МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін, салық органдарында тіркелген жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өздері үшін. Осылайша, қаржылық ресурстарды тиімді бөлу қағидаты әрекет етеді.

МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары:

  • жан-жақтылық;
  • әлеуметтік әділеттілік;
  • ынтымақтастық.
    • Қазіргі таңда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін халыққа түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай, 01.08.2019 ж. Алматы қаласы «№8 Қалалық емхана» Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері емханаға келушілерге МӘМС туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарын халыққа тарату.
      Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.