2. 2015 жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жастағы халықты қызылшаға қарсы қосымша егу

Қызылшаға қарсы қосымша егу қызылша ауруынан және мынадай асқынулардан қорғайды:

  • Соқырлық
  • энцефалит (бас миының ісігін болдыратын жұқпа), алдағы уақытта ол жадының нашарлауына, ақыл-ой кемтарлығын, психиканың бұзылуына апарып соғады;
  • қатты су аздығымен қиын диарея;
  • құлақ жұқпалы ауыруы;
  • пневмония сияқты ауыр респираторлық жұқпалары.

Жиі берілетін сұрақтар:

1. Қосымша егу қашан өткізіледі?
15-19 жастағы халықты қызылшаға қарсы қосымша егу барлық Қазақстан аумағында 2015 жылдың 1 қазанынан бастап өткізіледі.

2. Қосымша егу неліктен өткізіледі?
Республикамызда қызылша ауруының тарауы жалғастырылуда. Егілмеген немесе толық егілмеген адамдардың топтары бар. Бұл бірігші кезекте балаларын егуден бас тартқан ата-аналар санының ұлғаюына байланысты. Қызылшадан қорғалудың бір ғана тәсілі егу жасау болып табылады.

3. Қосымша егуді өткізу Қазақстанда қызылшаға қарсы жоспарлы егуді өткізу тиімсіз екендігін білдіреді ме?
Жоқ, жоспарлы егу тиімді. Жоспарлы егу арқылы республикамызда соңғы жылдары он мыңдық жағдайлардан бірлік жағдайларына төмендеді. Солай, 2005 жылғы қызылша тарауында 16 мығнан астам жағдайлар тіркелгенде қосымша егу жасаған арқылы ғана тоқтатылды. Әр қосымша доза иммунитетті нығайтады.

4. 15 жастан 19 жасқа дейінгі тұлғаларды неліктен егеміз?
Қызылша ауруының жоғары өсуі 15 жастан жоғары халық арасында белгіленді. Ең әлжуаз тұлғалар контингенті 15-19 жастағы мектеп оқушылары, ЖОО/ООО студенттері, әскерге шақырылғандар және де қызылша ауруын жұқтырудың және таралудың ұйымдастыру ұжымдарында тұрақты болып табылатын тұлғалар.

5. Жасөспірімдер қызылшаға қарсы қайда егіледі?
Қосымша егу денсаулық сақтаудың аумақтық ұйымдары егу пунктілерінде өткізіледі (ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, учаскелік және орталық аудандық, қалалық ауруханалар мен емханалар) және білім беру ұйымдары (мектептер, ООО мен ЖОО).

6. Егуге төлеу керек пе?

Жоқ, қызылшаға қарсы егу тегін болып табылады.

7. Қызылшаға қарсы егу туралы қосымша ақпаратты қайдан ала аламын?
Қосымша ақпаратты Сіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма мен департаментінің, денсаулық сақтау басқармасы мен Сіздің аумақтық емханаңыздың (амбулаторияңыздың) сайттарынан және сенім телефондары бойынша біле аласыз.

8. Қызылша дегеніміз не?
Қызылша – вируспен шақырылатын жұқпалы жіті ауруы. Қызылшаның сипаттары – жоғары дене қызуы, денедегі бөртпе, жөтел мен бас ауруы да болуы мүмкін.

Қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болғанда қызылшаға егілмеген барлық тұлғалар ауырады. Аурудың ауыр салдарынан қайтыс болу жағдайлары да болуы мүмкін.

9. Қызылша қалай таралады?
Қызылша вирусы науқастан сау адамға сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде, мұрын мен көмейден шырыштың шыққанында тура немесе тура емес байланыс арқылы табысталады, жұқпасы бар үй жайдан шыққан кейін де жұқтырылуы мүмкін.

10. Қызылшаны қалай болдыртпау керек?
Қызылша тек ғана қызылшаға қарсы егу арқылы болдыртпалуы мүмкін.

11. Қызылшаға қарсы егу қауіпсіз болып табылады ма?
Иә, қызылшаға қарсы егу қауіпсіз және тиімді болып табылады, ол халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен қызылшаның алдын алуы үшін ұсынылады. Егуді өндіру халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Қызылшаға қарсы егу әлемнің 45 елінде қолданылды, соның ішінде Ұлы Британияда, Ресейде, Швейцария мен Нидерландыда, Францияда, Германияда және Еуропаның басқа да елдерінде.