Бүгін бас мейірбике Бақбергенова Диана Руфатқызы емхананың аға мейірбикелері мен бөлімше мейірбикелері арасында семинар өткізді.
Семинарда мейіргерлік жұмыстың жаңаша ұйымдастырылу қағидалары, негізгі даму бағыттары, мейірбике қызметтерінің заманауи басқару жүйесі, мейірбике ісінің даму мәселелері қозғалды.
Яғни осы буын өкілдері денсаулық сақтау саласының алға жылжуына үлкен үлес қосып, отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеріп, өздерінің күнделікті тәжірибесінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыра отырып, мейірбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша айтарлықтай еңбек етіп келеді.