Жаналыктар

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы

Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күн көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.22-наурыз күнмен түннің теңесуі күні(парсы тілінен аударғанда нов-жаңа +роуз-күн,мағнасы жаңа күн яғни жаңа жыл,күн өсуін белгілейді екен)2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы 21 наурызды -Халықаралық Наурыз күні деп бекітті. Біздің емханамызда бүгін Наурыз мейрамы аталып өтті. Бас дәрігер […]

Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні жоғары сынып оқушылары тақырып бойынша диктант жазды. «Туберкулез. Біз ол туралы не білеміз? «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» тақырыбында презентациялар өткізілді. №8 емхананың фтизиатр, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігерінен құралған қызметкерлері №58 орта мектепте Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Мектеп оқушылары […]

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні!

2023 жылдың 06.03-12.03 апталық аралығында жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат. ШЖҚ «Қалалық емхана №8» КМК 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні! Осыған орай, емханамызда (24 ақпан-24 наурыз аралығында) профилактикалық айлықта бастау алған іс-шаралар, халық арасында жұқпалы аурудың алдын-алу бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіліп жатыр. Емдеушілерге туберкулез ауруы, бастапқы белгілері, сақтану шаралары туралы санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде […]

8-НАУРЫЗ мерекеге орай ашық есік күнін өткізу туралы ақпарат

Халықаралық әйелдер күні – жыл сайын бірқатар елдерде 8 наурызда тойланатын мереке. 8 наурыз әйелдердің құқықтары мен эмансипациясы үшін күресте әйелдердің ынтымақтастығы күні ретінде пайда болды.1910 жылы Копенгагенде өткен социалист әйелдердің халықаралық конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысымен Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу туралы шешім қабылданды. 06.03. 2023 жылы «№8 қалалық емхана» 8 наурыз мерекесіне орай ашық есік […]

2023жылдың 27 ақпан-03 наурыз аралығында өткен жұмыс туралы ақпарат ШЖҚ «Қалалық емхана №8» КМК

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні жыл сайын 1993 жылдан 24 наурызда атап өтіледі .себебі дәл осы күні1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез қоздырғышын тапқаны туралы жариялаған. Туберкулез жұқпалы аурулардың ішінде ең қаутісі болып қалуда. Ағымдағы жылдың 24 ақпан-24 наурыз аралықта «Туберкулезге қарсы күрестің»дүниежүзілік айлығы жарияланды. Емханада осы аптада […]

1-наурыз- «Алғыс айту» күніне арналған жұмыс туралы ақпарат

1-наурыз- «Алғыс айту» күніне арналған жұмыс туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалық Емхана» КМК Елімізде 1-наурыз Алғыс айту күні болып 2016 жылдап бастап атап өтілуде. 2016 жылдың 14 қаңтарында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Алғыс айту күні- бұл тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген […]

Мастер класс

Балаларды дамыту бөлмесінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат «№8 Қалалық емхана» Тақырыбы: ИВБДВ Жас баланы дурыс тамақтандыру. Қосымша тамақ Дәрігер- педиатр: Акбарова Г.Т. Мейірбике КРР: Куатбаева У.А Қатысқандар: ата-аналар, аймақтық дәрігерлер және мейірбикелер. Қатысушылар саны: 25 Негізгі жоспар: Жас балага дурыс тамақтануды еңгізу Жас балаға дұрыс қосымша тамақ дайындау методикасы. Баланың толыққанды тамақтануы . Балаларда кездесетін […]

13.02-22.02 апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК 13.02.2023ж.

