаулықты нығайту үшін отбасы институтының рөлін арттыру қажет екендігіне үлкен мән берілді.
Пациенттер өздерін толғандыратын барлық сұрақтарға толық, білікті жауаптар алды
ШЖҚ МКК “№8 Қалалық емханасында” қант диабетімен ауыратын науқастар үшін арналған “Қант диабеті қандай дерт?
Ағзадағы глюкозаның рөлі, инсулиннің физиологиялық әсері” және тонометрді қолдану технологиясын түсіндіру бойынша СӨС дәрігері Жұмадуллаева Алмира түсіндірме жұмысын өткізді.
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампания аясында жалпықалалық акциясы өтті. Қаланы көгалдандыру мақсатында тұрғындар жаппай ағаш отырғызып, сенбілікке шықты.
Игі іс-шараға #8 Қалалық емхана қызметкерлері де қатысып, қаланы жасыл желекке бөлеп, көркейтуге өз үлестерін қосты.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Науқанның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
Жасыратыны жоқ, көбіміз бас ауырып, балтырымыз сыздай қалса, үйде қобдишада тұрған дәріні іше салуға асығамыз, мерзіміне қарап жатпаймыз. Себебі, дәл сол сәтте ауырып тұрған жерімізге шипасы тисе болды, соны ғана ойлаймыз. Ал негізінде, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттардың ағзаға зияны тиеді.
Дәрілік заттардың құрамында химиялық қоспалар болады. Сондықтан сыртында көрсетілген уақыты аяқталғаннан кейін ол қауіпті өнімге айналып шыға келуі мүмкін. Жалпы, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препарат ең алдымен емдік қасиеттерін жоғалтады. Яғни, олар сізді емдемейді, тіпті ауруыңызды одан әрі қоздырып жіберуі мүмкін. Сөйтіп дертіңізді асқындыруы да ықтимал. Сондай-ақ, уланып қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан үйдегі дәрі-дәрмектердің сыртында көрсетілетін жарамдылық мерзімін тексеріп тұруды әдетке айналдырған абзал. Сақтау шарттарына ерекше назар аударған жөн дейді мамандар. Кейбір дәрі-дәрмектер нұсқаулығында көрсетілгендей дұрыс сақталмаса, жарамдылық мерзімі де қысқара түсетін көрінеді.
Бұл әсіресе, созылмалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге қатысты. Сондықтан ондай препараттарды бумасымен алмаған дұрыс. Ем-дом қабылдайтын кезеңдерде ғана сатып алған жөн.
Айтпақшы, елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Алайда, өнімді қайтаруға немесе айырбастауға болатын жағдайлар бар. Олар: дәріханадан сатып алған препаратыңыздың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса және қаптамасынан қандайда бір ақауды байқасаңыз. Бірақ дәріхана берген түбіртекті сақтап қоюды ұмытпаңыз.
Осы орайда тағы бір мәселе туындайды. Ол туралы да тоқталайық. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді қоқысқа, көрінген жерге тастауға болмайды. Өйткені олар – топырақ пен суды ластайтын химиялық заттар.
Жуырда мегаполисте «Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында қала емханаларына тұрғындардың мерзімі өткен препараттарды әкеліп салуына болатын жәшіктер орнатылды. Біз осы іс-шараның қалай жүзеге асырылып жатқанын білу үшін №8 қалалық емхана директорының орынбасары Ұлболсын Малғараевамен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Сұйық дәрі-дәрмектер (ерітінділер, суспензиялар) қатты түрдегі препараттарға (таблеткалар, ұнтақтар, капсулалар) қарағанда көп уақытқа жарамайды дейді. Себебін айта отырсаңыз.
– Ол рас. Әсіресе, офтальмологиялық барлық дәрі құтысында көрсетілген жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін міндетті түрде жойылу қажет. Өйткені олар әдетте консерванттың әсерін тоқтатады және тамшыларда бактериялар көбейе бастайды. Құтыны ашылған сәттен бастап бір жылдан аспайтын уақытқа сақтау ұсынылады. Әйтпесе асқазан-ішек жолдарының проблемаларын тудыру қаупі артады. Сонымен қатар, кейбір капсулалар/таблеткалар, олардың қасиеттеріне байланысты, ауадан су буын сіңіруі мүмкін, сол үшін емдік шараларына әсер етуі ықтимал.
Жарамдылық мерзімі өткен инъекциялық ерітінділерді де қолдануға болмайды. Өйткені оларда улы заттар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, инъекцияға арналған ерітінділерді де қолдануға болмайды. Егер олар түсін өзгерткен болса немесе оларда тұнба пайда болса, тіпті жарамдылық мерзімі өтпеген болса да, бұл өте қауіпті болуы мүмкін.
Витаминдер туралы бөлек айту керек. Себебі,бұл шағын молекулалы органикалық қосылыстар жоғары жылдамдықпен ыдырайды және жарамдылық мерзімі аяқталған кезде оларда терапиялық әсер ететін белсенді заттар өте төмен болады. Нитроглицерин, инсулин және сұйық түрдегі антибиотиктер сияқты дәрі-дәрмектерді де жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін қолданбаған дұрыс.
– Жәшікке салынған дәрі-дәрмектерді емханада қалай сақтайсыздар?
– Емханаларда мерзімі өткен препараттарды қабылдау ҚР-ның «Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы» Заңы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жауапты қызметкер сақтау орындарынан дереу алып, мөрленген түрде анықталған жалған, сапасыз, контрафактілік дәрілік препараттарды арнайы бөлінген және белгіленген сақтау аймағына көшіреді. Оларды материалдық жауапты қызметкерге, мысалы, бөлімшенің аға медбикесіне береді. Бұл жүйе есептен шығаруға рұқсат алғанға дейін жалғасады.
– Дәрі-дәрмектерді жою қалай жүзеге асырылады?
– Жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер зияндылығына қарай кластарға бөлінеді. Олардың токсикологиялық қаупі бар қалдықтардың зияны мен мазмұнын сипаттай отырып, бірреттік қара контейнерлерге жиналады. Заң талабына сәйкес анықтама жазылып, қажетті мекемелерге жеткізіледі.
Иә, Алматы емханаларында мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдау науқаны жүріп жатыр. Бұл бастама тұтыну уақыты өтіп кеткен дәріні дұрыс кәдеге жарату және оның қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Айтпақшы, бетперде, қолғап, аяққап, шприц және инесі бар инъекциялық жүйелер, пайдаланылған таңғыштар (жабысқақ пластырь, дәке, мақта) қабылданбайды.
«Ынтымақ түбі береке» тақырыбында шығарма жазу шарасы өтті
№8 Қалалық емхана СӨСҚ дәрігері А.Н. Жұмадуллаева , психолог А.М. Бөлтекованың ұйымдастыруымен №144 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары арасында «Ынтымақ түбі береке» тақырыбында шығарма жазу шарасы өтті.
Шараға қатысушы оқушыларға «ынтымақ, бірлік» сөздерінің терең мән-мағынасы түсіндірілді. Содан кейін оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсірді.
Жалпы барлық оқушының шығармалары жоғары бағаға лайық болды. Соңында оқушылар өз ойлары мен тұшымды пікірлерімен бөлісті.
Психолог А.М. Бөлтекова күні бойы ғаламтор желісінде отыратын оқушыларды бір сәт болса да ұшқыр оларын дамытуға осындай шараларды өткізудің қажеттілігі бар екені айтты.
#ынтымақтүбібереке
Бүгін Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жасады.
Президент көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін айтты.
“Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы” – деп, барлық атқарушы органдарға шұғыл түрде тапсырма берді.
Ел басына күн туғанда, күшімізді біріктіріп, бұл қиындықты жеңіп шығуға бар күшімізді салайық.
Ашық есік
№8 Қалалық емханада «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қатерлі ісік ауруынан сақтандырып, алдын алу.
Таңғы сағат 09.00-ден бастап 12.00-ге дейін есігін айқара ашқан 10 тұрғын келіп, өз денсаулығын тегін тексертіп, мамандардан ақысыз ақыл-кеңес алып үлгерді.
Оның 3 тұрғын осы ауруға шалдығуы мүмкін деп танылды. Бұдан басқа 7 адамнан басқа да түрлі аурулар табылып, оларға қажетті дәрігерлік кеңестер берілді.
Биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялады. Бағдарлама бойынша бүгін – Жаңару күні.
Осыған орай еліміздің барлық өңірінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастыру мақсатында, бүгін №8 қалалық емхана ұжымы ғимарат маңайына жаңа ағаштар отырғызды.
@akimat_almaly
Бүгін №8 Қалақы емханада халықтың нысаналы топтарына арналған скринингтік және профилактикалық зерттеулерді қамтыған ашық есік күні өтті.
Науқанның мақсаты – әр адамды өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға, қан қысымын бақылап тұруға шақыру болды.
Сондай-ақ, келушілер белгілі бір жастағы скринингтік тексеруден өтіп, қауіп факторы мен ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік алды.
