Қосымша тағамдарды енгізу бойынша ата-аналарға арналған Мастер-класс

№8 қалалық емханада С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ассистенті Бокетова Б.Н. және 5 курс Педиатрия (021-001 топ) студенттерінің қатысуымен, Бала даму кабинетінің мейірбикесі Қуатбаева У.А., Салауатты өмір салты дәрігері Берекешова А.А., сондай-ақ аймақтық патронаж мейірбикелерімен бірлесе отырып, ата-аналарға арналған балаларға қосымша тамақ енгізу бойынша мастер-класс өткізілді.

Мастер-класс барысында жас аналарға балаларға қосымша тамақты енгізудің ерекшеліктері, кезеңдері, тағам түрлерін дұрыс таңдау және оның бала денсаулығы мен дамуына тигізер маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, тәжірибелік кеңестермен танысты.

Мұндай іс-шаралар ата-аналардың білімін арттырып, балалардың салауатты өсуі мен дұрыс дамуына өз үлесін қосады.