Тақырып: «Балалармен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары». Суицид алдындағы синдром: Суицидке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Суицид жасаудың бірнеше себебі бар: Генетикалық. Яғни, адамның генінде болады. Бала кезде алған жарақат. Психикалық бұзылыс. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу мақсатында […]

02.02-12.02.20203ж. апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалаық емхана» КМК

02.02-12.02.20203ж. апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалаық емхана» КМК Тақырып: «Электрондық темекілер мен Вейптердің тұтынудың алдын алу». «Мен және менің ауламдағы компаниям және достарым.» Вейп – аккумулятор және буландырғыштан тұратын электронды сигареттің бір түрі. Шылымқорлар бұл аппаратты денсаулыққа ешқандай қаупі жоқ деп есептегенімен,адам денсаулығына өте зиян және аса қауіпті болып саналады. Әрбір […]

«Глаукома-көздің жасырын жауы»

Суқараңғы-глаукома. Ол қазақша «көк түсті су» деген мағнаны білдіреді,себебі қарашық сары түсті суға толы сияқты болады. Көз үнемі сұйықтық шығарады,ескі сұйықтық үнемі ағып отыру керек. Көздің ішкі қысымы белгілі бір деңгейде (орталық мөлшері 11– 21 мм сын.бағ.) көздің ішкі сұйықтығының циркуляциясын реттеп отырады. Көздің қан тамырлары мен оған келетін жүйкелер қызметінің бұзылуынан көз сұйықтығының циркуляциясы […]

16.01-22.01.2023ж.апта аралағында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

16.01-22.01.2023ж.апта аралағында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК Тақырып: Предиабет немесе диабеталды жағдай. Предиабет немесе диабеталды жағдай- бұл қандағы қанттың (глюкозаның) мөлшері қалыптыдан жоғары болғанымен, бірақ қант диабетіне жатқызу үшін әлі жоғары емес мөлшер.Ашқарынға өлшенетін қант мөлшері нормасы— от 3,9 до 5,6 ммоль/л.,егер анализ нәтижесі 5,6-дан жоғары 6,9 ммоль/л,. көрсетсе предиабет яғни […]

09.01-15.01.2023ж.апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

09.01-15.01.2023ж.апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ШЖҚ «№8Қалалық емхана»КМК Тақырып: Иіс газымен улану себептері және алғашқы көмек. Көмірқышқыл газбен улану адам өліміне алып келуі мүмкін,өйткені ол өте улы сондықтан аз уақыт ішінде ағзаға ауыр зиянын тигізеді. Иіс газы көміртектің ауа жеткіліксіз болған жағдайда жану кезінде пайда болады. Өмірде көміртегі оксидімен уланғанда иіс тиді дейді. Оның […]

09.01-15.01.2023ж апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

09.01-15.01.2023ж апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» Тақырып: «Скрининг деген не?» Скрининг-сау адамдарды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу,ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау. Скрининг ауқымына мыналар кіреді:антропометриялық өлшемдер ( бой,дене салмағы,бел шеңбері) және қан қысымын өлшеу.Зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу. Зерттеу нәтижесінде анықталған патологиясы бар пациенттер динамиқалық бақылауға қойылады. Скрининг қорытындысы […]

09.01-15.01.2023ж аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

09.01-15.01.2023ж аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК Тақырып: Холестерин туралы не білеміз? Холестерин деген-қан құрамында болатын заттардың ең негізгісі.Холестерин ежелгі грек тілінен аударғанда «қатты өт»деген мағынаны білдіреді. Адам ағзасында холестериннің 80 пайызы бауырда түзіледі,,ал қалған 20 пайызы тамақпен -жануар өнімдерімен түседі Холестерин ағзаға өте қажет нәрсе: Д3 дәруменін және түрлі гормондар […]

Тақырып: Тұмау

05.01-08.01.аралығында өткен іс-шаралар туралы ақпарат. Тақырып:Тұмау Тұмау белгілері:дене қызуының көтерілуі,қалтырау,баспен бұлшық ет,тамақтың ауыруы,жөтел және әлсіздік. Тымау тез өрбиді. Алдын алу шаралары: науқас адамға бетперде тағу. қолды сабынмен жуу,мұрын және ауыз қуысын тұз ерітіндісі қосылған сумен тазалау. жөтелу әдебін сақтау. түшкіргенде,жөтелгенде мұрын және ауызды бірреттік орамалмен жабу. бөлмені уақытылы желдетіп,ауаны тазарту. салауатты өмір салтын ұстанып,құнарлы тамақтану№

