Профилактика апталығының ашылуы

Профилактика апталығы аясында №8 қалалық емханада «Тұмау, ЖРВИ және пневмококк инфекциясы: белгілері, алдын алу және емдеу» тақырыбында ақпараттық әңгіме өткізілді.

Іс-шараны №8 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Брекешева Айгерім Әлвиевна жалпы практика дәрігерлерімен бірлесіп өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға төмендегідей маңызды ақпараттар ұсынылды:

  • тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және пневмококк инфекциясының негізгі белгілері;
  • аурулардың алдын алу шаралары және жұқтыру қаупін төмендету жолдары;
  • медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы;
  • жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі — вакцинацияның маңызы.