«Таза қол — инфекциядан қорғаныс» санитариялық-ағарту акциясы

Профилактика апталығы аясында №8 қалалық емханада мейіргерлер «Таза қол — инфекциядан қорғаныс» тақырыбында санитариялық-ағарту акциясын өткізді.

Акция барысында пациенттерге жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудың және қолды дұрыс өңдеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ қол гигиенасын қарапайым әрі жүйелі түрде сақтау жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетуге көмектесетіні айтылды.

Мейіргерлер қолды дұрыс жуу және антисептикпен өңдеу техникасын көрсетіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.