Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары

Медицина – адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Отандық медицинамызда ерекше озгерістердің бірі – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшу.

Осыған орай, 01-шілде күні №8 Қалалық емхана мейірбикелері А.Е.Тастанбаева мен Н.Е.Құдайбергенова емхана жанында орналасқан сауда орталықтарының сатушылары мен келуші тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы бірқатар түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жұмыс аясында тұрғындар МӘМС жүйесіне кімдер қатыса алады, Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленетін үлес мөлшері қанша, кімдерге мемлекет тарапынан жеңілдік жасалынады және тағы басқа МӘМС жүйесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап ала алды.