МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Медицина – адамның денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Отандық медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Атап айтатын болсақ медицинамызда ерекше өзгерістің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу.

Қазақстан Республикасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушыларға медициналық көмекті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеуді көздеп отыр. Осыған орай Алматы қаласы №8 қалалық емхананың Алдын-алу және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері 26.07.2019 жылы «MAXIMA» сауда ойын сауық орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы бірқатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Жұмыс барысында қала қонақтары мен тұрғындары МӘМС жүйесіне кімдер қатысады, Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленетін үлес мөлшері қанша, кімдерге мемлекет тарапынан жеңілдік жасалынады және тағы басқа МӘМС жүйесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап алды.