Дәрігерлер науқастардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби кеңес берді.
@akimat_almaly
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн.
Кеше №8 қалалық емхана ұжымы тұрақты бақылауға алып жүрген өзге ұлт қарт әжейлердің үйіне барып, ерекше ілтипаттарын білдірді. Өз ризашылығын білдірген қарттарымыз ақ баталарын берді.
Дегенмен, Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді. Сол себепті, бір ай бойы емханамыздың емделуші ата-әжелерін құттықтау жалғасын табады.
Мерекелік онкүндік Амал мерекесінен басталады, бұл күні жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсету, қонақ күту, мейраммен құттықтап, ізгі тілек жаудыру салты қалыптасқан. Амал мерекесінің мәні Наурызбен біте қайнасқан, себебі ол – Наурыздың алғашқы хабаршысы.
Көктемнің алғашқы күні және алғыс айту күніне сәйкес №8 қалалық емхана ұжымы тұсау кесу рәсімін өткізді. Бала аяғын нық басып, тезірек жүріп, жолы ақ болсын деген ниетпен ,ата -анасының сұрауы бойынша емхана қызметкері Айдар аға балақайымыздың тұсауын кесті.
Халқымыздың ырымы бойынша, баланың болашағы зор болсын деген ойы, дәрігерлік жолын таңдауына түскенде ата -анасы қатты қуанды.
Әрқашан жолы ақ болсын деген тілекпен, емхана ұжымы тәттілер таратылып, балақайдың көңілін көтерді.
Алматы қаласы №8 қалалық емхана психологы Бексейт Қ.Ғ және СӨС дәрігері А.Н.Жұмадуллаева №62 және №167 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен “Ерте жыныстық өмір” тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты-жасөспірім қыздардың салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәрігер жасөспірімдер арасындағы ерте қарым-қатынастың зияны мен салдары туралы айтып, барлық сұрақтарға өзара сенімді және түсінікті жауап берді.
Сонымен қатар, қыздардың өмірдегі басты міндеті – болашақта ана болу, сондықтан олар ерте жастан бастап денсаулығына назар аударып, жеке гигиенаның барлық талаптарын сақтауы керек.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Сіздер әр шаңыраққа шаттық сыйлап қана қоймай, еліміздің дамуына, мемлекетіміздің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Бүгінде қыз-келіншектер қауымы барлық салада жемісті еңбек етуде. Өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңіз, терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз – ұрпаққа үлгі.
Айдай әсем, күндей көркем қалыптарыңыздан айнымай, айналаға сәуле шашып жүре беріңіздер!
8 наурыз мерекесімен құттықтау
Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтеді
Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтеді. Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды.
Алматы қаласының №8 қалалық емханасы барша қазақстандықтарға және де емхана тіркелушілеріне АЛҒЫС айтады! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Маска кию – өзімізді және айналамыздағы адамдарды қорғау үшін қабылдай алатын қарапайым және тиімді шара.
Бұл қоғамның денсаулығына және жұқпалы аурулармен күресуге қосқан маңызды үлесі.
Темекіге қарсы кабинетінде
«Темекіге қарсы кабинетінде» СӨСҚ дәрігері Жұмадуллаева А. Н., психолог мамандар Болтека А. М. ,Бексеит Қ.Ғ., әлеуметтік қызметкер Муратова А. А. пацианттер арасында кезекті сабағын өткізді.
Сабақ барысында адам ағзасына темекінің зияны туралы профилактикалық әңгіме және емхананың темекі шегетін және темекі шекпейтін пациенттері арасында әлеуметтік эксперимент жүргізілді.
Экспериментті нәтижесінде адамдардың көпшілігі салауатты өмір салтын ұстануға тырысатынын, ал темекі шегушілерде темекіні тастауға мотивация бар екені анықталды.
«Босануға дайындық» мектебінде СӨСҚ дәрігері А. Н. Жұмадуллаева “Жүкті әйелдің тамақтануы”, ал психолог Бексеит.Қ.Ғ. “Жүкті әйелдің көңіл-күйі ұрықтың жақсы дамуына әсері” атты тақырыптарда кезекті сабақтарын өткізді.
Сабақ соңында жүкті әйелдердің күйзелісін жеңілдету үшін қатысушылар арасында сурет салу арт-терапиясын өткізді.
Қант диабеті
15 ақпан айында денсаулық мектебінде қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған “Қант диабеті”тақырыбында кезекті сабақ өтті. Дәрігер инсулин түрлері, оларды қолдану және енгізу ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Атап айтсақ,Алматы қаласындағы №8 қалалық емханада қант диабеті мектебі жұмыс істейді. Қант диабеті мектебі – қант диабетімен ауратын адамдарды өзін-өзі басқару, нақты өмір сүру жағдайына жүргізілетін емге бейімделу әдістеріне үйрету, рационалды тамақтану ережелерін, жіті және созылмалы асқынулардың алдын алуға үйрету. Сабақты эндокринолог дәрігер А. Н. Сейсембаева жүргізді.
Сабақ барысында эндокринолог пациенттерге ауруды қалай тиімді басқару керектігі туралы айтып береді. Сондай-ақ, максималдыорташа денгейге жақындаған қандағы қант құрамы деңгейін қол жеткізу және тұрақты қолдау, қант диабеті асқынуларының алдын алу, аурудың асқынуына жол бермеу, ҚД кезінде тамақтану және емделу бойынша ақпараттар берді.
Онкология – гректің «қатерлі ісік және ілім» деген ұғымын білдіреді.
Обыр жасушасы тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды немесе балалайды. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижелі болуына, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады дейді мамандар.
Қатерлі ісіктің қайдан пайда болатынын дөп басып айту қиын. Өкінішке қарай, адамға бірден білінбейді. Тек ісік өскен кезде, жан-жағындағы үлкен жүйке талшықтарын, тамырларын немесе асқазан, тік ішек, т.б. секілді ағза мүшелерінің саңылауын жапқан кезде ғана байқалады.
Қатерлі ісіктің пайда болу ошақтарының бірі – созылмалы аурулар. Сондықтан созылмалы ауруларды уақытылы емдеткен дұрыс дейді дәрігерлер.
Кейінгі кездері пациенттерден сүт безі обыры мен өкпе обыры жиі анықталып жатқан көрінеді. Қатерлі ісіктерді ерте сатыда анықтауға скринингтің көп көмегі тиетінін білу маңызды. Онкологиялық аурулар көбіне ылғалдылығы басым үйлердің тұрғындарынан анықталып жатыр дейді мамандар.
Тұрғындарға айтарымыз, жергілікті емханадан скринигтен өту туралы хабарлама келсе, бас тартпау керек. Бізде қазір диагностикадан өтуге құлықсыз пациенттер кездеседі. Сол үшін науқасы асқынған адам саны артып келеді. Ауруды бірінші, екінші сатыда анықтасақ, емдеу жеңілдейді. Одан кейінгі сатыларда ресурстар көп кеткеннен бөлек, ауру асқынуы мүмкін. Сондай-ақ, пациенттер онкоскринингтен МӘМС шеңберінде тегін өту үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға қаралса болады, – дейді №8 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Зура Садирова.
Ал №8 қалалық емхананың онколог-дәрігері Гүлнұр Башарова қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді үгіп, уқалап, қыздыруға мүлдем болмайды дейді.
Кейбір азаматтар онкология диспансеріне жіберген кезде қорқып, үш-төрт ай немесе бір-екі жылға дейін бармай, аты жаман ауруды өздері өршітіп алады. Бірнеше жыл жүріп қалғасын қатерлі ісікті тоқтату қиын, ары қарай өсе береді. Басқа бір факторлар әсер ететін болса, тіпті қиын. Кейбір науқастар ісікті қыздырады немесе массаж жасайды. Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді олай үгіп, уқалап (массаж жасап), басқа нәрселермен қыздыруға мүлдем болмайды. Ондайда қатерлі ісік өрши береді. Өршіген сайын жасалған емнің де тиімділігі төмендей береді. Науқастар дәрігерге обырдың жаңа басталып келе жатқан сатысында келетін болса, тағайындалған емнің тиімділігі, нәтижесі жоғары болады. Ауырмаңыздар!
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні 2005 жылдан бастап 4 ақпанда атап өтіледі. Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақ ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы белсенді түрде қолдайды.
Атаулы күге орай, №8 қалалық емханада осы күнге орайластырылған “Ашық есік күнін” өткізді.
Ниет білдірушілер онколог, онкохирургтың қарауынан өте алады. Бұл күні онколог дәрігер 12 пациенті қабылдады. Іс-шараға барлығы 18-ден астам адам қатысты.
2024 жылдың 02 ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған шаралар аясында, №8 қалалық емханада халық үшін бірыңғай Ашық есік күні өткізіледі.
Кез келген адам онкологтардан тегін кеңес ала алады.
Онколог дәрігер Садирова Зура Серікқызы 101/6 кабинетте қабылдау жүргізеді.
