Репродуктивті денсаулық апталығының 3-күні көбінесе назардан тыс қалатын маңызды тақырып — ерлердің денсаулығына арналды.
Күннің мақсаты — ер адамдардың репродуктивті және жалпы денсаулығы туралы білім деңгейін арттыру, медициналық көмекке жүгінуге қатысты стереотиптер мен стигмаларды жою, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын көрсету.
Бүгін №8 қалалық емханада осы емханаға тіркелген ер адамдар үшін урологтың тегін консультациялары өтті. Ер азаматтар кәсіби кеңес алып, маңызды сұрақтарына ұялмай жауап алды.
Нағыз күш — денсаулыққа қамқорлық жасауда!
#СалауаттыҰрпақ2025 #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025