Обязательное социальное медицинское страхование
Денсаулық мектебінде кардиологиялық қабылдау өтті

Денсаулық мектебінде кардиолог дәрігер Мажанова Ару Тлековнаның қатысуымен артериялық гипертензия (АГ) және жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бойынша қабылдау өтті. Қабылдау барысында пациенттерге жеке кеңестер беріліп, артериялық қысымды бақылау, асқынулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді.

Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алу

28.01.2026 ж. №62 гимназия-мектебінде 8–9 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға 150 оқушы қатысты. Өткізу форматы — дәріс және психологиялық кеңес беру элементтері бар әңгіме. Іс-шараны №8 қалалық емхананың мамандары өткізді: салауатты өмір салты дәрігері — Брекешева А.А., психолог — Болтекова А.М. Психолог тарапынан эмоционалдық қолдауды қалыптастыруға және өзін-өзі […]

Әлеуметтік маңызды ауруларды тегін диагностикалау жеңілдеді

№8 қалалық емханасының статистика бөлімінің жетекшісі Молдамырза Санжар Сейітқалиұлының айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енді. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша диагностика, бақылау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі. Ал созылмалы аурулары бар азаматтарға медициналық қызметтер МӘМС жүйесі арқылы ұсынылады. […]

Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК
Адрес:

Республика Казахстан, город Алматы, 050000, улица Туркебаева 40