Күні мен уақыты: 02.02.2024 ж., 09:00-13:00 дейін.
Мекен-жайы: «№8 қалалық емхана», Түркебаев көшесі.,40. 101/6 кабинет
Отбасын жоспарлау мектебінде “Босануға дайындық” атты сабақ өтті, сабақты №8 қалалық емхана гинеколог дәрігері .Жуманиязова М.А. өткізді.
Сабақ барысында дәрігер жүктілік кезінде өзін жайлы сезіну үшін және босануға сенімді болып келу үшін болашақ ана білуі тиісті жағдайлар туралы айтты. Сабақта теориялық біліммен қатар, тәжірибелік дағдылар да айтылады. Болашақ аналар жүктіліктің кезеңдері туралы білетін болады.
Назар аударыңыздар! Біздің емханамызда акушер-гинеколог дәрігерлер Сіздер үшін “Кереметті күтеміз”, “Емшекпен емізу”, “Жүктілік кезіндегі мазасыздық белгілері және босану кезіндегі тыныс алу” сияқты тақырыптарда тегін вебинарлар өткізеді.
Оқушылардың тамақтануы-балалар мен жасөспірімдерді сауықтырудың маңызды факторларының бірі.
Дұрыс тамақтану-бұл олардың денсаулығын, соның ішінде жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға төзімділігін қамтамасыз етудің қажетті шарты. №8 қалалық емхана СӨС дәрігері А. Жұмадоллаева осы тақытыпта балалармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді, онда тиімді және дұрыс тамақтану туралы әңгімелейді.
Бұл жолы дәріс №167ЖББ мектепте өтті.
“Менің міндетім – дұрыс тамақтану туралы ақпарат беру. Айта кету керек, балалар бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытады. Мысалы, зиянды тағамнан қандай аурулар туындайды,таңертеңгі ас қаншалықты пайдалы және т. б. сұрақтар бойынша білгісі келеді”, – дейді дәрігер.
Мастер-класс
Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың “Баланы дамыту бөлмесінің” мейірбикесі Куатбаева У.А және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттермен бірге емшекпен емізу кезінде үстеме тамақ беру ережесі туралы ата-аналар және мейірбикелермен сабақ өткізді.
“Алғашқы үстеме тағам – маңызды кезең, бұл баланың өз бетімен алғашқы қадамы. Біз қандай азық-түлікті пайдалану және қанша мөлшерде беру керектігі туралы айтып, көрсетеміз. Үстеме тағам беру кезінде баланың жасын ескеру керек.
Баланың тағамға деген қызығушылығын қалай дамыту керек, қандай тағамдардан бастаған дұрыс, т.б. мәселелерді қарастырамыз”,- дейді Куатбаева У.А.
НЕ СЕБЕПТІ БЕЙІНДІ МАМАНҒА ТЕРАПЕВТ АРҚЫЛЫ БАРУЫМ КЕРЕК?
Учаскелік дәрігердің әрбір қабылдауы жеке төленеді. Сондықтан емханалар үшін пациентті бейінді мамандарға терапевт арқылы жолдау арқылы бағытын күрделендіру пайдалы деген пікір бар.
Бұл олай емес.
Учаскелік дәрігерлердің, соның ішінде терапевтің қабылдауы мен кеңес беруі бір адамға айына базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілген.
Бұл учаскелік дәрігерлердің қабылдауларының саны емханалардың қаржыландырылуына ешбір әсер етпейтінін білдіреді.
Бұдан бөлек, ережеден тыс жайттар де бар. Сізге тоғыз жағдайда терапевтің жолдамасы қажет етілмейді.
Сонымен қатар, маршруттауды құруда терапевке басым рөл берілуінің бес объективті себебі бар.
алғашқы қабылдау кезінде тек учаскелік терапевт алдын-ала диагноз немесе диагноз қояды және ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес түпкілікті диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдістерін анықтайды
дәл осы учаскелік дәрігерлер негізгі және қосалқы ауруларды анықтау үшін тексерулердің жалпы немесе кеңейтілген тізбесіне жолдама беруге уәкілетті
Тек МСАК дәрігері ғана көрсетілімдер бойынша пациентті тәулік бойғы стационарға шұғыл емдеуге жатқыза алады, үйде стационар ұйымдастыра алады, қажетті тексеру көлемін жүргізгеннен кейін пациентті күндізгі стационарға немесе тәулік бойғы стационарға жіберуді жоспарлай алады, қажет болған жағдайда пациентті психологқа немесе әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібере алады, тегін дәрілік препараттарға рецептер жаза алады.
көп жағдайда қажет болған кезде пациентті диспансерлік есепке алатын және оның диагнозына сәйкес кейінгі диспансерлік бақылауды жүзеге асыратын учаскелік дәрігер болып табылады
МСАК ұйымдарында тиісті менеджментті ұйымдастыру кезінде бұл бейінді дәрігерлерге қабылдау кезектілігін және негізсіз өтініштердің санын азайтуға көмектеседі.
Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және нәрестенің туу процесінен қорықпауы үшін №8 қалалық емханасында «Босануға дайындық мектебі» жұмыс істейді.
Болашақ аналардың босануға дайындығы оларға босану процесіне де, болашақ анаға да сапалы дайындалуға мүмкіндік береді. Акушер-гинеколог Гүлмира Ыдырысовна және нұсқаушысы мамандар жүкті әйелдермен кезекті сабақ өткізді.
Біздің аналар жаңа, қызықты ақпаратты біліп, сіңірді!
Профессор Б. Аманжолова мен Әзірбайжан Тәжікстан студенттері “Жасөспірімдердің жеке гигиенасы” тақырыбында”№144 ЖББМ “11 сынып оқушыларына дәріс өткізді
АЛМАТЫ ӘКІМДІГІ 55 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН САТЫП АЛДЫ
АЛМАТЫ ӘКІМДІГІ 55 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН САТЫП АЛДЫ
ҚЫЗЫЛША ЖӘНЕ ОДАН ҚОРҒАНУ ШАРАЛАРЫ
Қалада қызылшаға карсы 2 – 4 жас аралығындағы балаларға қосымша иммундау жалғасып жатыр
Екпе алу үшін емхананың учаскелік дәрігерге алдын ала жазылусыз хабарласуыңызды сураймыз.
15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады
2024 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады.
Бұл соғыс ардагерлерінің мерекесі, сондай-ақ сол соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алу және қайғыру күні. Ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтарының бірі болды және болып қала береді.
«Ауған жауынгері», «интернационалист- жауынгер» мәртебелері 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан адамдарға беріледі. Біздің республикамызда бұл мәртебе «Ардагерлер туралы» ҚР Заңында ресми түрде бекітілген, оған сәйкес ауған жауынгерлері жалпы санатқа енгізілген.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін № 8 қалалық емханада интернационалист-жауынгерлер үшін «Ашық есік күні» өткізілді, оның барысында олар кезектен тыс медициналық ұйымдарда пациенттердің қозғалыс бағытына сәйкес толық медициналық тексеру жүргізді, арнайы мамандарды қабылдау және зертханалық-аспаптық тексеру ұйымдастырылды (ҚЖА, НЖА, биохимиялық зерттеулер, флюорография, ЭКГ, УДЗ ).
24.01.2024 жылы “№ 109 ЖББМ ” КММ қыздар үшін №8 қалалық емхана акушер – гинекологы Жұманиязова Махаббат Амангелдиевна жеке жұмыс жоспарына сәйкес “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты-ерте жүктілік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, жасөспірімдерде салауатты өмір салты дағдыларын дамыту және дамыту. Келесі сұрақтар қарастырылды: ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктілік неге қауіпті? Ерте жүктіліктің алдын-алу қандай? Ерте жүктілік-не істеу керек? Ерте жүктіліктің нәтижесі, және шешімі.
Дәріс соңында №8 қалалық емхананың СӨС дәрігері Альмира Нұрсейітқызы вирустық инфекция мен қызылшаның алдын алу тақырыбында шағын әңгіме өткізді.
Дәріс мазмұнды, ең бастысы пайдалы болды. Ерте жүктілік тақырыбы өте өзекті, сондықтан оның алдын алу үшін бәрін жасау керек. Қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.
16 желтоқсан – қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.
Мереке қарсаңында, бүгін № 8 қалалық емхана бас дәрігері Жиенбаева Жанар және кәсіподақ ұжымы аталмыш емхананың «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қызметкерлерін және Отандық медицинаның дамуына, халқымыздың денсаулығын сақтау жолында айрықша еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын- демекпіз!
Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 2% төлейді
25 500 теңгеден аспайды
Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2% төлейді
17 000 теңгеден аспайды
салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс
Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 4250 теңге
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни 5950 теңге.
2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар келесі тәсілдермен сақтандырыла алады:
жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды.
Бірыңғай төлем – жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;
Жеке табыс салығы (ЖТС).
Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.
15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді.
2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді.
Желтоқсан оқиғасына қатысушылар арасында Ашық есік күні
Бүгін №8 қалалық емханасы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен әлеуметтік осал топтары арасында ашық есік күнін өткізді.
Негізгі мақсат –халықтың салауатты өмір салты мен денсаулығын жақсарту.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мамандар Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен әлеуметтік осал топтарына салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын түсіндіріп, медициналық көмектер көрсетті.
«Бүгін емханаға келген азаматшаларға асқазан обыры мен сүт безінің қатерлі ісігін алдын алу шараларын жүргіздік. Талдамалар алып, ультрадыбыстық зерттеу аппараттарына түсірілді. Диагнозы анықталған науқастарға алғашқы емдік шаралары жүргізіліп, қатаң бақылауға алдық – деді №8 қалалық емхананың маммолог-онкологы Гүлнұр Башарова.
«Мен өзім маммолог-онкологы Гүлнұр Башароваға кіріп шықтым. Қабылдауы сондай жақсы. Жақсы ілтипатпен қабылдап жатыр. Егде жастағы адамдар,жағдайы төмен отбасылар бар. Оларға да көмегін тигізеді. Керек болса өздері барып көмектеседі», – деді қала тұрғыны Бақыткүл Тенгизбаева.
6 желтоқсан 2023 жылы «№8 қалалық емхана» ұжымының атынан емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Байчулакова Г.Т.
6 желтоқсан 2023 жылы «№8 қалалық емхана» ұжымының атынан емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Байчулакова Г.Т. және «Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» бөлімінің меңгерушісі Садирова З.С. Желтоқсан оқиғасының қатысушыларын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары емхананың «Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде» профилактикалық медициналық тексеруден өтті.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, аспанымыз әрдайым ашық болсын!
№8 қалалық емханада Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күніне орай “Ашық есік күнін” өткізді.
Емханалық бөлімшеге келушілерге ақпараттық материалдар тарата отырып, есірткі патологиясының алдын алу және АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша консультациялар өткізілді.
Сондай-ақ, ерікті түрде АИТВ-ға ақысыз анонимді жедел тест тапсыра алады.
Дүниежүзілік Мүгедектер күніне арналған Ашық есік күні.
Халықаралық мүгедектер күні аясында №8 қалалық емхана “Ашық есік күнін”өткізді. Сонымен қатар, эндокренолог- Е. М. Батырканова, кардиолог – А.С. Жақсыбай мүмкіндігі шектеулі адамдарға қабылдау ұйымдастырды. Қабылдауда 37 адам болды.
Жүрек тұсының қатты ауырсыну кезінде, қан қысымының жоғарылауы кезінде және т. б. алғашқы шұғыл көмек көрсету туралы жадынамалар таратылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз – адамның отбасындағы немесе жақын қарым-қатынастағы адамдар тарапынан физикалық, эмоционалдық немесе психологиялық зорлық көруі. Бұл физикалық соққылар, қорқытулар, азаптау, қорлау, бақылаудан шығармау, оқшаулау және т.б.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса да үнсіздік танытатын, әділдік іздеудің орнына жасыратын адамдарға Бұл қалыпты жағдай емес екенін түсіндіріуіміз керек! Себебі, көбісі жақсылыққа үміт артып, қорлыққа шыдайды.
Әрбір соққы өлімге немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін екенін түсіну маңызды. Дәстүрге бағынып қорлыққа үндемей шыдадым деген оймен өзіңді көпшілік алдында қорғауға болмайды. Біз бұл стереотипті өзгертеміз және өзгерте аламыз!
Зорлық-зомбылықты көріп өскен балалардың қорлықты қалыпты жағдай ретінде қабылдауы- олардың болашақтағы қарым-қатынасы мен отбасылық құндылықтарына әсер етуі мүмкін екенін ұмытпаңыз!
Қолдауды қажет ететіндер үшін біздің емханада психолог мамандар бар. Яғни, барлық жағдайда анонимді түрде көмек береді.
№8 қалалық емхананың бас дәрігері Жиенбаева Жанар Болатаевна
ЖРВИ алдын алу
Школьными медсестрами Аламалинского района была проведена беседа с учащимися о профилактике ОРВИ, гриппа и кори.
С учащимися разбирались вопросы, как защитить себя и окружающих от ОРВИ, гриппа и кори. Обсудили важные меры предосторожности и методы профилактики. Спасибо всем, кто присоединился! Давайте вместе заботиться о своем здоровье и здоровье окружающих.
Битшеңдік (педикулез) – адам биттерді жұқтыру арқылы пайда болатын паразитарлық ауру. Биттер – адамның мазасын алып, шыдамын тауысатын, психикасына әсер ететін ұсақ жәндіктер.
Аурудың негізгі белгілері: зақымданған дене қышиды, қасынған сайын сол орын тері ауруына (дерматитке) айналады. Сондай-ақ, биттер әртүрлі инфекциялық аурулардың тасымалдаушысы болып табылады, оның бір түрі – бөртпе сүзегі.
Көптеген адамдар битшеңдікті (педикулезді) өзекті емес деп санауы мүмкін, бірақ бұл ауру тұрғындар арасында көп тараған, әсіресе аурудың таралымы балалар арасында жоғары деңгейде. Бұл проблемалық мәселе тұрғындардың тек қарапайым отбасыларында ғана емес, ауқатты отбасыларда да кездеседі.
Битшеңдікпен (педикулезбен) науқастанған адамдар тарақты, бас киімді, сүлгілерді, шашты түйетін, орайтын және т.б. аксессуарларды ортақ пайдаланған кезде басқаларға жұқтырады.
Битшеңдікпен (педикулезбен) күрес және оның профилактикасы.
Жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау – аурудан зақымданудың ертерек анықталуының жолы болып табылады. Ата-аналардың балаларына көбірек көңіл бөлгені жөн, жиі-жиі баланың денесін қарау қажет, әсіресе сауықтыру лагерлеріне барып келгенде, спорттық жаттығулардан кейін, туған-туыстарға қонақ болып қайтқанда және т.б. жағдайларда.
Битшеңдіктен (педикулезден) арылудың тәсілдері: механикалық тәсіл – шашты биттен тазарту және химиялық тәсіл – дәріханалар жүйесінде кеңінен тараған педикулездік ауруға қарсы препараттарды қолдану арқылы.
Битшеңдік білінгенде, өздігінен ем-дом жасамай, жергілікті педиатрмен немесе терапевтпен кеңесу қажет. Себебі, педикулезге қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер -препараттар улы және битшеңдік инфекциялық аурулардың тасымалдаушылары болуы мүмкін.
Ашық есік күні
27 қазанда Алматы қаласының «№ 8 қалалық емханасында» Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті.
Науқастарды алдын-ала жазылусыз невропатолог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлер және профилактикалық бөлімнің медицина қызметкерлері қабылдады.
Қалауы бойынша пациенттер антропометриялық мәліметтерін (бойы, салмағы, дене салмағының индексі) өлшеп, қандағы глюкоза деңгейі мен қан қысымын анықтап, кешенді тексеруден өтті. Дәрігерлер емханадағы қабылдаудан бөлек, науқастарды үй жағдайында тексерді. СӨСҚ дәрігері инсульт пен қант диабетінің алдын алу бойынша емхана пациенттерімен әңгіме жүргізді. Барлығы 87 пациент қамтылды, емхана келушілеріне 150 ақпараттық және оқу материалдары таратылды.
“Электрондық темекі мен калянның зияны” тақырыбында дәріс
Қазіргі қоғамда вейпинг халықтың әртүрлі топтары, соның ішінде әйелдер, жасөспірімдер, тіпті балалар арасында кең таралған әдет болып табылады. Вейпинг – электронды темекілерді, яғни ингаляторларды пайдалану арқылы темекі шегу.
№ 58 жалпы білім беретін мектепте 14 қараша күні 9 сынып оқушылары арасында “Электрондық темекі мен калянның зияны ” тақырыбында №8 қалалық емхана СӨСҚ дәрігері Жумадуллаева Альмира Нұрсейдқызы дәріс өткізді.
Дәріс барысында СӨСҚ дәрігері оқушыларға электронды темекі мен кальянның зияны туралы баяндап; электронды темекінің неден тұратынын, оның адам ағзасына, әсіресе жас және өсіп келе жатқан ағзаға қалай әсер ететіні туралы жан-жақты айтып берді. Дәріс тыңдаған оқушылар саны – 78.
17 қараша – Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күні
Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпенің ауруларына қарсы күрес күні (СОӨА) жыл сайын қараша айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі.
СОӨА – бұл асқынуға және ауыр ауруға бейім, ентігуді (бастапқыда денеге жүктеме түскен кезде) тудыратын, үдемелі, өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы. ДДҰ бағалауы бойынша, созылмалы обструктивті өкпе ауруымен 210 миллион адам зардап шегеді екен.
СОӨА дамуының негізгі себебі – темекі түтіні (өзгенің темекі түтінін дем алуды немесе пассивті темекі шегуді қоса алғанда) болып табылады.
Басқа қауіпті факторлары келесілерді қамтиды:
орынжай ішіндегі ауаның ластануы (мысалы, тамақ дайындау және жылыту үшін қатты отынды пайдалану нәтижесінде);
атмосфералық ауаның ластануы;
жұмыс орындарында шаң мен химиялық заттардың (булану, тітіркендіргіш заттар мен түтіндердің) болуы;
балалық шақтағы төменгі тыныс жолдарының жиі инфекциялары.
СОӨА жазылмайды, бірақ дұрыс емдеу аурудың дамуын баяулатуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың болжамына сәйкес, егер жақын арада осы аурудың алдын алу бойынша шаралар қабылданбаса, СОӨА-дан жалпы өлім-жітім он жыл ішінде 30% -ке өседі. Көптеген оқиғалар СОӨА алдын алады.
Егер сізде СОӨА болса, сіз және сіздің отбасы не істей алады:
Шылым шекпеу!
Өзіңізге тағайындалған әрбір дәрі-дәрмекті дәрігер ұсынған тәртіпте қабылдаңыз. Профилактикалық тексеру үшін дәрігерге кем дегенде жылына екі рет барыңыз.
Егер сіздің тынысың нашарласа, кейінге қалдырмай ауруханаға немесе дәрігеріңізге барыңыз.
Үйдің ауасы таза болуы керек. Тыныс алуды нашарлататын кез келген түтіннен аулақ болыңыз.
5Үнемі жаттығыңыз. Жүріңіз, үнемі дене жаттығуларымен айналысыңыз және сау тамақ ішіңіз.
Құрметті пациенттер! Сіздерді Денсаулық мектептерінде өтілетін дәрістерге қатысуға шақырамыз. Мектептің мақсаты: созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму себептері мен механизмдері туралы түсінік алу.
Сабақтар Алматы қаласының «№ 8 қалалық емханасы» базасында 101/7 кабинетте өтеді. Біз Сізді күтеміз!
Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл аурудың бастапқы кезеңдері іс жүзінде асимптоматикалық болып табылады. Яғни адам ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді. Ал оны анықтаудың жалғыз жолы – қан глюкозасының деңгейін анықтау. Қант диабетімен ауыратын науқастарда инфаркт, инсульт қаупі артады.
Қант диабетінің белгілері:
шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін);
кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);
ауыздың құрғауы;
әлсіздік;
тәбеттің күшті болуы;
терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы);
ұйқының қанбауы;
ұйқыдан шаршап тұру;
жараның ұзақ уақыт жазылмауы;
тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу.
Дұрыс тамақтану жүйесі, қалыпты физикалық белсенділік, салмақты бақылау қант диабетінің ғана емес, гипертонияның, инсульттің, инфаркттың алдын-алудың негізгі тұжырымдамалары. Қант диабетін ерте анықтау үшін жылына кемінде 1 рет қант деңгейін анықтау қажет.
Қант диабетінің белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Аурудың асқынуына жол бермеңіз.
Алматы қаласының «№8 Қалалық емханасында» әр сейсенбі күні сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін 101/7 кабинетте Қант диабеті мектебінде дәрістер өтіледі. Сіздерді күтеміз!
«Балалардағы қызылша. Қызылшаның алдын алу» және «Балалардағы тұмау. Тұмаудың алдын алу»
Жетісу ауданындағы №66 және Алмалы ауданындағы №58, №167 мектептер базасында орта білім беру ұйымдарының дәрігері Либенко В.Н. және мектеп медбикелері Копышева. Б.Н., Әріпжанова А.М., Байдулла Т.Ғ. мектеп оқушыларының ата-аналарымен «Балалардағы қызылша.
Қызылшаның алдын алу» және «Балалардағы тұмау. Тұмаудың алдын алу» тақырыптарында сауықтыру жұмыстарын жүргізді. Материал науқас балалардың фотосуреттерін пайдалана отырып, презентация түрінде ұсынылды.
Инфекция қаупі, аурудың ауырлығы, ықтималды асқынулар, нәтижелер және аурудың алдын алу мәселелері қозғалды. Әңгімелесу барысында балаларға профилактикалық екпелердің маңыздылығы айтылып, балалардағы қызылша мен тұмаудың алдын алуға қатысты ата-аналарды қызықтыратын мәселелер талқыланды.
Дүние жүзінде алкоголь денсаулық сақтау саласындағы басты үш басым мәселелердің бірі болып табылады. Алкогольді тұтыну 200-ден астам аурулар мен денсаулық проблемаларына себеп болады. Алайда, ішімдікке байланысты өлім-жітімнің басым үлесі созылмалы аурулардан – бауыр циррозы, қатерлі ісік және жүрек-қан тамырлары аурулары және өткір себептерден болатын өлім-жітім – абайсызда және қасақана жарақаттанудан болады. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім ең көп үлес қосады, одан кейін абайсызда жарақаттану мен бауыр циррозынан болатын өлім-жітім келеді. Алкогольге байланысты өлім-жітімнің қалған бөлігі жұқпалы аурулар (туберкулез, АҚТҚ және пневмония), жүйке-психикалық аурулар (эпилепсия, алкогольді тұтынудың бұзылуы) және неонатальды жағдайлар (ұрықтың алкоголь синдромы) салдарынан болды.
Алкогольді тұтынудың негізгі бөлігі ауыр ішу эпизодтары кезінде орын алады, бұл тәуекелдің барлық түрлерін күшейтеді. Алкоголь сонымен қатар көшедегі зорлық-зомбылық немесе үйдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық арқылы немесе денсаулық сақтау, қылмыс пен тәртіпсіздікпен күресу үшін мемлекеттік ресурстарды бағыттау арқылы басқаларға зиян келтіреді.
Алкоголь өмір бойы, пренатальды кезеңнен бастап кәрілікке дейін жеке денсаулық капиталы мен адами капиталдың төмендеуіне әкеледі. Абсолютті мағынада негізінен орта жастағы адамдар (әсіресе ер адамдар) алкогольден өледі. Дегенмен, жеке дамудың барлық кезеңдері тұрғысынан қарасақ, жүктілік кезінде алкогольді тұтыну ұрықтың миының дамуына зиян тигізуі мүмкін және кейінірек балалық шақта көрінетін когнитивті бұзылулармен байланысты. Жасөспірім миы алкогольдің әсеріне әсіресе сезімтал, сондықтан алкогольді тұтынудың басталуы неғұрлым кешіктірілсе, проблемалардың туындауы және ересек жаста алкогольге тәуелділіктің дамуы ықтималдығы аз болады.
Еліміз үшін Қазақстан тарихындағы бұл ең маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің азаттығына алғышарттар жасалған болатын.
Республика күнін мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емханасы» МКК-де салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шараны емхана директоры Жиенбаева Ж.Б құттықтау сөзімен ашты. Емхана директорының орынбасары Байчулакова Г.Т. мерекелік шара аясында медицина саласындағы адал еңбегі үшін 16 қызметкерге әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.
Мереке қарсаңында №3 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Сейдалиева Ж.Ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды, отоларинголог-дәрігер Гаипов У.Х. Алматы қаласы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.
Емхананың барлық қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Қазақстан халқына зор денсаулық, ынтымақ пен береке, бейбітшілік пен келісім тілейміз!
СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ «ДӘЛ ҚАЗІР ТЕКСЕРІЛ!»: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ ТУРАЛЫ ЖАН-ЖАҚТЫ АҚПАРАТ БЕРЕТІН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ
Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр.
Әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады.
Маммография және самопальпация секілді медициналық тексерулер сүт безі обырын ерте анықтап, сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады.
40 пен 70 жас аралығындағы сақтандырылған әйелдер тіркелген емханасында 2 жылда 1 рет СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН өте алады.
Оған келесі тексеру түрлері кіреді:
Сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу
Мақсатты маммография (1 проекция)
Маммография (4 сурет)
Қажет болған жағдайда дәрігер қосымша тексеруге жолдама береді:
Жүкті әйел мен нәресте үшін тұмау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тұмау жұқтырған жүкті әйелдерде пневмония және мерзімінен бұрын босану сияқты асқынулардың даму қаупі жоғары. Одан бөлек, түсік тастау немесе нәрестенің аз салмақпен салмақпен туылу қаупін де арттырады.
Сонымен қатар, тұмау дене қызуын жоғарылатады. Ол дамып келе жатқан ұрық үшін өте қауіпті. Жоғары температура ұрықтың ақауларына немесе басқа да мәселелерге әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтан, егер сіз жүкті болсаңыз және тұмау жұқтырып алғаныңызға күдіктенсеңіз дереу дәрігер қабылдауына барыңыз. Дәрігер сізге вирусқа қарсы препараттарды және асқыну қаупін азайту үшін басқа шараларды қабылдауды ұсынады. Сондай-ақ сақтық шараларын сақтап, тұмауға қарсы вакцина алу маңызды.
