2025 жылдың 27 қаңтарында №8 қалалық емханада инсульт белгілері, оның алдын алу және емдеу туралы ақпараттандыру мақсатында Денсаулық мектебінен «Мектеп инсульті» тақырыбында сабақ өтті. Дәріске науқастар, олардың жақындары және қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты.
Салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігер Брекешева А.А инсульт белгілері туралы хабардар болу маңыздылығын атап өтті. №8 қалалық емхана невропатолог дәрігері Сексенбаева Г. Ж инсульттің пайда болу себептері, алғашқы медициналық көмек көрсету және оңалту әдістеріне тоқталды. Сондай-ақ инсульт түрлері мен оңалту әдістері туралы мәліметтер беріліп, физиотерапиялық жаттығулар жасалды.