
Жиенбаева Жанара Булатаевна
Директор
Жиенбаева Жанара Булатаевна, 1982 жылы дүниеге келген. 2006 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу ісі факультетін «Терапия» мамандығы бойынша тәмамдаған. Тұрмыста, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі — 15 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда — 6 жыл.
2006–2007 жылдары Қазақстан медицина университетінде «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
2010 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында (АМДБЖИ) «Кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
2011 жылы — АМДБЖИ-де «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өтті.
2018 жылы Қазақстандық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» базасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
Еңбек жолын «Отбасы және денсаулық» медициналық орталығында терапевт-дәрігер ретінде бастады.
2011 жылдан бастап Алматы қаласының №9 қалалық емханасында учаскелік терапевт-дәрігер болып қызмет атқарды.
2012 жылы — №9 ҚЕ-де ультрадыбыстық допплерография (УДДГ) дәрігері.
2013–2017 жылдар аралығында — №24 ҚЕ-де УДДГ дәрігері.
2017–2018 жылдары — №24 ҚЕ зертханалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі.
2018–2019 жылдары — №24 ҚЕ бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2019 жылдан 2023 жылдың 12 қыркүйегіне дейін — Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№8 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» медалі (2023);
- «Алтын дәрігер» медалі (2023).