Ми ісігін қалай анықтауға болады?

Бас миындағы жаңа түзілістер көп жағдайда ұзақ уақыт бойы ешқандай анық белгілерсіз дамуы мүмкін.

Алайда мынандай белгілерге мұқият қарау қажет:

  • Уақыт өте күшейетін тұрақты бас ауруы
  • Себепсіз жүрек айнуы немесе құсу
  • Көру, сөйлеу немесе есту қабілетінің бұзылуы
  • Қол-аяқтың ұйып қалуы, әлсіздік
  • Тепе-теңдік пен қозғалыс координациясының жоғалуы
  • Мінез-құлық пен есте сақтау қабілетінің өзгеруі
  • Талма (әсіресе бірінші рет пайда болса)

Осындай белгілер байқалса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз. Уақытылы тексерілу (МРТ, КТ, невропатолог кеңесі) — денсаулықты және өмірді сақтап қалудың кілті.