19 маусым – Медицина қызметкері күні

Медицина қызметкерлерінің еңбегі – бұл адамдар және олардың игілігі үшін қызмет ету болып табылады. Медицина қызметкерлері адамға берілген ең үлкен құндылықтар – өмір мен денсаулықты жанқиярлықпен қорғайды.
Қай заманда, қандай қоғамда болмасын медицина қызметкерлері қашанда қадірлі, сыйлы болған.

Жыл сайын Қазақстан Республикасында Медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2022 жылы мереке 19 маусымға түседі.

2022 жылғы 17 маусымда Алматы қ. ҚДБ “№ 8 Қалалық емхана” ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді, оның барысында емхананың бас дәрігері Агибаева Фарида Абубакировна қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, барлығына денсаулық тіледі, қызметкерлерге адалдығы, ықыласы мен еңбегі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.

Іс-шара аясында емхананың үздік қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға қатысушыларды белгілі “Сармат” тобы мен жас орындаушы Нұрмұхамед Дінмұхамед музыкалық туындыларымен және вокалдық қабілеттерімен құттықтап қуантты.