#8 қалалық емханасы салауатты өмір салтын сақтау дәрігері Берекешова Айгерім
Онкологиялық аурулар – бүгінде әлемде кең таралған және қауіпті дерттердің бірі. Бірақ оларды ерте анықтап, дұрыс алдын алу шараларын сақтау арқылы болдырмауға немесе дер кезінде емдеуге болады.
Алдын алу шаралары:
Дұрыс тамақтану:
Жеміс-жидек пен көкөністі көп тұтынып, майлы, қақталған және тұздалған тағамдарды азайтыңыз.
Зиянды әдеттерден бас тарту:
Темекі мен алкоголь – онкологияның басты қауіп факторлары.
Қозғалыс – өмір:
Күніне кем дегенде 30 минут белсенді қозғалыс (жаяу жүру, жаттығу) ағзаны күшейтеді.
Ден салмағын бақылау:
Артық салмақ – көптеген қатерлі ісіктердің даму қаупін арттырады.
Күннен қорғаныңыз:
Тікелей күн сәулесінен қорғанып, SPF-крем қолданыңыз.
Уақтылы медициналық тексеруден өтіңіз:
Онкологиялық скрининг – қауіпті ісіктерді ерте анықтаудың тиімді жолы.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – скринингтен өтіңіз, салауатты өмір сүріңіз!
Қосымша ақпарат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге немесе #8 қалалық емханаға жүгініңіз.
#СалауаттыӨмірСалты