Жедел ішек Инфекциясының алдын алу жөнінде Кеңестер

Қарапайым Кеңестерді ұстану Сіз бен отбасыңыздың Денсаулығын сақтайды!

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) – Ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. ЖІИ қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта,суда,сондай-ақ қасық,тәрелке,есіктің тұтқасы,ойншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда,сүтте,сүтті өнімдерде,салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

Негізгі белгілері:

  • Іштің ауыруы;
  • Құсу,іш өту;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Әлсіздік,тәбеттің төмендеуі.

Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады,соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып,жүректің, тамырлардың,бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалса,өздігіңізден емделмей,жедел медициналық көмекке жүгініңіз!

Табиғатта белсенді,салауатты демалысты өткізу үшін ұсынылады:

  • Азық-түлікті арнайы дүкендер мен базарлардан сатып алыңыз.
  • Тез бұзылатын азық-түлектер:сүт пен сүт өнімдерін, етті,кремді кондитерлік өнімдерді,дайын және араластырылған салатты өзіңізбен бірге алып шықпаңыз.
  • Ірі еттерді,құстың етін,жұмыртқаны әбден қайнатыңыз және қуырыңыз.
  • Қолданар алдында көкөністерді, жеміс-жидектерді жақсылап жуыңыз.
  • Ауыз суын немесе қайнатылған суды тұтыныңыз.Су қоймаларындағы суды пайдаланбаңыз.
  • Қолыңызды жуыңыз немесе бактерияға қарсы әсері бар/зарарсыздандыратын дымқыл майлықты қолданыңыз.

Денсаулығыңызды күтіңіз!