№8 емханада тыл ардагерлері үшін Ашық есік күні

Ұлы Отан соғысы күніне орай №8 қалалық емханада тыл ардагерлеріне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ардагерлер уролог, кардиолог, невропатолог, эндокринолог және ЛОР дәрігерлерінің қабылдауынан өтті. Сонымен қатар УЗИ тексерісінен өтіп, ЭКГ түсіріліп, қажетті зертханалық анализдер тапсырылды. Дәрігерлер тарапынан жан-жақты кеңестер беріліп, әрбір келушіге ерекше көңіл бөлінді.

Бұл күн – бейбіт өмір үшін аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетудің тағы бір жарқын көрінісі болды. Ардагерлерге ізгі тілектер айтылып, алғыс білдірілді.