Алғыс айту күніне ерекше шара өткізілді

Көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін ерекше мереке – Алғыс айту күні! Бұл күн – мейірімділік пен ризашылықтың, бауырмалдық пен достықтың символы. Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын ізгі қасиет, қарапайым адамгершілік парыз.

Алғыс айта білген адам – алғысқа бөленеді. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын жақындарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға ризашылығымызды білдіріп жүргеніміз абзал.

Бүгінгі мерекеге орай, емхана ұжымы ерекше шара ұйымдастырып, жылы лебіздерімен, құттықтауларымен, ыстық бауырсақтарымен емхана тіркелушілерін қуантты. Шараны өткізген барша қызметкерлерімізге алғысымыз шексіз!

Алғыс айту – жүректен шыққан ең жылы сөз!

  • #1Наурыз
  • #АлғысАйтуКүні