Жанара Булатаевна Жиенбаева

Алматы қаласының “№8 қалалық емхана” ұжымының атынан Сіздерді біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер деймін!

Сіздің денсаулығыңыз – алғашқы медициналық-санитарлық көмек, яғни денсаулық сақтау қызметінің басты басымдығы. Біздің қызметтер емделушілер мен отбасына бағытталған.

Білікті мамандар тобы ересектерге де, балаларға да өз ісіне шынайы қамқорлықпен, ұқыптылықпен және қайырымдылықпен медициналық көмек көрсетуге дайын. Егер сіздің денсаулығыңызда мәселе болса, дереу дәрігерлермен кеңесіңіз.

Өз біліміміз бен тәжірибемізді пайдалана отырып, біз сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіруге және сақтауға бар күшімізді саламыз.

Сонымен қатар, біз сізді денсаулығыңызға ұқыпты қарауға, профилактикалық және диспансерлік тексерулерден уақтылы өтуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

Біздің ресми сайтта сіз емхананың құрылымы мен қызметі, медициналық қызметтер, медициналық кадрлар, нормативтік-құқықтық актілер, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала аласыз.

Денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы Сізді толғандыратын мәселелерді талқылауға қуаныштымыз. Кері байланыс арқылы сізбен пікір алмасуға, емхананың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

Біз бірге жұмыс сапасын жақсартып, қол жетімді медициналық көмек деңгейін көтере аламыз, қоғамымызды сау және бақытты ете аламыз.

Біз сізді Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымыздан көруге қуаныштымыз.

Сіздерге құрметпен, Жиенбаева Жанар Болатайқызы – “№8 қалалық емхана” ШЖҚ КМК директоры.