Құрметті келушілер!
Алматы қ. ҚДБ «№ 8 Қалалық емхана» ұжымының атынан Сіздерді біздің ресми сайтымызда көруге қуаныштымыз!
Сіздің денсаулығыңыз – алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің басты басымдығы.
Біздің қызметтер пациент пен отбасы денсаулығына бағытталған. Білікті мамандар тобы ересектерге де, балаларға да өз ісіне шынайы қамқорлықпен, ұқыптылықпен және қайырымдылықпен медициналық көмек көрсетуге әрқашан дайын. Егер сіздің денсаулығыңызда қандай да бір мәселелер болса, дереу дәрігерлердің консультациясына жүгінуді сұраймыз. Өз біліміміз бен тәжірибемізді пайдалана отырып, біз сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіруге және сақтауға бар күшімізді саламыз.
Сонымен қатар, өз денсаулығыңызға мұқият қарауға, профилактикалық және диспансерлік тексерулерден уақтылы өтуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Біздің ресми сайтта емхананың құрылымы мен қызметі, медициналық қызметтер, медициналық кадрлар, нормативтік-құқықтық актілер, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала аласыздар деп ойлаймын.
Денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы Сізді толғандыратын мәселелерді талқылауға қуаныштымыз. Кері байланыс арқылы байланысып отыру Сізге пікір алмасуға, емхананың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Біз бірге жұмыс сапасын жақсартып, қол жетімді медициналық көмек деңгейін көтере аламыз, қоғамымызды сау және бақытты ете аламыз.
Біз Сіздерді Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымыздан көруге қуанышты боламыз.
Сіздерге құрметпен, Жанар Амантаевна Мухамеджанова – Алматы қаласы ҚДБ «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК бас дәрігері.