«AMANAT» партиясы өкілдерінің «Денсаулық – ҚЕ #8» бастауыш партия ұйымына іс-сапары
«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының департамент директорының орынбасары Жандос Қалтаев, департамент инспекторы Жанар Машенова, партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Нармағамбетов және Орталық аудандық филиалының төрайымы Нейла Ордабаева қалалық №8 емхананың жанындағы «Денсаулық – ҚЕ #8» бастауыш партия ұйымына іс-сапармен келді.
Қонақтарды емхананың басшысы әрі бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанар Жиенбаева қарсы алып, ұйым жұмысы, партияның саяси бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан іс-шаралар, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
Бүгінде «Денсаулық – ҚЕ #8» ұйымы 100-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған, аудан аумағындағы белсенді әрі үлгілі бастауыш ұйымдардың бірі болып табылады.
Іс-шара аясында тараптар өзара тәжірибе алмасып, болашақтағы міндеттерді тиімді үйлестіру жолдарын талқылады.