Ықыласқа дән риза болды

Алмалы ауданына қарасты ЖШҚ № 8 қалалық емхана ұжымы да Қарттар күніне орай өткізіліп жатқан «Қарттарым қазынам» атты қалалық қайырымдылық акциясына өз үндерін қосуда. Емхана есебінде 900 жасы сексеннен асқан және жастары жүзге жақындаған 35 қарттар есепте тұрады.

Қарттардың денсаулығына, олардың үйдегі күтіміне учаскелік отбасы дәрігерлері ұдайы көңіл бөліп, денсаулықтарын бақылап отырады. Ал емхана дәрігерлерінің бұл жолғы қарттардың үйіне келіп сәлем берулерінің жөні бөлек.

Олар қарттардың қалын сұрап денсаулық жағдайларын білумен қатар, қазан айында ғұмыр тауының сексенінші асуына жетіп отырған қарттарды Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, әрі үй жағдайында комплексті медициналық тексерулер жасап, өздерінің құрметтерін көрсетті. Дәрігерлерінің үйге келіп хал жағдайларын сұрап, мерекелік ықылас танытқандарына емханамыздың аумағында тұратын қарттарымыз дән риза.