Бүгін №8 қалалық емхана ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қызметкерлерге конституциялық түзетулердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, референдумның ел дамуы үшін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс екені атап өтілді.
Жиын соңында ұжым мүшелері азаматтық белсенділік танытып, референдумға жауапкершілікпен қатысудың маңыздылығына назар аударды.





