Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген ақпараттық-түсіндіру шаралары

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау барысында Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлеріне «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» арқылы қол жеткізу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін пайдалана отырып жеңіл алуға болатындығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Емхана қызметкерлері емделушілердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кейбір емделушілердің E-gov электронды порталы арқылы дәрігерге жазылу және үйге шақырту қызметтеріне ұсыныс беру жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті.