Балаларды қорғау күніне орай №8 қалалық емханада ашық есік күні өтті!

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында №8 қалалық емханада балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен мамандар кеңесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ата-аналар мен бүлдіршіндер педиатр, стоматолог, невропатолог, ЛОР дәрігері, травматолог, инфекционист, акушер-гинеколог және басқа да салалық мамандардан тегін кеңес алды.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, профилактикалық шаралар мен балаларға арналған қызықты бағдарламалар өткізілді.

Ерекше қажеттілігі бар және диспансерлік есепте тұрған балаларға ерекше көңіл бөлініп, медициналық көмектің қолжетімділігі арттырылды.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және жас ұрпақ арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Балалардың саулығы – қоғамның жарқын болашағы!