№8 қалалық емханасында Әкелер күніне орай ерекше іс-шара ұйымдастырылды

Емхана директоры мерекеге орай ұжымдағы ер азаматтарды арнайы құттықтап, олардың отбасындағы және қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, “Көпбалалы әке” және “Үлгілі әке” номинациялары бойынша Алғыс хаттар табыстады.

Бұл шара – әкелердің еңбегін бағалауға, олардың жауапкершілігі мен тәрбиелік рөлін насихаттауға бағытталған игі бастама болды. Марапатталған әріптестерге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен еңбекте табыс тілейміз!