Туберкулез

2023 жылдың 04.01-08.01 аралығындда өткізілген іс-шаралаар туралы ақпарат. Туберкулез. Алдын -алу жолдары. Туберкулез ұлттық індетке айналмасын. Туберкулез ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру.Туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы жұғатын болғандықтаан туберкулезбен зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады.Науқас сөйлегенде,жөтелгенде немесее қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериямен ластайды. Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың қорғаныс жүйесі әлсіз болса,олардың туберкулез ауруынаа шалдығу […]

«№8 Қалалық емхана» бойынша Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар туралы акпарат

«№8 Қалалық емхана» бойынша Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар туралы акпарат. Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандарға №8 Қалалық емханада 14 желтоқсан күні ашық есік ұйымдастырылды. Қантқа, холестеринге анализдер алынды, ЭКГ, УЗИ өткізіліп, мамандардын қабылдауында болды. Тізім: Жайнаков Нурдаулет Қызайбекович 1964 ж. Смагулов Канатхан Молдахметович 1966 ж. Габдушев Тлеген Нигметович 1963ж. Смагулова раушан Жумахановна 1967ж. […]

Халықтың МӘМС бойынша хабардарлығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді

Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 24.11.2022 ж. Алмалы ауданы әкімдігінің және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының мамандарымен бірлесіп МӘМС мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бекжанованың, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж. Б. Кенжебаеваның басшылығымен өткізілді. Іс-шараны өткізу кезінде МӘМС […]

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру

Бүгін №8 қалалық емхананың ұйымдастыруымен «Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде, емхананың бас дәрігері Фарида Агибаеваның, Алматы қаласы мәслихат депутаты Асия Аканованың және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы қалалық филиалының мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық […]

Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып

Алматы қ. ҚДСБ «№8 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК 22 қазан күні – Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын ұлттық мереке болғандықтан, емхана бас дәрігері Ф.А.Агибаева жиналған медицина қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде емхананың бас дәрігері емханадағы жетістіктерді атап өтіп, сол жетістіктерге жетуге өзі үлесін қосқан қызметкерлерді Қазақстан […]

СУЫҚ ТИЮДІҢ АЛДЫН АЛУ

КҮЗ КЕЛДІ! Яғни, салқын ауа-райына байланысты суық тию аурулары басталады деген сөз. ТҰМАУ МЕН ЖРВИ АЛДЫН АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Сырқаттанып қалған адамдармен аз сөйлесуге тырысып, маска киіп жүру қажет. Тұмау тек ауа тамшыларымен ғана берілмейтінін ескерген жөн, бұл байланыс жолы болуы мүмкін, яғни бұл есік тұтқалары, қоғамдық көліктің тұтқалары арқылы берілуі мүмкін, сондықтан […]

Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады?

Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады? Дербес төлеушілер МӘМС-ке ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. 2022 жылы бұл сома 3000 теңгені құрайды. Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеудің екі балама әдісі бар. МӘМС жарналарын ай сайын төлеңіз. Бұл ретте, егер пациенттің алдыңғы 12 ай үшін берешегі болса, оны өтеу қажет. Келесі 12 ай […]

Жолдауын талқылау мақсатында Аманат партиясының мүшелерімен бірлесек іс-шара өткізілді

2022 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласа №8 Қалалық емхана ұжымында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» Жолдауын талқылау мақсатында Аманат партиясының мүшелерімен бірлесек іс-шара өткізілді. Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге «AMANAT» партиясы Алмалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «KazComfort» ЖШС директоры Асабаев Махамбет Қайпназарұлы, Алматы қ. […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Алмалы ауданындағы №8 қалалық емханада 7 қыркүйек 2022 жылы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Президенттің бұл жолғы жолдауы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға және таяу болашақта іске асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларға арналған. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны […]

Білім күні дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте атап өтіледі

Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушылар, студенттер және барлық педагогикалық ұжым үшін көптен күтетін күн. Бүгін, Алматы қ.ҚДСБ «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгін мектеп сендерге есігін айқара ашып отыр, онда білім алып, жарқын оқиғаларды бастан өткересіңдер, достарың пайда болады және […]

Құрметті Алматы қаласының тұрғындаоы!

Алматы ауданында “комирнати” (пфайзер) екпесінің екінші компонентін егу №8 алалық емханасында өтутіндігін хабарлаймыз…

19 маусым – Медицина қызметкері күні

Медицина қызметкерлерінің еңбегі – бұл адамдар және олардың игілігі үшін қызмет ету болып табылады. Медицина қызметкерлері адамға берілген ең үлкен құндылықтар – өмір мен денсаулықты жанқиярлықпен қорғайды. Қай заманда, қандай қоғамда болмасын медицина қызметкерлері қашанда қадірлі, сыйлы болған. Жыл сайын Қазақстан Республикасында Медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2022 жылы мереке 19 маусымға […]

Референдум

Қазахстанда 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты бүкілхалықаралық референдум өтетіні баршамызға мәлім. Осыған орай түсіндіру және қолдау білдіру мақсатында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ №8 қалалық емханада жиын өтті. Іс-шараға медицина қызметкерлері қатысты. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан Ата Заңға енетін өзгерістер жалпы халықтың қатысуымен өткелі тұр. Осыған орай медицина […]

12 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ

Кеше, 12 мамырда Алматы қаласының №8 емханасында Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл ең мейірімді мамандық өкілдерінің еңбегін атап, оларға алғыс айтып, кәсіби мерекемен құттықтап қана қоймай, осы мамандықтың қазіргі медицинада қаншалықты өзекті және сұранысқа ие екендігіне назар аударуға себеп болды. «Мейірбикелер күні» мерекесінің пайда болу тарихы 19 ғасырдан бастау алады. Бұл күні […]

Ел басына қиын-қыстау күн туды

Ел басына қиын-қыстау күн туды. Әлеуметтік мәселелерді арқалап алаңға швққан қарапайым халықтың Бейбіт шеруін пайдаланған лаңкестер ел тыныштығына қол сұғып,қатыгездік әрекеттерге барды. Мемлекеттік мекемелерді бүлдіріп,құқық қорғау қызметкерлері мен әскерилеріміздің жағасына жармасып,тонап кісі өлтіру сияқты қатыгездіктерге жол берді.Міне , осынау қиын да сын сағатта Президентіміз халыққа өз үндеуін жолдап, абдыраған жұртын сабырға шақырып,бұл сын-қатерді де бірлігіміз […]

Біздің еліміз өзінің тәуелсіздігін және бейбіт өмірге қол сұғылмаушылығын дәлелдеді

Бірнеше күн бұрын тәртіпсіздіктерге толы Елде тыныштық қалпына келді. Президенттің нақты және ойластырылған шешімдерінің арқасында қазақстандықтар өздерінің қорғалуы мен қауіпсіздігін сезіне алды. Біздің еліміз өзінің тәуелсіздігін және бейбіт өмірге қол сұғылмаушылығын дәлелдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың дана басшылығымен және оның ұмтылыстарына қолдау көрсете отырып, алдағы экономикалық және әлеуметтік реформалар Қазақстанның бейбітшілік пен келісімде одан әрі дамуына мүмкіндік […]

“№8 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА” ШЖҚ КМК ӘКІМШІЛІГІ ШЫНАЙЫ ЛЕБІЗІН БІЛДІРЕДІ

“№8 қалалық емхана” ШЖҚ КМК әкімшілігі террористердің қолынан қаза тапқан күш құрылымдарының қызметкерлерінің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады. Олар Қазақстандағы бейбітшілік пен тыныштықты қорғау бойынша өз борыштарын абыроймен орындады. Біз бүкіл елмен бірге қайғырамыз. Бұл батырлар туралы жарқын және мәңгілік естелік халқымыздың жүрегінде мәңгі қалады.

Жаңа жыл құтты болсын 2022!

Құрметті алматылықтар, жаңа 2022 жылмен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ол барлығына бақыт, денсаулық, тілектердің орындалуы мен барлық бастамаларына сәттілік әкелсін. Сізге жақындарыңыздың әрқашан жанында болуын және сіз де, олар да ауырмауын тілейміз. Бұл жаңа жыл қуанышты және жарқын сәттер мен әл-ауқатқа толы болсын. Біз азаматтарды уақытылы, сапалы, кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Біздің жұмыс Қазақстан […]

Алматы қаласының 8 Қалалық емханасы Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен вакцинациялауға шақырады.

Бұл вакцинаны кім тегін ала алады Жүкті әйелдер 16-дан 37 аптаға дейін Лактация кезіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен 2 жасқа дейін). 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар. Вакцинация кезінде жасөспірім 17 жас және 11 айда болса, ол Pfizer ала алады. Вакцинация күн сайын (демалыссыз) № 8 Қалалық емханада Түркебаев көшесі, 40 ғимарат, […]

Алматы дәрігерлері ревакциналаудың ұжымдық иммунитетті күшейтетініне сенімді

Алматы Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қарашаның үшінші онкүндігінде басталатын азаматтарды қайта вакциналау туралы айтып берді. Э. Ибрагимованың айтуынша, Алматы дәрігерлері халықты коронавируса қарсы вакцинациялау идеясын қолдайды: әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптаспаған, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, инфекцияның одан әрі таралу қаупі бар. Ол COVID-19 оңай өзгеріп, мутацияланатынын […]

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да 12 мамыр – халықаралық медбикелер күні атап өтілді.

2021 жылғы 12 мамырда №8 Қалалық емханада әлем бойынша 150 жылдан астам уақыт бойынша атап өтілетін Халықаралық медбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, шектеулі жағдайда өтті. Осындай мерекелі күнде пандемияның салдарынан болған елдегі күрделі ахуалға байланысты тұрғындардың денсаулығын барынша сақтап қалуға тырысып, өзіне артылған сенімге селкеу түсірмей, күн- түн […]

Мәртебелі мамандық иесі – медбикелер

2021 жылғы 12 мамырда №8 Қалалық емханада әлем бойынша 150 жылдан астам уақыт бойынша атап өтілетін Халықаралық медбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, шектеулі жағдайда өтті. Іс-шараға Алмалы аудандық медициналық ұйымдарының сонымен қатар Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы медбикелерге өздерінің құттықтау сөздерін білдірдіп,құттықтап, алғыс хат […]

COVID-19 бойынша тұрғындар үшін ЖАДЫНАМА

ЖАДЫНАМА COVID-19 – бұл коронавирус тұқымдасының соңғы табылған вирусынан туындаған жұқпалы ауру. COVID-19 көп таралған белгілеріне дене температурасының көтерілуі, құрғақ жөтел және әлсіздік жатады. Сирек кездесетін белгілеріне тамақтың ауруы, буын және бұлшықеттің ауыруы, мұрынның бітелуі, бас ауруы, диарея, дәм мен иіс сезудің жоғалуы, аяқ және қол саусақтары терісінің бөртуі немесе түсінің өзгеруі, конъюнктивит жатады. Әдетте, […]

COVID-19 туралы не білуіміз керек?

Коронавирустық инфекция (COVID-19) — SARS CoV-2 коронавирус түрінен жаңа вирустар штаммынан туындайтын жіті инфекциялық ауру, COVID-19 аэрозольды-тамшы және контактілі-тұрмыстық жолмен беріледі. Короновирустық инфекция: ешқандай белгілерсіз (симптомдардың болмауы); жеңіл респираторлық симптомдардың байқалуымен; кейіннен улану, қантамырларының, өкпенің, жүректің, бүйректің, АІЖ зақымдануымен, асқынулардың даму қаупімен ауыр түрде өтуі мүмкін. Емханада короновируспен (COVID-19) күресу үшін мобильдік топ құрылған. Егер […]

Құрметті қала тұрғындары назар аударыңыздар!!!

