Аптаның 3-күні #8 қалалық емханада әйелдер денсаулығы мен саналы аналыққа арналды.
Осы күн аясында Жүктілікке дайындық мектебі мен Отбасыны жоспарлау мектебінде сабақтар өтті.
Гинекологпен психолог жүкті әйелдер мен әйелдер консультациясына келгендерге арналған семинар өткізді.
Талқыланған тақырыптар:
- «Жалған толғақ пен шынайы толғақты қалай ажыратуға болады?»
- «Жүктілік кезіндегі мазасыз белгілер»
Қатысушылар маңызды ақпарат алып, тәжірибелік кеңестер мен психологиялық қолдау алды.
Өзіңе қамқорлық жасау — болашақ ұрпаққа қамқорлықтың алғашқы қадамы!
#СалауаттыҰрпақ2025 #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025