Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және алдын алу мақсатында №144 мектепте «Жасөспірім қыздардың жеке гигиенасы» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында танымдық кездесу өтті.
Кездесуге акушер-гинеколог Саркамбаева Сауле Альмухановна мен салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Брекешева Айгерим Альвиевна қатысты.
Мамандар оқушыларға жеке бас гигиенасын сақтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және өз болашағына қамқор болудың маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Осындай кездесулер жасөспірімдерге дұрыс ақпарат алып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді!