Халықаралық қарттар айына орай №8 қалалық емханасының әлеуметтік қызметкердің ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өтті.
Шара аясында қызметкерлері қарт кісілерді үйіне барып, медициналық тексерістер жүргізіп, дәрігерлік кеңестер берді.
Қан қысымы, қант, холестерин деңгейі өлшеніп, денсаулықты сақтау бойынша кеңестер ұсынылды. №8 қалалық емхана ұжымы қарттарды құрметтеу – әр буынның басты міндеті екенін атап өтіп, ардагерлердің денсаулығы мен амандығы үшін осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.