Алматыда балалар церебралды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балаларды оңалтудың заманауи әдістері енгізілуде. Соның бірі – бұлшықет спастикасын азайтып, кішкентай науқастардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін ботулинотерапия.
Алматы қаласындағы №8 қалалық емханада 2018 жылдан бері ботулинотерапия кабинеті жұмыс істейді.
Мұнда балаларға кешенді оңалту аясында мамандандырылған көмек көрсетіледі.
- Ботулинотерапия
- бұл бір реттік емшара емес, жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Тұрақты нәтиже алу үшін біз оны міндетті түрде оңалту шараларымен бірге жүргіземіз,
- дейді Алматы қаласы №8 емханасының невропатолог
- дәрігері, ботулинотерапевт Алибекова Айтолкын Куланкадыровна.
Емдеу үдерісі мұқият диагностикадан басталады. Дәрігерлер ботулиндік токсин типі А инъекциясын жасауға көрсетілімдерді анықтап, «нысана-бұлшықеттерді» таңдайды және дозасын есептейді – әр бұлшықетке, әр енгізу нүктесіне, сондай-ақ бір процедураға арналған жалпы мөлшері анықталады. Ем басталар алдында ата-аналар ақпараттандырылған келісімге қол қояды, содан кейін инъекция жасалады.
Алайда мамандардың айтуынша, негізгі нәтиже кейінгі оңалтуға тікелей байланысты.
- Инъекциядан кейін ең маңызды кезең
- қалпына келтіру емі басталады. Онсыз айқын әрі ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес,
- дейді дәрігер.
Оңалтудың негізін емдік дене шынықтыру (ЕДШ) құрайды: жаттығулар аптасына 3–5 рет өткізілуі тиіс, ал үй жағдайындағы жаттығулар күн сайын орындалуы қажет. Мүмкіндік болса, физиотерапевт, кинезиотерапевт және эрготерапевт мамандары да тартылады. Бұл тәсіл қозғалыс көлемін арттыруға, әлсіз бұлшықеттерді белсендіруге, дұрыс қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, жүруді жақсартуға және баланың дербестігін арттыруға көмектеседі.




