2026 жылғы 18 ақпанда №67 және №144 мектептерінде «Туберкулездің алдын алу, жұғу жолдары және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараларды балалар дәрігер-фтизиатры Агибаева Ж.А. және СӨС дәрігері Брекешева А.А. жүргізді.
Кездесу барысында мамандар туберкулездің жұғу жолдары, оның негізгі белгілері, алдын алу шаралары және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану, күн тәртібін сақтау және иммунитетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара ашық сұхбат форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ білім алушыларға туберкулездің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жадынамалар таратылды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, аурудың алдын алуға бағытталған білімдерін нығайтуға ықпал етеді.
Денсаулық – әр адамның басты байлығы! Оны бірге сақтайық!

