Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру

Бүгін №8 қалалық емхананың ұйымдастыруымен «Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде, емхананың бас дәрігері Фарида Агибаеваның, Алматы қаласы мәслихат депутаты Асия Аканованың және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы қалалық филиалының мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Кездесуге емхана қызметкерлері қатысты, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиын соңында сауалнама жүргізілді.