“Таза Қазақстан” экологиялық платформасы” кешенді жобасын жүзеге асыру мақсатында Алмалы ауданында түрлі шаралар өткізілуде.
Осыған орай, біздің №8 Қалалық емханамызда жоспар бойынша экологиялық тәрбие мен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ағарту, үгіт іс-шаралары, сондай-ақ, сенбілік, ағаш отырғызу шаралары өткізіледі.
Соның бірі, емхананың салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігері Брекешова Айгерім емхана тіркелушілеріне қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында үйде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді, дәрумендерді емханада арнайы орнатылған қалдықтар жәшігіне салуы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Хештеги:
- #АлматыНашОбщийДом
- #НасМногоГородОдин #АлматыБіздіңОртақҮйіміз
- #ТазаҚазақстан
- #ҚалаБіреуХалықТіреу
- #АлматыБіздіңОртақҮйіміз