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс-орталығы құрылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады. Бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқасаңыз, […]

Қартттарым асыл қазынам

ЖШҚ №8 қалалық емхана қызметкерелері «Қарттарым асыл қазынам» аттты қалалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде ат салысуда. Осы іс шара аясында 15.10.2019ж. қарттарға арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Денсаулықтары сыр берген қарияларға дәрігерлік ақыл-кеңестер беріліп, дәрігерлік қамқорлықты қажет ететіндерге емханаың күндізгі емдеу бөлімдеріне жолдама берілсе, кейбіріне ауруханалар мен шипажайда денсаулықтарын жақсарту жөнінде кеңес берілді. Емханамыздың медициналық […]

Ықыласқа дән риза болды

Алмалы ауданына қарасты ЖШҚ № 8 қалалық емхана ұжымы да Қарттар күніне орай өткізіліп жатқан «Қарттарым қазынам» атты қалалық қайырымдылық акциясына өз үндерін қосуда. Емхана есебінде 900 жасы сексеннен асқан және жастары жүзге жақындаған 35 қарттар есепте тұрады. Қарттардың денсаулығына, олардың үйдегі күтіміне учаскелік отбасы дәрігерлері ұдайы көңіл бөліп, денсаулықтарын бақылап отырады. Ал емхана дәрігерлерінің […]

Бірыңғай жиынтық төлем азаматтарға не береді?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді. Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады. БЖТ […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

05.09.2019 жылы Алматы қаласы №8 қалалық емхананың алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері емханаға келушілерге кезекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы ақпараттық – түсіндіру жұмысытарын жүргізді. “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді анықта” атты акциясын өткізді. Бұл акцияның мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпаратты әр пациентке жеткізу. Медицина қызметкерлері […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Әлеуметтік әділдік және ынтымақтастық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидасы. Әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік енді адамға, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктелген. Қаражат медициналық сақтандыру принциптеріне сәйкес, ортақ жауапкершілік негізінде төленетін болады. МӘМС әлеуметтік әділдік принципіне қарамастан табыстық шегерімдер мөлшерін сапалы денсаулық сақтау үшін барлық сақтандырылған тұлғаларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әр адам […]

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді? МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін, салық органдарында тіркелген жұмыскерлер […]

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Медицина – адамның денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Отандық медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Атап айтатын болсақ медицинамызда ерекше өзгерістің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу. Қазақстан Республикасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушыларға […]

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРА

Міндетті медициналық сақтандыру 2017 жылы Қазақстанда басты енгізулердің бірі болды. Медициналық сақтандыру көптеген жылдар бойы санатта ерікті түрде жүзеге асырылған болса, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу өзімен бірге орасан зор өзгерістер алып келді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі. Өйткені әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру […]

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде №8 Қалалық емхана медбикелері МӘМС мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күн сайын жүргізуде. Әсіресе емхана маңындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде тұрғындар үшін көрнекілік парақшалар мен ақпараттық жарнамалар таратылып, тұрғындардың көкейіндегі өзекті сұрақ – “МӘМС жарнасынан кім босатылады” деген басты сұраққа жауап берілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. 11-ші шілде күні №8 Қалалық емхана медбикелері А.Б. Ортай мен А.Д. Қосаева емхана аумағындағы көшелерде тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру, ақпарат беру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша іс-шара

10.07.2019 жылы Алматы қаласы №8 Қалалық емханасының «Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек» бөлімінің қызметкерлері «Maxima» ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысы кезінде МӘМС – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі болып табылатындығы жеткізілді. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, […]

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтарын насихаттау мақсатында 02.07.2019 жылы Алматы қаласы «№8 Қалалық емхананың» Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындар 2020 жылдан бастау алатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы ақпараттар ала алды. Медициналық сақтандыру қорына жарналар […]

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары

Медицина – адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Отандық медицинамызда ерекше озгерістердің бірі – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшу. Осыған орай, 01-шілде күні №8 Қалалық […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өту – уақыт талабы

