28.01.2025 ж. №8 қалалық емханада “жүкті әйелдердегі дабыл белгілер. Жүкті әйелдердегі депрессиялық жағдай” атты дәріс өткізілді. Дәрісті психолог Ж. Ж. Данебекова және аға акушері С. А. Саркамбаева жүргізді.
Қатысушылар босанудың басталу белгілері, перзентханаға не әкелу керек және қашан бару керек, босануға қалай дайындалу керектігі туралы мәліметтер алды.
Дәрісте ата-ананың босану кезіндегі баламен эмоционалды байланысы, үшінші триместрдегі гимнастика, сондай-ақ медитация мен бақытты босануға деген секілді оң көзқарасқа ерекше назар аударылды.
Сабақ соңында психолог Ж. Ж. Данебекова “Жүкті әйелдердің мазасыз жағдайы” тақырыбында шағын психологиялық тренинг өткізді.