Денсаулық мектебі апталығы аясында №8 қалалық емханасында мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында оқушылар скринингтік тексерулерден өтіп, өз денсаулықтарының жай-күйін анықтауға мүмкіндік алды. Дәрігерлер балаларға салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану және аурулардың алдын алу бойынша пайдалы кеңестер берді.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Денсаулық – ең басты байлық! Әрбір бала дені сау, болашағы жарқын болсын!





