Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтарын насихаттау мақсатында 02.07.2019 жылы Алматы қаласы «№8 Қалалық емхананың» Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындар 2020 жылдан бастау алатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы ақпараттар ала алды.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, емделушілер қабылдаудан бастап дәрігердің терең тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады. Сақтандырылған азамат жеке оның электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көру мүмкіндіктері қарастырылған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс жасайтын болады?

Жарналар жасалған болса, азамат автоматты түрде сақтандырылған болады. Осылайша, сақтандыру жарналарының ең төменгі мөлшерімен қызметтердің барлық пакетіне қол жеткізе алады. Қор-өз кезегінде, белгілі бір талаптарға сай медициналық қызметтер жеткізушілерімен келісім-шарттар жасап, медициналық көмектің сапасын қатаң бақылай алады.

Қатысушылардың міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыруға төлеген барлық қаражаттары әлеуметтік медициналық сақтандыру (ӘМСҚ) қорына жинақталатын болады. Қор қол қойылған келісім-шарттың шарттарына сәйкес медициналық қызметтер жеткізушілерге төлемдер жасайды. Медициналық сақтандыру жүйесінің мүшелері жеке табыстарына және қорға жинақтаған қаражат көлеміне қарамастан, тең қызметке қол жеткізе алады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаториялық тегін қамтамасыз етіледі және күндізгі күтім, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция, т.б. кіреді;
  • мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішіне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін ауруларды емдеу кіреді;
  • жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі;
  • жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетіледі;
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаторлық медициналық көмек көрсету кезінде;
  • медбике күтімі – ауру нәтижесінде тұрақты үй көмегіне мұқтаж немесе өздері қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көмек көрсету
  • Паллиативтік – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған. Жұмыс барысында тұрғындарға ақпараттық-біліми материалдар таратылды.