Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін қамтитын көпсалалы медициналық ұйым Алматы қаласы, Алмалы ауданында Түркебаев көшесі 40 мекенжайында орналасқан.
Емхана ересек тұрғындарға, балаларға және әйелдерге бір мезгілде білікті, мамандандырылған, шұғыл, жоспарлы, алғашқы медициналық-санитариялық, емдеу-диагностикалық және консультациялық медициналық көмек көрсетеді. №8 Қалалық емхана инфрақұрылымы дамыған халық саны тығыз орналасқан ауданда орналасқан. Қаланың Алмалы және Жетісу аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді, жалпы саны – 58646 адам. Оның ішінде ерлер – 26333, әйелдер -32314, балалар – 18788.
Емхана ғимараты типтік, жоспарлы қуаттылығы бір ауысымда 500 адамды қабылдайды. Құрамында барлық қажетті құрылымдық бөлімшелері бар: жалпы практика дәрігері бөлімшесі, акушерлік-гинекологиялық, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше орналасқан. Сүйек-бұлшықет жүйесінің патологиясымен оңалтудың үшінші кезеңіне жататын пациенттерге арналған (омыртқа жарақатынан, хирургиялық араласудан, сыну, даму ақауынан кейін), нейрохирургиялық және неврологиялық пациенттерге (нерв жүйесі айналасындағы жарақат пен хирургиялық араласудан кейінгі, сал ауруы, инсульт және т.б.) кардиологиялық пациенттерге арналған (жіті миокард инфарктісі, жүрек-қантамыры патологиялары кезінде) Амбулаториялық Оңалту орталығы ұйымдастырылған және жұмыс жасайды.
Барлығы 4 терапиялық, 4 педиатриялық, 28 ЖПД учаскелері бар. Консультациялық-диагностикалық бөлімше 19 мамандық түрі бойынша медициналық көмек көрсетеді.
Барлық мамандардың сәйкестік сертификаттары бар, уақтылы біліктілігін арттырудан өтеді. 2021 жылы емхана бірінші санатты бере отырып, 3 жыл мерзімге ұлттық стандарттарға сәйкес аккредиттеуден өтті.
Біздің негізгі міндетіміз: денсаулық мектебінің жұмысын, ауруларды басқару бағдарламасын оңтайландыру арқылы олардың денсаулығын нығайтуға, алдын алуға, скринингке және ерте араласуға қызығушылығын арттыра отырып, халықтың қажеттіліктері мен үміттеріне жауап беретін отбасылық қызмет көрсету қағидаты бойынша МСАК пациентке бағдарланған моделін жетілдіру.
Біз азаматтардың жеке өтініші кезінде, телефон арқылы, http://egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы, емхананың электрондық сайты арқылы: http://gp8.kz, сондай-ақ DamuMed мобильді қосымшасының көмегімен https://lkp-alm.dmed.kz / халқымыздың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жоғары сапалы және білікті медициналық қызметтер көрсете отырып, халық үшін жұмыс істейміз.
Біздің негізгі құндылықтарымыз: Ашықтық – тәртіптілік пен адалдық қағидаттарын сақтау. Кәсібилік – үнемі даму мен жетілдіруге негізделген білімнің, мүмкіндіктер мен тәжірибенің бағыты. Емханада «Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі» (бұдан әрі – ПҚжәнеІАҚ) жұмыс істейді, телефондары: 373-93-04, 8 708 970 46 63 және Call-орталығы (тел.: 391-28-31) қызмет етеді, сондай-ақ, емхананың веб-сайты www.gp8.kz, бас дәрігердің блогы бар Емхана Интернет желісіне қолжетімділігі бар компьютерлік техникамен, медициналық ақпараттық жүйелермен және оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялаумен жарақтандырылған.