Кейде өзін саумын деп санайтын адамның өзі медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан мемлекет кезең-кезеңмен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (бұдан әрі – МӘМС) енгізуде. МӘМС қалай жұмыс істейді? МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек көрсету Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен жүзеге асырылатын болады. Мемлекет Қорға халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы үшін жарна төлейді, жұмыс […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

№8 Қалалық емхана қызметкерлері арасында бөлім меңгерушісі Ж.Ж.Сейдалиева МӘМС жұмыстары жайлы семинар өткізді. Семинардын мақсаты медицина қызметкерлерін МӘМС жайлы тұрғындарға ақпарат беру мен сұрақтарына тұжырымды жауап беру дағдыларына үйрету. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. […]

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу

18.06.2019 ж. №8 Қалалық емхана қызметкерлері арасында бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын деструктивті діни ағымдар, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу сияқты мәселелер бойынша ақпарат беру мақсатында ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, PhD доктор А.Д. Шагирбаевтың қатысуымен семинар өткізілді. Қызметкерлер аталған тақырып бойынша мазалаған […]

Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесіндегі негізгі қағидаларды түсіндіру науқаны

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы іс-шара

Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы жұмыс істейді. Атап айтатын болсақ, Түркия, Германия, Жапония елдері әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) моделін қолданып келеді. Аталған елдерде медицина өте жоғары деңгейде дамыған. Қазақстан Республикасы МӘМС 2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып енгізуді жоспарлаған. Сарапшылар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырудың (бұдан әрі МӘМС) тиімділігі денсаулықты қорғау мәселелеріндегі мемлекеттің, жұмыс […]

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген ақпараттық-түсіндіру шаралары

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау барысында Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлеріне «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» арқылы қол жеткізу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін пайдалана отырып жеңіл алуға болатындығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Емхана қызметкерлері […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл тұрғындар денсаулығын жақсарту саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе. Осы жүйе барысында №8 қалалық емхананың қызмет аумағына қарасты «Жұлдыз» сауда орталығында халыққа МӘМС жүйесіне қатысушы қандай медициналық қызмет түрлерін ала алатындығы, мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыруға кім үшін жарна төлейтіні, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар […]

Құрметті алматылықтар!

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі. Біздің еліміздің болашағы Сіздің дауысыңызға байланысты. Өзіңізді және жақындарыңызды сайлаушылар тізімінен дәл қазір тексеріп көріңіз! Бұл мүмкіндік туралы өзгелерге айтып беріңіз! Өту үшін сілтеме: https://www.almaty.gov.kz

Сау болу – сәнді!

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Осыған орай салауатты өмір салтын насихаттау барысында №8 Қалалық емханада «Ашық есік» күні өтті. Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8 – 10% – ын ғана құрайды. Көптеген басқа факторлар яғни экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез – құлық […]

Хабарландырулар Ашық есік күні!

Құрметті тұрғындар! 04.04.2019 ж. Денсаулық күніне орайластырылып невропатолог, гинеколог, диетолог, кардиолог, ревматолог және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің педиатр, пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, Қазақ-Ресей медициналық университетінің балалар невропатологы мамандарының қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК Жалпы тәжірибелік дәрігер кабинет №101/1 Кардиолог кабинет №429/2 Невропатолог кабинет […]

«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»

Өз сөзінде Мемлекет бас¬шысы Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне өткенін ерекше атап өтті. Ел Президенті алдағы 10 жыл мемлекетіміздің дамыған 30 ел қатарына қосылуы үшін шешуші кезеңге айналатынын баса айтты. Біздің басты басымдығы¬мыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстан¬ды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту. Елбасымыз азаматтардың лайықты өмір сүру […]

«Жүрегіңе қамқор бол!» Ашық есік күні

Құрметті тұрғындар! 14.03.2019ж. Жоғары санаттағы дәрігер кардиолог А.Б. Менлибаеваның қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында барлық тұрғындар дәрігер кардиолог кеңесін ала алады, қан қысымын және қандағы холестеринді өлшей алады. Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК №106 кабинет. Өткізу күні: 14.03.2019.ж. Өткізу уақыты: сағат 09.00 – 12.00-ге дейін.

