Берік әрі дені сау отбасы — қоғамның әл-ауқаты мен тұрақтылығының негізі. Отбасында адамның өмірлік құндылықтары, эмоционалдық жағдайы және өзара қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
№8 қалалық емхананың психологы Данебекова Жадыра ата-аналар мен тұрғындарға психологиялық кеңес беріп, отбасындағы қарым-қатынас, өзара түсіністік, балаларға эмоционалдық қолдау көрсету және отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша пайдалы ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар тұрғындарға психологиялық денсаулықты сақтауға және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратылды.



