Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Алмалы ауданындағы №8 қалалық емханада 7 қыркүйек 2022 жылы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Президенттің бұл жолғы жолдауы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға және таяу болашақта іске асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларға арналған.

Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылданғанын атап өтті. «Екі жыл ішінде қазіргі кезде медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталады. Осылайша мемлекет миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді. Бұл төрт миллионнан аса азаматымыз үшін медициналық қызмет сапасын арттырады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бұл-өте өзекті мәселе. Біз, дәрігерлер, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ат салысуымыз қажет. Сонымен қатар «Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», деді Мемлекет басшысы. Президентің айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып отырғандар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі.

Сондай-ақ Қазақстан президенті «Ұлттық қор-балаларға» деген бағдарлама ұсынды. «Сол себепті өзім жариялаған Балалар жылы аясында “Ұлттық қор – балаларға” атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ін балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударуды ұсынамын. Бұл ретте оны мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды», – деді Қ.Тоқаев. Бала кәмелетке толғаннан кейін арнайы шотта жиналған ақша баспана сатып алуға және білім алуға беріледі. “Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді”, – деп санайды мемлекет басшысы. Тоқаев Ұлттық қор шынымен ұлттық деген мәртебеге ие болып, халықтың мүддесіне қызмет ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000-нан 70 000 теңгеге дейін өсетінін хабарлады.
Жолдауда көтерілген ең ерекше әрі маңызды жаңалық – ел Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы. Себебі нақты реформаны бастап, жүзеге асыру үшін жеті жыл – жеткілікті уақыт. Одан кейін мәслихат пен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау науқанында аренаға жаңа кадр, жас буын көбірек шығады деп күтемін. Бізде әлемдік деңгейде білімді, сапалы жастар бар. Халықтың мұң-зарын тыңдай білетін жастар бар. Жаңа толқын депутаттары арасында солардың үлесін молырақ көргім келеді деді,- президент.

Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біз жұмыс істеуіміз керек. Жүзеге асыратын өзіміз. Рас, сөзден іске көшу керек.

Семинар барысында сөз алған бас дәрігер Агибаева Фарида Абубакирқызы Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біз жұмыс істеуіміз керек.Жүзеге асыратын өзіміз. Рас ,сөзден іске көшу керек.