Мектеп оқушысының ұйқы режимі тұрақты және өз жасына сай болуы керек.
Ұсыныстар:
6 жастан 13 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына күніне 9 сағаттан 11 сағатқа дейін ұйықтау ұсынылады.
14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары күніне 8-10 сағат ұйықтау ұсынылады.
Мектеп оқушылары күн сайын, демалыс күндерін қоса алғанда, бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуы керек.
Ұйықтар алдында кофеиннен, күшті сусындар мен ұйқыға кері әсерін тигізетін тағамдардан бас тарту керек.
Ұйықтауға қолайлы атмосфера жасау ұсынылады: тыныш, салқын және қараңғы бөлме.
Мектеп оқушылары ұйықтар алдында мобильді құрылғыларды пайдаланудан аулақ болу керек. Себебі олар ұйқыға кедергі келтіреді.
Кешке шаршап, жақсы ұйықтау үшін күндіз дене жаттығуларын жасау ұсынылады.
Халықаралық қарттар күні
Халықаралық қарттар күні қарсаңында біз тұрғындарымыз үшін ашық кеңестер жүргіздік.
27 қыркүйекте Алматы қаласы ҚДСБ № 8 Қалалық емханасында қарт адамдар үшін Ашық есік күні өтті.
Келушілерге невропатолог, кардиолог, хирург, офтальмолог, уролог дәрігерлері сияқты арнайы мамандарының консультациялары, сондай-ақ қан қысымын өлшеу, ЭКГ, қан мен несептің жалпы талдауы, қандағы қант пен холестеринді жедел зерттеу, көз қысымын өлшеу сияқты бірқатар клиникалық-зертханалық зерттеулер ұсынылды.
№8ҚЕ-да 31 000-нан астам егде жастағы адамдарға қызмет көрсетіледі.
Қыркүйектің 25-інен бастап №8 қалалық емханада тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.
Халықты иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 7500 дозасы алынды.
«Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген және құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар.
Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар жатады.
Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.
Дәрігерлер тұмау асқыну мен өлім қатеріне байланысты қауіпті екенін еске салады. Егер кейбір адам тұмаумен ауырғанда, бірнеше күн ғана қиналса, тұмау нәрестеге, қарт адамға және иммунитеті әлсіреген адамға жұқса, оларда ауру қатты асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы міндетті науқан басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, мегаполисте мектепке 25 мыңнан астам бала барады. Алматы дәрігерлері бірінші сынып оқушыларының ата-аналарынан туберкулезге қарсы іс-шараларға жәрдемдесуді сұрайды. Манту сынамасы адамда туберкулез инфекциясының болуын анықтау үшін жасалады. Бұл ауруды ерте анықтап, уақтылы емдеуді бастау үшін маңызды медициналық сынақ. Манту сонымен қатар балабақшалар мен мектептер сияқты балалар мекемелеріне баратын балалар үшін міндетті медициналық тексеру болып табылады.
«Біздің №8 емхана Алмалы ауданының алты мектебі мен екі гимназиясына қызмет көрсетеді, онда бірінші сыныпқа 844 бала келеді. Бүгінгі таңда біз вакцинация бойынша тиісті біліктілігі бар медициналық бригадалар құрдық. Манту сынамасын қою ейінг бұл қауіп тобындағы балаларды тексеру үшін міндетті шара: иммун тапшылығы және созылмалы аурулары бар балалар, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған пациенттер. Біз ата-аналардың міндетті жазбаша келісімін жинаймыз, бұл мәселеде біз ата-аналардың көмегіне үміттенеміз. Барлық шаралар балалардың туберкулезбен ауыруының алдын алуға бағытталған», – деп түсіндірді Алматы қаласының №8 емханасы бөлімшесінің меңгерушісі Зура Садирова.
Қауіп тобындағы балалар арасындағы ауруды ерте анықтау шаралары арасында Манту – бұл мектеп оқушыларының денсаулығын сақтаудың маңызды шарасы. Үлкен ұжымға кіре отырып, бала тексеріліп, қорғалуы керек. Бұл шаралар белгілі бір нәтиже береді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда туберкулезбен сырқаттанушылық төмендеген. Манту сынамасын алуға жататын 1 сынып оқушыларының тізімін мектеп медицина қызметкерлері дайындады. Рәсім мектептердің егу кабинеттерінде жүргізіледі, онда санитариялық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес барлық қажетті жабдықтар бар.
«Манту сынамасын қою және оны оқу кезеңінде бірінші сынып оқушыларына басқа екпелерді жасау тоқтатыла тұрады. Манту сынамасының нәтижесі күмәнді болатын балалар қосымша тексеруден өтеді: рентгенография, жалпы қан анализі және дәрігердің кеңесі, мүмкін АТР тест те қажет болады. Мұның бәрі мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау және тәуекел тобындағы науқастарды анықтау үшін жасалады. Ата-аналар бас тартқан жағдайда біз мектеп ұжымдарында денсаулығымыздың толық көрінісін жоғалтамыз», – деп нақтылады №8 қалалық емхана директорының орынбасары Гүлмира Байчулакова.
Манту сынамасы оны өткізгеннен кейін 48-72 сағат ішінде оқылады. Нәтиже препаратты енгізу орнында папула (ісіну) мөлшеріне қарай бағаланады. Егер папуланың диаметрі 10 мм-ден асса, бұл оң нәтиже және туберкулез инфекциясының болуы мүмкін екенін көрсетеді. Егер папуланың диаметрі 5 мм-ден аз болса, бұл теріс нәтижені көрсетеді. Егер папуланың диаметрі 5-тен 10 мм-ге дейін болса, нәтиже күмәнді болып саналады және қосымша тексеру қажет болуы мүмкін.
Туберкулездің диагностикасы: Манту сынағы немесе диаскинтест
Манту сынағы кез-келген медициналық тестілеу сияқты белгілі бір аурудың – яғни, туберкулездің бар-жоғын анықтауға арналған.
Манту сынамасынан бас тарту ауруды ерте анықтау мүмкіндігін жіберіп алуы мүмкін, бұл оның өршуіне және асқынуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, Манту сынағы балабақшалар мен мектептер сияқты балалар мекемелеріне баратын балалар үшін міндетті медициналық тексеру болып табылады. Сондықтан, Манту сынамасынан бас тарту баланың білімге және әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігінің болмауына әкелуі мүмкін.
Манту сынамасы оны өткізгеннен кейін 48-72 сағат ішінде оқылады. Нәтиже препаратты енгізу орнында папула (ісіну) мөлшеріне қарай бағаланады. Егер папуланың диаметрі 10 мм-ден асса, бұл оң нәтиже және туберкулез инфекциясының болуы мүмкін екенін көрсетеді. Егер папуланың диаметрі 5 мм-ден аз болса, бұл теріс нәтижені көрсетеді.
Егер папуланың диаметрі 5-тен 10 мм-ге дейін болса, нәтиже күмәнді болып саналады және қосымша тексеру қажет болуы мүмкін.
Бұл ауруды ерте анықтауға және уақтылы емдеуді бастауға мүмкіндік беретін маңызды медициналық тестілеу.
Омырау сүтімен емізу сізді қатерлі ісіктен құтқаруы мүмкін
Алматы қалалық №8 емхана дәрігерінің айтуынша, емізудің ана мен бала денсаулығына тигізер пайдасы көп.
«Омырау сүтімен емізу әйелдің эстроген гармонының деңгейін төмендетеді. Бұл сүт безі мен аналық без обырының даму қаупін азайтады. Сүйектерді нығайтуға және болашақта остеопороз қаупін азайтуға көмектеседі. Емізулі әйелдерде 2 типті қант диабетінің даму қаупі төмендейді. Нәрестені омырау сүтімен емізсе әйел босанғаннан кейін тезірек қалпына келеді, себебі бұл процес жатырдың жиырылуын тездетеді және қан кетуді азайтады. Сонымен қатар, ана өз нәрестесімен арасында үлкен байланысты сезінетіндіктен, оның психологиялық жағдайы да жақсарады», – дейді тәжірибелі педиатр, №8 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Малғараева Ұлболсын Көкелқызы.
Әйелдердің омырау сүтімен емізуден бас тартуының көптеген себептері бар. Мысалы, ананың немесе баланың аурулары, лактация проблемалары немесе емшек сүті арқылы жұғатын аурулар т.с.с. медициналық мәселелер. Одан бөлек, әлеуметтік немесе психологиялық факторлар болуы мүмкін. Мысалы, отбасы немесе жақындары тарапынан қолдаудың болмауы, қоғамдық орындарда емізу кезінде туындайтын қолайсыздық, жұмысқа қайта оралу ниеті немесе емізу процесіне қанағаттанбау. Әрбір әйелдің бұл мәселеде өз таңдауын жасауға құқығы бар екенін және оның шешімін құрметтеп, қолдау қажет екенін есте ұстаған жөн. Дегенмен, қадам жасамас бұрын, қарсы көрсеткіштер ықтималдығын ескеру қажет.
Жаңа туған нәрестеге патронаждық күтім көрсету. Баланың денсаулығы үшін өте маңызды, әсіресе өмірінің алғашқы айларында үлкен күтім қажет. Мейірбике келген кезде үйде болған абзал, себебі ол медицина қызметкеріне баланы бақылауға, денсаулығындағы кез келген проблемаларды немесе өзгерістерді анықтауға және қысқа мерзімде тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда ата-аналарға емхана қызметкерлерінен кеңестер мен ұсыныстар алып, барлық сұрақтарына жауап ала алады.
Патронаж – бұл баланың өсуі мен дамуына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін нәрестелері бар отбасыларға көрсетілетін тегін қызмет. Тәжірибелі медицина қызметкері олардың үйіне барып салмақ өлшеу, дене қызуын өлшеу, сарғаюды тексеру сияқты қажетті медициналық шараларды көрсетеді.
Дәрігер мен медбике ата-аналарға нәресте күтіміне қатысты, тамақтандыру, гигиена және басқа да аспектілер бойынша кеңес береді.
Кариесті емдеуді кейінге қалдыруға болмайды, себебі бұл тістің бұзылуына және дененің басқа бөліктеріне таралуы мүмкін инфекцияларға әкелуі мүмкін. Кариесті ерте кезеңде емдеу асқынған кариесі бар тістерді емдеуге қарағанда оңайырақ. Сондықтан, кариестің алдын алу және уақтылы анықтау үшін стоматологқа жүйелі түрде қаралу маңызды.
Емдеу зақымдалған тіндерді алып тастауды және қуысты пломбамен толтыруды қамтуы мүмкін. Егер кариес емделмесе, бұл тістің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Профилактикалық тексерулер үшін жылына екі рет стоматологқа бару ұсынылады. Егер Сізде ауыз қуысының саулығына байланысты проблемалар болса, №423 кабинетке барыңыз.
№8 емханаға тіркелген келесі санаттарға қарау және емдеу тегін болады:
жүкті әйелдер 2) 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар адамдар
Алтын алқа, Күміс алқа атағы бар көп балалы аналар
жасы бойынша зейнеткерлер
18 жасқа дейінгі балалар
мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
Прегравидальды дайындық-бұл әйелді жүктілікке дайындау процесі. Ол болашақ ана мен баланың денсаулығын оңтайландыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды.
Мұндай іс-шараларға мыналар жатады:
Жүктілікке әсер етуі мүмкін ауруларды анықтау үшін гинекологтың және басқа мамандардың қарап-тексеруі.
Жүктілік кезінде нәрестеге берілуі мүмкін инфекциялар мен вирустарға тест жүргізу.
Баланың сау дамуы үшін барлық қажетті дәрумендер мен минералдардан тұратын оңтайлы тамақтануды таңдау.
Болашақ ананың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесетін тұрақты жаттығулар.
Темекі шегу және алкогольді ішу сияқты жаман әдеттерден бас тарту.
Дәрігер ұсынған дәрумендік кешендерді қабылдау.
Психологиялық дайындық-осы кезеңнен өткен басқа әйелдермен әңгімелесу, арнайы әдебиеттерді оқу және психологпен кеңесу.
Бұл шаралардың барлығы әйелге жүктілік пен босануға дайындалуға, сондай-ақ болашақ нәресте үшін сау бастаманы қамтамасыз етуге көмектеседі.
Онкологиялық аурулар скринингі – бұл аурудың белгілері жоқ адамдарда онкологияның ерте белгілерін анықтау үшін сынақтар мен тексерулерді қамтитын процесс. Скрининг онкологиялық ауруларды ертерек анықтауға көмектеседі, сол кезде олар жеңіл емделеді және толық айығу мүмкіндігі жоғары болады.
Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігін анықтауға арналған зерттеулер
Жатыр мойны обырын анықтау үшін онкоцитологияға жағынды
Көрсеткіштер бойынша өкпенің, бауырдың немесе басқа органдардың қатерлі ісігін анықтау үшін компьютерлік томография (КТ) немесе магнитті-резонанстық томография (МРТ) тағайындалады.
Скрининг дәрігердің ұсыныстарына және жас санаттарына сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер Сізде тұқым қуалаушылыққа немесе басқа факторларға байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупі болса, онда жиі скринингтен өту қажет болуы мүмкін.
Кейбір онкологиялық аурулар ерте кезеңдерде симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ кейінгі кезеңдерде келесі белгілер мен симптомдар пайда болуы мүмкін:
Шаршау және әлсіздік
Себепсіз салмақ жоғалту
Ісік аймағында немесе дененің басқа бөліктерінде ауырсыну
Терідегі меңдердің немесе басқа түзілімдердің түсінің, пішінінің немесе көлемінің өзгеруі
Кетпейтін жөтел немесе дауыстың өзгеруі
Етеккірдің дұрыс емес циклі немесе жыныс мүшелерінен қан кету
Тәбеттің өзгеруі немесе ас қорыту проблемалары
Дене температурасының жоғарылауы немесе түнде терлеу.
Егер Сізде онкологиялық ауруларға күдік болса, диагностикалау және емдеу үшін дәрігерге қаралыңыз. Тұрақты тексерулер мен скринингтер онкологиялық ауруларды ерте анықтауға көмектеседі.
Дәрігерге дейінгі кабинет – алғашқы медициналық тексерулер мен консультациялар жүргізілетін медициналық кабинет. Дәрігерге дейінгі кабинетте науқастарды жалпы тексеруден өткізетін, қан қысымын, жүрек соғысын, дене қызуын өлшейтін, ауру анамнезін алатын және қосымша тексеруге немесе маман дәрігердің кеңесіне жолдама беретін медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Дәрігерге дейінгі кабинет дансаулық сақтаудың алғашқы әрі маңызды бөлігі. Онда ауруларды уақытында анықтап, науқастарды қажетті емге жіберуге көмектеседі.
№ 8 Қалалық емхананың балаларды егу кабинеті ғимараттың екінші қабатында № 206 кабинетте орналасқан.
8.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.
Профилактикалық екпелер ағзаны инфекциялық аурулардан қорғау үшін қажет. Олар белгілі бір ауруларға иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі, бұл олардың алдын алуға немесе ауру ағымын жеңілдетеді. Вакцинация өмірді сақтап қана қоймайды, сонымен қатар алдын алуға болатын ауруларды емдеу үшін кетіретін уақыт пен қаражатты үнемдейді. Сонымен қатар, вакцинация ұжымдық иммунитетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол жеке адамды ғана емес, бүкіл халықты жұқпалы аурулардың таралуынан қорғайды.
Балаларға вакцинация алу өте маңызды, өйткені олардың иммундық жүйесі әлі толық қалыптаспаған және жұқпалы ауруларға осал болып келеді. Вакцинация балаларды көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, В гепатиті, қызылша, қызамық және паротит сияқты күрделі аурулардан қорғауға көмектеседі.
Вакцинациясыз балалар жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы және таратушысы бола алады, бұл олардың және басқалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Балалық шақта вакцинация алу өмір бойы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі, бұл ересек жаста қайта жұқтырудан қорғайды.
еOtinish сервисі арқылы қалай өтініш беруге болады
eOtinish сервисі арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беріп, шағым түсіруге болады. Бұл ТКШ, абаттандыру, заңсыз құрылыс, кәсіпкерлік, құқықтарды қорғау және т.б. мәселеге арналған бірыңғай платформа.
Электрондық жүйе мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға арналған. Порталда мемлекеттік органдағы өтініштің қай сатыда екенін бақылауға болады. Өтінішті қарастыру бастан-аяқ жүйеде сақталады, өтініш беруші өзінің өтініші бойынша бұрын қабылданған шешімдерді көре алады.
Өтінішті eGov порталы, eGov mobile және Aitu мобильді қосымшалары арқылы сайтқа жіберуге болады.
Роликте eOtinish сервисі арқылы қалай өтініш беру керектігін егжей-тегжейлі айтамыз.
Аппендицит пен ішек инфекциясының симптомдары
Аппендицит пен ішек инфекциясының симптомдары қабаттасуы мүмкін, бірақ оларды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін бірнеше белгілер бар:
Ауырсыну: аппендицит кезінде ауырсыну әдетте іштің төменгі оң жақ бөлігінен басталады және уақыт өте келе күшейе береді. Ішек инфекциясы кезінде ауырсыну іштің аймағына таралуы мүмкін.
Дене температурасы: аппендицит кезінде дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі байқалады, ал ішек инфекциясы кезінде температура біршама төмен болуы мүмкін.
Тамақтан уланудың белгілері: егер Сізде құсу, диарея және жүрек айну сияқты белгілер болса, онда Сізде ішек инфекциясы болуы мүмкін.
Емдеуге әсері: егер антибиотиктерді қабылдағаннан кейін симптомдар жақсарса, онда бұл ішек инфекциясы болуы мүмкін. Егер емделгеннен кейін симптомдар жақсармаса немесе нашарласа, бұл аппендицит болуы мүмкін.
