Бүгін №8 қалалық емхананың конференц-залында медициналық қызметкерлерді қорғауды күшейтуге бағытталған 2026 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасында қабылданған заң нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті.
Аталған заң қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіп, дәрігерлерге, мейіргерлерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолдану фактілеріне қатысты жауапкершілікті күшейтуді көздейді.
Семинар барысында №8 қалалық емхананың заңгері Мусаканова Р.Р. медицина қызметкерлеріне заңның негізгі ережелерін, олардың құқықтары мен құқықтық қорғану шараларын, сондай-ақ пациенттер немесе басқа тұлғалар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер орын алған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және медициналық ұйымдарда қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған.






