Вакцинация — аурулардың алдын алудың тиімді жолы

Профилактика апталығы аясында №8 қалалық емханада тұмау мен пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация мәселелері бойынша жеке кеңес беру өткізілді.

Медицина мамандары пациенттермен әңгімелесіп, вакцинацияны уақтылы жүргізудің маңыздылығы, оның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі туралы түсіндірді. Сонымен қатар екпе салуға қатысты көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер және вакцинация жүргізу тәртібі туралы сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараны №8 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Брекешева Айгерім Әлвиевна жалпы практика дәрігерлерімен бірлесіп өткізді.