Қалай болғанда да, егер Сізде аппендицитке немесе ішек инфекциясына күдік болса, диагностикалау және емдеу үшін дәрігерге жүгіну керек.
Жүктілік кезінде әйелдің жүрегі айтарлықтай күйзеліске ұшырайды өйткені ол тек ананы ғана емес, өсіп келе жатқан ұрықты да қанмен қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде, жүрек көлемі ұлғаяды, жүрек соғысы жиілейді және артериялық қысымы көтерілуі мүмкін.
Сонымен қатар, жүктілік кезінде әйелдерде гестациялық диабет пайда болуы мүмкін, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады. Сондықтан, жүкті әйелдердің тұрақты медициналық бақылаудан өтуі және дәрігердің жүрек саулығы мен жалпы әл-ауқатын сақтау жөніндегі ұсыныстарын орындауы өте маңызды.
Ыстықта онкологиялық ауруларды емдеу ерекше назар мен күтімді қажет етеді. Химиотерапиямен немесе сәулелік терапиямен емдеу кезінде пациенттер иммундық жүйенің қатты әлсіреуін сезінуі мүмкін, бұл ыстық ауа-райында жылу соққысы мен басқа асқынулардың қаупін арттыруы мүмкін.
Дене температурасын бақылау, ұзақ уақыт күн сәулесінен аулақ болу және ең ыстық кезеңдерде физикалық белсенділіктен аулақ болу маңызды. Науқастар дегидратацияның алдын алу және денені қалыпты ылғалдандыру үшін жеткілікті сұйықтық ішуі керек.
Егер пациент қатты шаршауды, бас айналуды немесе басқа ерекше белгілерді сезінсе, дереу дәрігерге жүгіну керек. Дәрігер дәрі-дәрмек режимін өзгертуді немесе ыстық ауа-райында асқыну қаупін азайту үшін басқа шараларды қабылдауды ұсынуы мүмкін.
Сонымен қатар, пациенттер денсаулығын сақтау және иммундық жүйені нығайту үшін ыстық ауа-райында күн тәртібі мен тамақтануды қалай жақсы ұйымдастыру керектігі туралы онкологтан кеңес сұрауы керек.
2-3 аптадан астам уақытқа созылатын созылмалы жөтел.
Қанды немесе қан аралас қақырықпен жөтел.
Тәбеттің төмендеуі және еріксіз салмақ жоғалту.
Шаршау және әлсіздік.
Дене температурасының жоғарылауы, әсіресе кешкі уақытта.
Түнде терлеу.
Тыныс алу немесе жөтелу кезінде кеудедегі ауырсыну.
Ентігу және тыныс алудың қиындауы.
Лимфа түйіндерінің ісінуі, әсіресе мойын немесе қолтықта.
Егер Сізде туберкулезге күдік болса, диагностикалау және емдеу үшін дәрігерге жүгіну маңызды. Туберкулез-бұл медициналық араласуды қажет ететін күрделі жұқпалы ауру.
Тіркеу орнының қолданыстағы телефон нөмірлері!
Құрметті Алматы қаласы Алмалы ауданының №8 қалалық емханаға тіркелген тұрғындары, көрсетілген телефон нөмірлерін уақытша өшіру туралы хабарлаймыз: 374-10-62, 374-10-63, 374-10-64, 374-10-65.
Тіркеу орынға келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 374-10-67, 374-10-68, 374-10-69.
Құрметті тұрғындар, «Аумақты қайта бөлу туралы» Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының 16.06.2023ж. № 02.1-26-192 бұйрығына сәйкес,
Сіздердің учаскелеріңіз «Макиза» ЖШС – «Асмед 2» жеке медициналық орталығының қызмет көрсетуіне көшеді.
Сізде медициналық ұйымды таңдау құқығы сақталатынын хабарлаймыз. МСАК ұйымының ауысуымен келіскен/келіспеген жағдайда, Сіз «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ға жазбаша тәртіппен хабардар етуге тиіссіз.
Барлық сұрақтар мына телефондар арқылы:
242-99-32;
+7 777 826 7156;
+7 707 828 5263.
ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДАН ҚАЛАЙ АУЛАҚ БОЛАМЫЗ?
Жаз – тамаша уақыт, демалыс уақыты, ата-әжелерге бару, көкөністер мен жемістерден ләззат алу, ашық күннің астында Д витаминімен қанығу уақыты. Мұндай уақытта ешқайсымыз уланудың салдарынан қызуымыз көтеріліп, жүрегіміз айнып ауырғымыз келмейді.
Ауаның жоғары температурасы, азық – түлікті сақтау ережелерін бұзу және гигиенаны сақтамау асқазан-ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері болып табылады.
Өзіңізді тамақтан уланудан қалай қорғауға болады және оларды болдырмау мүмкін болмаса не істеу керек?
Тамақтан улану – бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуымен бірге жүретін жіті ауру. Оның себебі ағзаға әртүрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың тамақ өнімдерімен енуі болуы мүмкін. Улану жағдайларының көпшілігі сары стафилакокк пен ішек таяқшасының тағамдарда тез көбеюінен туындайды.
Улану көбінесе жарамдылық мерзімі өткен немесе қолайсыз жағдайларда сақталған немесе санитариялық нормаларды бұза отырып дайындалған сапасыз өнімдерді тудырады. Аурулардың негізгі себептері – бактерия тасымалдау, технологиялық процесс, өнімдерді дұрыс сақтамау және т. б.
Улануды көбінесе дайын тағамдар тудырады – майонез және қаймақ қосылған көп компонентті салаттардың барлық түрлері, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, туралған ет тағамдары, желе және басқалар. Дайын тағамдардан басқа, нашар жуылған жидектер, жемістер мен жаңа піскен көкөністер уланудың себебі болуы мүмкін, өйткені олардың бетінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары қалуы мүмкін.
Егер сіз белгілі үш ережені ұстанатын болсаңыз, өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жазда тамақтан уланудан қорғауға болады:
ГИГИЕНА ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАҢЫЗ:
көшеден үйге келгеннен кейін, тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;
көкөністерді, жемістерді, жидектер мен шөптерді ағын судың астында, ал кішкентай балалар үшін қайнаған сумен жуыңыз;
ыстық және суық тағамдарды дайындаған кезде үйдегі гигиена ережелерін, жарамдылық мерзімдерін және азық-түлікті, әсіресе тез бұзылатын тағамдарды сақтау шарттарын сақтаңыз; шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтау керек;
шикі өнімдерді өңдеу үшін инфекциялық аурулардың алдын алу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану қажет.
ТАМАҚ ПІСІРУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ:
егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дене қызуы, нәжістің бұзылуы, жүрек айнуы, іштің ауыруы болса, қонақтар мен отбасыларға тамақ дайындамаңыз;
жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз;
тағамдарды мұқият қуырыңыз және бумен пісіріңіз, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдері;
қалған тағамдарды бір күннен артық сақтамаңыз, әсіресе салаттар мен туралған ет өнімдері;
торттарды, кремі бар торттарды тоңазытқышта сақтаңыз.
ТАМАҚ САТЫП АЛҒАНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
тағамды дайындауды тексеретін жерден сатып алыңыз, әсіресе ет пен балыққа қатысты.
өнімнің жарамдылық және дайындау мерзімін мұқият оқып шығыңыз, өнімнің сапасын көзбен және иіспен тексеріңіз. Шіріген және көгерген тағамдарды, әсіресе қара көгеруден зардап шеккен тағамдарды жеуге болмайды.
балаларды тамақтандыру үшін хош иістендіргіштері, хош иістендіргіштері, бояғыштары және басқа химиялық қоспалары бар өнімдерді пайдаланбаңыз;
қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу үшін пайдаланыңыз.
Жоғарыда аталған барлық ұсынымдарды орындау сізге жазда ғана емес, жылдың кез келген уақытында тамақтан уланудан аулақ болуға көмектеседі.
Балалар денсаулығы күні №8Қалалық емханада ұйымдастырылды.
31 мамыр мен 1 маусым күндері емхана дәрігерлері, сондай-ақ С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникалық кафедраларының қызметкерлері келесі бейіндер бойынша ашық консультациялар өткізді: кардиолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, хирург, педиатр.
Біздің емханаға 18 мыңнан астам бала тіркелген, диспансерлік есепте 2 мыңға жуық бала тұр.
Балалардың денсаулығы-елдің болашағы, сондықтан балалар жасындағы пациенттерді басқару біздің ұжымның басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Емхананың балалар қызметі Алмалы ауданының 8 мектебіне жетекшілік етеді, біз оқушыларға жыл сайынғы жоспарлы кәсіби тексерулер, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жүргіземіз, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша денсаулық сабақтарын және жасөспірімдерге сауалнама жүргізіп отырамыз.
МСҚ 2023 жылы 1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды.
Өтініштерді Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот пен веб-сайты арқылы да жолдауға болады.