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» СЕМИНАРЫ

“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында 06.03.2019 ж. Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» туралы «Цифрлық сауаттылықты арттыру» атты ақпаратты-танымдық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін […]

Хабарландыру Ашық есік күні!

Құрметті тұрғындар! 06.03.2019ж.  Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға арналған дәрігер хирург, гинеколог, репродуктолог, диетолог, кардиолог және С.Д. Асендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, ревматолог, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің невропатолог, эндокринолог мамандары қатысауымен ашық есік күні өткізіледі. Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК Жалпы тәжірибелік дәрігер кабинет №101/1; […]

«Наурыз» мерекесі қарсаңында «Ашық есік күні» акциясы

Құрметті тұрғындар! 19.03.2013 «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған хирург, уролог, гинеколог, диетолог және Д.С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, ревматолог, педиатр, балалар хирург мамандарының қатысуымен ашық есік күні өткізіледі Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК1 қабатта: Жалпы тәжірибелік дәрігер, СӨС маманы, психолог №101/1; Балалар хирургы кабинет №101/6; Невропатолог […]

Пациенттердің құқықтары

Пациент құқылы: диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне; қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға; дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау […]

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша Жол картаның шеңберінде Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК Медициналық ақпараттық жүйеге өтуді жүзеге асырмақ. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижелілігін арттыруға және халықтың медициналық…

0 comments

Менингококты инфекцияны алдын-алу

21 – ші мамыр күні №58, 167, 67 орта білім беру мектептерінде №8 қалалық емхана мектеп мейірбикесі жалпы медицина факультеті 4 курс, 047к – 1,2 топттарының студенттерімен қазіргі «Менингококкті инфекцияның» таралуына байланысты оқушылар арсында тексеру жасап, инфекцияның клиникасын түсіндіріп, сақтану…

0 comments

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара

2018 жылғы 04 мамырда Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай Алмалы ауданының медициналық ұйымдары Қалалық кардиологиялық орталық және №8 Қалалық емхананың базасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін салтанатты іс-шара ұйымдастырды…

0 comments

Вакциналар Сізді және айналаңыздағы адамдарды қауіпті аурулардан қорғау үшін жұмыс істейді!

2018 жылғы 23 сәуірден бастап 29 сәуір аралығында өткізілген Бүкіләлемдік иммундау апталығында Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК мектеп мейірбикелері №62, 74, 167 білім беретін мектептерінің оқушылары арасында вакцина егу арқылы белсенді түрде иммундық профилактика жүргізді.

0 comments

Вакцинация ең жақсы қорғаныс!

Еуропалық иммундау апталығының шеңберінде мектеп мейірбикесі «Вакцинация ең жақсы қорғаныс!» тақырыбында №75 мектеп оқушыларымен оқыту семинарын өткізді, балаларға анимациялық танымдық бейнероликтер көрсетілді.

0 comments

Қызметкерлерге арналған семинар

2018 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонолог маманы С.М.Ералиев №8 Қалалық емхананың қызметкерлері үшін «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы кезіндегі бронхолитикалық терапия: тағайындау критерийлері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

0 comments

Үздік мейірбике!

12 мамыр – бүкіл әлемде мейірбикелер атап өтетін Халықаралық мейірбикелер күні болып табылады. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілейтін осы жылдың ұраны – «Мейірбике: кәсіби даму траекториясы» деп аталды.

0 comments

Біз таза қала үшін!

2018 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік кезінде 40 метр арық желілері, 36,02 шаршы метр аумақ тазартылды, шамамен 15 көшет және 185 гүл отырғызылды.

0 comments

Бүкіләлемдік денсаулық күні

7 сәуірде Бүкіләлемдік денсаулық күні және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығы атап өтіледі. Осы жағдай бойынша, Алматы қаласының №8 Қалалық емханасында Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өткізілді.

0 comments

Наурыз мейрамы

2018 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың ауласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Емхананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстар өткізілді.

0 comments